Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения государственного кадастра озоноразрушающих веществ

Бұйрық · № 207 · қабылданған 22.06.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-156695/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения государственного кадастра озоноразрушающих веществ Қолданыста Бұйрық ·№ 207 ·22.06.2021
22.06.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил ведения государственного кадастра озоноразрушающих веществ

Қолданыста Бұйрық ·№ 207 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения государственного кадастра озоноразрушающих веществ
Атауы (қаз.)
Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
207
Қабылданған күні
22.06.2021
Көрсетілген редакция
22.06.2021 156695_533619.kaz
Соңғы өзгеріс
22.06.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100023234
ЭКБ идентификаторы
156695
Редакция идентификаторы
156695_533619
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:49

0 Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрын жүргізу

қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 310-бабының 4-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидалары

Министра экологии,
геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан
от 22 июня 2021 года № 207
Бұйрығымен бекітілген
Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 310-бабының 4-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрын (бұдан әрі – Кадастр) жүргізу тәртібін айқындайды.

2 2. Кадастр олардың орналасқан жері, компоненттік құрамы, мөлшерлік және сапалық сипаттамалары, оларды пайдалану шарттары туралы деректерді қамтитын, кезеңді толықтырылатын және нақтыланатын озонды бұзатын заттарды тұтыну мен олардың айналымын есепке алу жүйесі болып табылады.

3 3. Қазақстан Республикасы тарапы болып табылатын озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасымен және оған түзетулерімен реттелетін озонды бұзатын заттардың барлық түрлері Қадастрда есепке алуға жатады.

4 4. Кадастрды әзірлеу мен жүргізуді ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

5 5. Кадастрды жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган «Қазақстан Республикасының қоршаған ортасы мен табиғат ресурстарының жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі шеңберінде жүзеге асырады.

6 6. Кадастрды жүргізу мақсаттары:

1 1) мемлекеттік органдарды, мүдделі жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге қатысты технологиялық, экономикалық, құқықтық және басқа да шешімдерді бағалау, болжау, әзірлеу үшін ақпаратпен қамтамасыз ету;

2 2) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау мақсатында озонды бұзатын заттарды жалпы мемлекеттік кешенді есепке алуды жүргізу болып табылады.

7 7. Кадастрдың жиынтық деректері ашық және қолжетімді болып табылады.

2 2-тарау. Озонды бұзатын заттардың мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібі

8

8. Кадастрды жүргізу үшін озонды бұзатын заттарды тұтынуды және олармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын және құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтар мен технологиялық қондырғылары теңгерімінде бар заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға озонды бұзатын заттарды әкелу, әкету және пайдалану туралы есепті, озонды бұзатын заттардың орнын ауыстыру, оларды өндіру және пайдалану туралы есепті, озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу бойынша есепті және озонды бұзатын заттарды түгендеу бойынша есепті тиісінше осы Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес ұсынады.

9

9. Озонды бұзатын заттарды әкелу, әкету және пайдалану туралы есеп Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына құрамында озонды бұзатын заттары бар заттар мен өнімдерді әкелу туралы ереженің (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының «Тарифтік емес реттеу шаралары туралы» 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 20 қосымша) ІІІ тарауының 15-тармағына сәйкес жыл сайын есептіден кейінгі жылғы 1 ақпанға дейін Кадастрдағы электрондық нысанды толтыру және ақпарат ұсыну үшін жауапты лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы қағаз және (немесе) электрондық тасығыштарда ұсынылады.

10

10. Озонды бұзатын заттарды өткізу, өндіру және пайдалану туралы есеп «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімді және 2015 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімге Қырғыз Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімнің 10-бабына сәйкес жыл сайын есептіден кейінгі жылғы 1 ақпанға дейін Кадастрдағы электрондық нысанды толтыру және ақпарат ұсыну үшін жауапты лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы қағаз және (немесе) электрондық тасығыштарда ұсынылады.

11

11. Озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу бойынша есеп қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 1 қаңтардағы жай-күй бойынша есептіден кейінгі жылғы бірінші тоқсаннан кешіктірмей Кадастрдағы электрондық нысанды толтыру және ақпарат ұсыну үшін жауапты лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы қағаз және (немесе) электрондық тасығыштарда ұсынылады.

