Об утверждении Правил осуществления обследования обеспечения защищенности процессов хранения, обработки и распространения персональных данных ограниченного доступа, содержащихся в электронных информационных ресурсах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил осуществления обследования обеспечения защищенности процессов хранения, обработки и распространения персональных данных ограниченного доступа, содержащихся в электронных информационных ресурсах
- Атауы (қаз.)
- Электрондық ақпараттық ресурстардағы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуге зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 156/НҚ
- Қабылданған күні
- 30.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2025 156616_754635.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100022689
- ЭКБ идентификаторы
- 156616
- Редакция идентификаторы
- 156616_754635
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:17
0 Электрондық ақпараттық ресурстардағы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуге зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-1 бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 269) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Электрондық ақпараттық ресурстардағы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуге зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
0 Электрондық ақпараттық ресурстардағы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуге зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 156/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Электрондық ақпараттық ресурстардағы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуге зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Электрондық ақпараттық ресурстардағы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуге зерттеп-қарауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-1-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Республиканың цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 269) тармақшасына сәйкес әзірленді және электрондық ақпараттық ресурстардағы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуге зерттеп-қарауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) дербес деректерді қамтитын базаның меншік иесі (бұдан әрі – меншік иесі) – дербес деректерді қамтитын базаны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын іске асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға;
2 2) дербес деректерді қамтитын базаның операторы (бұдан әрі – оператор) – дербес деректерді жинауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға;
3 3) дербес деректерді қорғау – Заңда белгіленген мақсаттарда жүзеге асырылатын шаралар, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешені;
4 4) дербес деректерді өңдеу – дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесiздендiруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған iс-әрекеттер;
5 5) дербес деректердi тарату – жасалуы нәтижесінде дербес деректер берілетін, оның ішінде масс-медиа арқылы берілетін немесе қандай да бiр өзгеше тәсiлмен дербес деректерге қол жеткізу ұсынылатын іс-әрекеттер;
6 6) қолжетімділігі шектеулі дербес деректер – Қазақстан Республикасының заңнамасымен қолжетімділігі шектелген дербес деректер;
7 7) мемлекеттік техникалық қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам;
8 8) үшінші тұлға – субъект, меншік иесі және (немесе) оператор болып табылмайтын, бiрақ дербес деректердi жинау, өңдеу және қорғау бойынша олармен (онымен) мән-жайлар немесе құқық қатынастары арқылы байланысты болатын тұлға;
9
9) электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарау (бұдан әрі – зерттеп-қарау) – электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді өңдеуді, сақтауды, таратуды және қорғауды жүзеге асырған кезде қолданылатын қауіпсіздік шаралары мен қорғау әрекеттерін бағалау;
10 10) зерттеп-қарау субъектілері – электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді өңдеуді жүзеге асыратын меншік иелері және (немесе) операторлар, сондай-ақ үшінші тұлғалар.
2 2-тарау. Электрондық ақпараттық ресурстардағы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуге зерттеп-қарауды жүзеге асыру тәртібі
3 3. Зерттеп-қарау субъектілері мемлекеттік техникалық қызметке зерттеп-қарау үшін электрондық ақпараттық ресурстардағы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдаланатын, сақтайтын, өңдейтін және тарататын ақпараттандыру объектілеріне қолжетімділік береді.
4
4. Зерттеп-қарауды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 179/НҚ бұйрығымен бекітілген Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларға талдау жүргізіледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32810 болып тіркелген).