12

12. Озонды бұзатын заттарды түгендеу бойынша есеп бастапқыда 1 қаңтардағы жай-күй бойынша есептіден кейінгі жылғы бірінші тоқсаннан кешіктірмей және өзгерістер енгізілген жағдайда Кадастрдағы электрондық нысанды толтыру және ақпарат ұсыну үшін жауапты лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы қағаз және (немесе) электрондық тасығыштарда қайта ұсынылады.

1 Озонды бұзатын заттардың

мемлекеттік кадастрын жүргізу
қағидаларына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғат ресурстары министрлігіне ұсынылады
Әкімшілік деректер нысаны www.ecogeo.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Озонды бұзатын заттарды әкелу, әкету және пайдалану туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-ОБЗ ӘӘП
Кезеңділігі: жылдық
Есепті кезең: 20___ жылғы «_____» ____________ жай-күй бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар шеңбері: қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тиісті кезеңге бекіткен озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерінің (квоталарының) шегінде озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден әкелуді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын, есептіден кейінгі жылғы 1 ақпанға дейін
1-кесте. Жалпы мәліметтер
Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің атауы
Бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе Жеке сәйкестендіру нөмірі
Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мекенжайы
Байланыс деректері: телефон, электрондық пошта
Негізгі қызмет түрі
(Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптағышына сәйкес коды (5 таңбалы))
Құжаттың бірегей нөмірі
2-кесте. Озонды бұзатын заттарды әкелу, әкету және пайдалану
Озон­ды бұ­за­тын заттың/ озон­ды бұ­за­тын заттар қо­спа­сы­ның нө­мі­рі
Озон­ды бұ­за­тын заттың хи­ми­я­лық ата­уы
Озон­ды бұ­за­тын заттың хи­ми­я­лық фор­му­ла­сы, қо­с­па­ның пай­ы­здық-құ­ра­уы­штық құ­ра­мы
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет но­мен­кла­ту­ра­сы бой­ын­ша та­у­ар­дың ко­ды
Әке­лу/әке­ту мақ­са­ты
Озон­ды бұ­за­тын заттар қал­ды­ғы­ның есеп­ті жыл ба­сы­на кө­ле­мі, тон­на
Өн­ді­рі­л­ген озон­ды бұ­за­тын заттар, тон­на
Озон­ды бұ­за­тын заттар­ды әке­лу
мөл­ше­рі, тон­на
озон­ды бұ­за­тын заттар­ды өн­ді­ру­ші­нің және жет­кі­зу­ші­нің ата­уы
озон­ды бұ­за­тын заттар­ды өн­ді­ру­ші­нің және жет­кі­зу­ші­нің ме­кен­жайы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
ЖИЫ­НЫ:
-
-
-
-
-
-
2-кестенің жалғасы
Озон­ды бұ­за­тын заттар­ды әке­ту
Пай­да­ла­ны­л­ған неме­се са­ты­л­ған озон­ды бұ­за­тын заттар
Озон­ды бұ­за­тын заттар қал­ды­ғы­ның есеп­ті жыл со­ңы­на кө­ле­мі, тон­на
мөл­ше­рі, тон­на
алушы­ның ата­уы
алушы­ның елі мен ме­кен­жайы
мөл­ше­рі, тон­на
озон­ды бұ­за­тын заттар­ды са­тып алушы­ның биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі неме­се же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі және ме­кен­жайы
11
12
13
14
15
16
-
-
-
Басшы немесе уәкілетті жауапты лауазымды адам (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)):
__________________________________________________
Қолы:
__________________________________________________
20__ жылғы «__» ________________
Мөр орны (бар болса)

1,1 Озонды бұзатын заттарды әкелу,

әкету және пайдалану туралы
есеп нысанына қосымша

1 1. Осы түсініктеме «Озонды бұзатын заттарды әкелу, әкету және пайдалану туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2

2. Нысан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына құрамында озонды бұзатын заттары бар заттар мен өнімдерді әкелу туралы ереженің (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының «Тарифтік емес реттеу шаралары туралы» 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 20 қосымша) ІІІ бөлімінің 15-тармағына сәйкес, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес ұсынылатын озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден әкелуді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуді лицензияның орындалуы туралы ақпарат ұсынуға бірыңғай тәсіл мақсатында әзірленді.

3

3. Нысанды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тиісті кезеңге бекіткен озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерінің (квоталарының) шегінде озонды бұзатын заттарды Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден әкелуді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына осы мемлекеттерге әкетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жыл сайын құрастырады және есепті кезең соңындағы жай-күй бойынша толтырылады.

4 4. Нысанға басшы немесе уәкілетті жауапты лауазымды адам қол қояды.

5

5. «Жалпы мәліметтер» деген 1-кестеде заңды тұлға немесе дара кәсіпкер туралы қысқаша ақпарат көрсетіледі: толық ресми атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды және нақты мекенжайы, тіркеу құжаттарына сәйкес Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптағышына сай коды, нақты байланыс деректері (телефон, электрондық пошта), озонды бұзатын заттарды әкелу/әкету оның негізінде жүргізілген рұқсат беру құжатының бірегей нөмірі көрсетіледі.

6 6. «Озонды бұзатын заттарды әкелу, әкету және пайдалану» деген 2-кестеде:

1 1) 1-бағанда «Хладагенттер. Белгілеулер жүйесі» МемСТ ISO 817-2014 халықаралық стандартына сәйкес әкелінетін/әкетілетін озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспасының нөмірі көрсетіледі;

2 2) 2 және 3-бағандарда «Хладагенттер. Белгілеулер жүйесі» МемСТ ISO 817-2014 халықаралық стандартына сәйкес әкелінетін/әкетілетін озонды бұзатын заттардың тиісті атауы және химиялық формуласы, қоспаның пайыздық-құрауыштық құрамы көрсетіледі;

3 3) 4-бағанда Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы бойынша тауардың 10 таңбалы сыныптауыш коды көрсетіледі;

4 4) 5-бағанда озонды бұзатын заттарды әкелу/әкету мақсаты, яғни көзделетін қолданылу салалары көрсетіледі;

5 5) 6-бағанда есепті жылдың басында теңгерімде тұрған озонды бұзатын заттардың қалдық көлемі туралы ақпарат (тоннада) көрсетіледі;

6

6) 7-бағанда өндірілген озонды бұзатын заттардың мөлшері туралы ақпарат (тоннада) көрсетіледі. Озонды бұзатын заттарды өндіру бойынша қызмет жоқ болған жағдайда 7-бағанда «-» сызықша қойылады. Озонды бұзатын заттарды өндіру бойынша қызмет бар болған, алайда есепті кезеңде өндіріс жоқ болған (нөлдік өндіріс) жағдайда 7-бағанда «0» нөл көрсетіледі;

7 7) 8-бағанда озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген мөлшері (тоннада) көрсетіледі. Импорттық қызмет жоқ болған жағдайда «-» сызықша қойылады. Импорттық қызмет жүзеге асырылған, алайда нақты импорт жоқ болған жағдайда «0» нөл қойылады;

8 8) 9-бағанда озонды бұзатын заттарды шетелдік өндірушінің және тиісті келісімшартта (шартта) көрсетілген тауарға құқығын беретін жеткізушінің (сатушының) толық ресми атауы көрсетіледі. Озонды бұзатын заттарды өндіруші мен жеткізуші сәйкес келген жағдайда атауы тек бір рет көрсетіледі;

9 9) 10-бағанда озонды бұзатын заттарды шетелдік өндірушінің және тиісті келісімшартта (шартта) көрсетілген тауарға құқығын беретін жеткізушінің (сатушының) толық мекенжайы көрсетіледі. Озонды бұзатын заттарды өндіруші мен жеткізуші сәйкес келген жағдайда атауы тек бір рет көрсетіледі;

10 10) 8-бағанда сызықша немесе нөл көрсетілген жағдайда 9 және 10-бағандар толтырылмайды;

11 11) 11-бағанда озонды бұзатын заттардың нақты әкетілген мөлшері (тоннада) көрсетіледі. Экспорттық қызмет жоқ болған жағдайда «-» сызықша қойылады. Экспорттық қызмет жүзеге асырылған, алайда нақты экспорт жоқ болған жағдайда «0» нөл қойылады;

12 12) 12-бағанда озонды бұзатын заттарды тиісті келісімшартта (шартта) көрсетілген тауарға құқығын алатын шетелдік алушының толық ресми атауы көрсетіледі;

13 13) 13-бағанда озонды бұзатын заттарды тиісті келісімшартта (шартта) көрсетілген тауарға құқығын алатын шетелдік алушының толық мекенжайы көрсетіледі;

14 14) 11-бағанда сызықша немесе нөл көрсетілген жағдайда 12 және 13-бағандар толтырылмайды;

15

15) 14-бағанда озонды бұзатын заттардың нақты пайдаланылған немесе сатылған мөлшері (тоннада) әрбір сатып алушы бөлінісінде көрсетіледі. Әртүрлі қажеттіліктерге меншікті пайдаланған жағдайда пайдаланылған озонды бұзатын заттардың сомалық мөлшері көрсетіледі. Егер есепті жылы озонды бұзатын заттардың ешқандай мөлшері пайдаланылмаса немесе сатылмаса, 14-бағанда «0» нөл қойылады;

16

16) 15-бағанда 14-бағанда көрсетілген ақпаратқа сәйкес келетін озонды бұзатын заттарды сатып алушының толық ресми атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды және нақты мекенжайы көрсетіледі. 14-бағанда көрсетілген әртүрлі қажеттіліктерге меншікті пайдаланылған жағдайда 15-бағанда «-» сызықша қойылады. Егер 14-бағанда нөл қойылса, онда 15-баған толтырылмайды;

17 17) 16-бағанда есепті жылдың соңында теңгерімде тұрған озонды бұзатын заттардың қалдық мөлшері туралы ақпарат (тоннада) көрсетіледі.

2 Озонды бұзатын заттардың

мемлекеттік кадастрын жүргізу
қағидаларына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғат ресурстары министрлігіне ұсынылады
Әкімшілік деректер нысаны www.ecogeo.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Озонды бұзатын заттарды өткізу, өндіру және пайдалану туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 2-ОБЗ ОӨП
Кезеңділігі: жылдық
Есепті кезең: 20___ жылғы «_____» ____________ жай-күй бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар шеңбері: қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тиісті кезеңге бекіткен озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерінің (квоталарының) шегінде озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелуді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын, есептіден кейінгі жылғы 1 ақпанға дейін
1-кесте. Жалпы мәліметтер
Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің атауы
Бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе Жеке сәйкестендіру нөмірі
Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мекенжайы
Байланыс деректері: телефон, электрондық пошта
Негізгі қызмет түрі
(Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптағышына сәйкес коды (5 таңбалы))
Құжаттың бірегей нөмірі
2-кесте. Озонды бұзатын заттарды өткізу, өндіру және пайдалану
Озон­ды бұ­за­тын заттың/ озон­ды бұ­за­тын заттар қо­спа­сы­ның нө­мі­рі
Озон­ды бұ­за­тын заттың хи­ми­я­лық ата­уы
Озон­ды бұ­за­тын заттың хи­ми­я­лық фор­му­ла­сы, қо­с­па­ның пай­ы­здық-құ­ра­уы­штық құ­ра­мы
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет но­мен­кла­ту­ра­сы бой­ын­ша та­у­ар­дың ко­ды
Әке­лу/әке­ту мақ­са­ты
Озон­ды бұ­за­тын заттар қал­ды­ғы­ның есеп­ті жыл ба­сы­на кө­ле­мі, тон­на
Өн­ді­рі­л­ген озон­ды бұ­за­тын заттар, тон­на
Озон­ды бұ­за­тын заттар­ды әке­лу/әке­ту
мөл­ше­рі, тон­на
заң­ды тұл­ға­ның неме­се да­ра кә­сіп­кер­дің ата­уы, озон қа­ба­тын бұ­за­тын заттар­ды жет­кі­зу­ші­нің есеп­тік нө­мі­рі*
жет­кі­зу­ші­нің елі, ме­кен­жайы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
ЖИЫ­НЫ:
-
-
-
-
-
-
2-кестенің жалғасы
Озон­ды бұ­за­тын заттар­ды әке­ту
Пай­да­ла­ны­л­ған неме­се са­ты­л­ған озон­ды бұ­за­тын заттар
Озон­ды бұ­за­тын заттар қал­ды­ғы­ның есеп­ті жыл со­ңы­на кө­ле­мі, тон­на
мөл­ше­рі, тон­на
заң­ды тұл­ға­ның неме­се да­ра кә­сіп­кер­дің ата­уы, озон қа­ба­тын бұ­за­тын заттар­ды алушы­ның есеп­тік нө­мі­рі*
алушы­ның елі мен ме­кен­жайы
мөл­ше­рі, тон­на
озон­ды бұ­за­тын заттар­ды са­тып алушы­ның биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі неме­се же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі және ме­кен­жайы
11
12
13
14
15
16
-
-
-
*Салық салуға жататын табыстар туралы мәліметтерді есепке алу үшін пайдаланылатын салық органдарындағы өтінім берушілердің есептік нөмірлері:
Армения Республикасы үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі (СТЕН);
Беларусь Республикасы үшін – төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН);
Ресей Федерациясы үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТСН).
Басшы немесе уәкілетті жауапты лауазымды адам (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)):
__________________________________________________
Қолы
__________________________________________________
20__ жылғы «__» ________________
Мөр орны (бар болса)

2,1 Озонды бұзатын заттардың орнын

ауыстыру, оларды өндіру және
пайдалану туралы есеп нысанына
қосымша

1 1. Осы түсініктеме «Озонды бұзатын заттарды өткізу, өндіру және пайдалану туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2

2. Нысан «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімді және 2015 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімге Қырғыз Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімнің 10-бабына сәйкес әзірленді.

3

3. Нысанды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тиісті кезеңге бекіткен озонды бұзатын заттарды тұтыну лимиттерінің (квоталарының) шегінде озонды бұзатын заттарды және құрамында олар бар өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелуді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жыл сайын құрастырады және есепті кезең соңындағы жай-күй бойынша толтырылады.

4 4. Нысанға басшы немесе уәкілетті жауапты лауазымды адам қол қояды.

5

5. «Жалпы мәліметтер» деген 1-кестеде заңды тұлға немесе дара кәсіпкер туралы қысқаша ақпарат: толық ресми атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды және нақты мекенжайы, тіркеу құжаттарына сәйкес Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптағышына сай коды, нақты байланыс деректері (телефон, электрондық пошта), озонды бұзатын заттарды әкелу/әкету оның негізінде жүргізілген рұқсат беру құжатының бірегей нөмірі көрсетіледі.

6 6. «Озонды бұзатын заттарды өткізу, өндіру және пайдалану» деген 2-кестеде:

1 1) 1-бағанда «Хладагенттер. Белгілеулер жүйесі» МемСТ ISO 817-2014 халықаралық стандартына сәйкес әкелінетін/әкетілетін озонды бұзатын заттардың (озонды бұзатын заттар қоспасының) нөмірі көрсетіледі;

2 2) 2 және 3-бағандарда «Хладагенттер. Белгілеулер жүйесі» МемСТ ISO 817-2014 халықаралық стандартына сәйкес әкелінетін/әкетілетін озонды бұзатын заттардың тиісті атауы және химиялық формуласы, қоспаның пайыздық-құрауыштық құрамы көрсетіледі;

3 3) 4-бағанда Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы бойынша тауардың 10 таңбалы сыныптауыш коды көрсетіледі;

4 4) 5-бағанда озонды бұзатын заттарды әкелу/әкету мақсаты, яғни көзделетін қолданылу салалары көрсетіледі;

5 5) 6-бағанда есепті жылдың басында теңгерімде тұрған озонды бұзатын заттардың қалдық көлемі туралы ақпарат (тоннада) көрсетіледі;

6

6) 7-бағанда өндірілген озонды бұзатын заттардың мөлшері туралы ақпарат (тоннада) көрсетіледі. Озонды бұзатын заттарды өндіру бойынша қызмет жоқ болған жағдайда 7-бағанда «-» сызықша қойылады. Озонды бұзатын заттарды өндіру бойынша қызмет бар болған, алайда есепті кезеңде өндіріс жоқ болған (нөлдік өндіріс) жағдайда 7-бағанда «0» нөл көрсетіледі;

7 7) 8-бағанда озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген мөлшері (тоннада) көрсетіледі. Импорттық қызмет жоқ болған жағдайда «-» сызықша қойылады. Импорттық қызмет жүзеге асырылған, алайда нақты импорт жоқ болған жағдайда «0» нөл қойылады;

8

8) 9-бағанда салық салуға жататын табыстар туралы мәліметтерді есепке алу үшін пайдаланылатын тиісті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық органдарындағы өтінім берушілердің есептік нөмірін көрсете отырып, озонды бұзатын заттарды жеткізушінің толық ресми атауы көрсетіледі: Армения Республикасы үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі (СТЕН); Беларусь Республикасы үшін – төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН); Ресей Федерациясы үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТСН);

9 9) 10-бағанда озонды бұзатын заттарды жеткізушінің елі және толық мекенжайы көрсетіледі;

10 10) 8-бағанда сызықша немесе нөл көрсетілген жағдайда 9 және 10-бағандар толтырылмайды;

11 11) 11-бағанда озонды бұзатын заттардың нақты әкетілген мөлшері (тоннада) көрсетіледі. Экспорттық қызмет жоқ болған жағдайда «-» сызықша қойылады. Экспорттық қызмет жүзеге асырылған, алайда нақты экспорт жоқ болған жағдайда «0» нөл қойылады;

12

12) 12-бағанда салық салуға жататын табыстар туралы мәліметтерді есепке алу үшін пайдаланылатын тиісті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің салық органдарындағы өтінім берушілердің есептік нөмірін көрсете отырып, озонды бұзатын заттарды жеткізушінің толық ресми атауы көрсетіледі: Армения Республикасы үшін – салық төлеушінің есептік нөмірі (СТЕН); Беларусь Республикасы үшін – төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН); Ресей Федерациясы үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (СТСН);

13 13) 13-бағанда озонды бұзатын заттарды жеткізушінің елі және толық мекенжайы көрсетіледі;

14 14) 11-бағанда сызықша немесе нөл көрсетілген жағдайда 12 және 13-бағандар толтырылмайды;

15

15) 14-бағанда озонды бұзатын заттардың нақты пайдаланылған немесе сатылған мөлшері (тоннада) әрбір сатып алушы бөлінісінде көрсетіледі. Әртүрлі қажеттіліктерге меншікті пайдаланған жағдайда пайдаланылған озонды бұзатын заттардың сомалық мөлшері көрсетіледі. Егер есепті жылы озонды бұзатын заттардың ешқандай мөлшері пайдаланылмаса немесе сатылмаса, 14-бағанда «0» нөл қойылады;

16

16) 15-бағанда 14-бағанда көрсетілген ақпаратқа сәйкес келетін озонды бұзатын заттарды сатып алушының толық ресми атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды және нақты мекенжайы көрсетіледі. 14-бағанда көрсетілген әртүрлі қажеттіліктерге меншікті пайдаланылған жағдайда 15-бағанда «-» сызықша қойылады. Егер 14-бағанда нөл қойылса, онда 15-баған толтырылмайды;

17 17) 16-бағанда есепті жылдың соңында теңгерімде тұрған озонды бұзатын заттардың қалдық мөлшері туралы ақпарат (тоннада) көрсетіледі.

3 Озонды бұзатын заттардың

мемлекеттік кадастрын жүргізу
қағидаларына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғат ресурстары министрлігіне ұсынылады
Әкімшілік деректер нысаны www.ecogeo.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу бойынша есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 3-ОБЗ ЖЕ
Кезеңділігі: жылдық
Есепті кезең: 20___ жылғы «_____» ____________ жай-күй бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар шеңбері: озонды бұзатын заттармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын, есептіден кейінгі жылғы бірінші тоқсаннан кешіктірмей
1-кесте. Жалпы мәліметтер
Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің атауы
Бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе Жеке сәйкестендіру нөмірі
Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мекенжайы
Байланыс деректері: телефон, электрондық пошта
Негізгі қызмет түрі
(Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптағышына сәйкес коды (5 таңбалы))
Құжаттың бірегей нөмірі
2-кесте. Құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды өндіру
Құ­ра­мын­да озон­ды бұ­за­тын затта­ры/озон­ды бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­ры бар жаб­дық­тар­дың ата­уы
Есеп­ті жы­лы өн­ді­рі­л­ген жаб­дық­тар­дың са­ны, да­на
Қол­да­ны­ла­тын озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/ озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның ата­уы
Өнім бір­лі­гіне озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/ озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның мөл­ше­рі, ки­ло­грамм
Жал­пы өн­ді­рі­л­ген өнім­ге озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/ озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның мөл­ше­рі, ки­ло­грамм
1
2
3
4
5
3-кесте. Өнімді өндірген кезде озонды бұзатын заттарды пайдалану
Құ­ра­мын­да озон­ды бұ­за­тын затта­ры/озон­ды бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­ры бар өнім­нің ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Есеп­ті жы­лы өн­ді­рі­л­ген өнім мөл­ше­рі
Озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/ озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның ата­уы
Өнім бір­лі­гіне озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/ озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның мөл­ше­рі, ки­ло­грамм
Жал­пы өн­ді­рі­л­ген өнім­ге озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/ озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның мөл­ше­рі, ки­ло­грамм
1
2
3
4
5
6
4-кесте. Озонды бұзатын заттарды басқа да химиялық заттарды өндіру үшін шикізат ретінде немесе өзге де технологиялық процестерде пайдалану
Құ­ра­мын­да озон­ды бұ­за­тын затта­ры/озон­ды бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­ры бар өнім­нің ата­уы
Озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның жыл ба­сын­да­ғы қал­ды­ғы, ки­ло­грамм
Есеп­ті жы­лы са­тып алын­ған озон­ды бұ­за­тын заттар/озон қа­ба­тын бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­ры
Есеп­ті жы­лы пай­да­ла­ны­л­ған озон­ды бұ­за­тын заттар/озон қа­ба­тын бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­ры
Озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның жыл со­ңын­да­ғы қал­ды­ғы, ки­ло­грамм
мөл­ше­рі, ки­ло­грамм
са­ту­шы, биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі, же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
тех­но­ло­ги­я­лық про­цесс
мөл­ше­рі, ки­ло­грамм
1
2
3
4
5
6
7
5-кесте. Озонды бұзатын заттарды техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде пайдалану
Озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның ата­уы
Озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның жыл ба­сын­да­ғы қал­ды­ғы, ки­ло­грамм
Есеп­ті жы­лы са­тып алын­ған озон­ды бұ­за­тын заттар/озон қа­ба­тын бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­ры
Есеп­ті жы­лы пай­да­ла­ны­л­ған озон­ды бұ­за­тын заттар/озон қа­ба­тын бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­ры
Озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның жыл со­ңын­да­ғы қал­ды­ғы, ки­ло­грамм
мөл­ше­рі, ки­ло­грамм
са­ту­шы, биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі, же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
тех­но­ло­ги­я­лық про­цесс
мөл­ше­рі, ки­ло­грамм
1
2
3
4
5
6
7
6-кесте. Озонды бұзатын заттарды тасымалдау
Озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның ата­уы
Та­сы­мал­да­на­тын озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның мөл­ше­рі, тон­на
Жүк жө­нел­ту­ші, ата­уы, биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі неме­се же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі, жө­нел­ту ме­кен­жайы
Жүк алушы, ата­уы, биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі неме­се же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі, жет­кі­зу ме­кен­жайы
1
2
3
4
7-кесте. Озонды бұзатын заттарды сақтау
Озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның ата­уы
Жыл­дың ба­сын­да сақ­та­уда тұр­ған озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның мөл­ше­рі, ки­ло­грамм
Сақ­та­уда тұ­рып, өт­кі­зі­л­ген озон­ды бұ­за­тын заттар/озон­ды бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­ры, ки­ло­грамм
Озон­ды бұ­за­тын заттар­ды/озон­ды бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­рын са­тып алушы, биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі неме­се же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Жыл со­ңын­да сақ­та­уда тұр­ған озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның мөл­ше­рі, ки­ло­грамм
1
2
3
4
5
ЖИЫ­НЫ:
-
8-кесте. Озонды бұзатын заттарды рекуперациялау, қалпына келтіру және залалсыздандыру
Озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның ата­уы
Ре­ку­пе­ра­ци­я­лан­ған озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның жыл ба­сын­да бар бо­луы, ки­ло­грамм
Есеп­ті жы­лы ре­ку­пе­ра­ци­я­лан­ған озон­ды бұ­за­тын заттар/озон­ды бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­ры, ки­ло­грамм
Өт­кі­зі­л­ген/пай­да­ла­ны­л­ған ре­ку­пе­ра­ци­я­лан­ған озон­ды бұ­за­тын заттар/озон­ды бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­ры
Ре­ку­пе­ра­ци­я­лан­ған озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның жыл со­ңын­да, ки­ло­грамм
Қал­пы­на кел­ті­рі­л­ген озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның жыл ба­сын­да бар бо­луы, ки­ло­грамм
Есеп­ті жы­лы қал­пы­на кел­ті­рі­л­ген озон­ды бұ­за­тын заттар/озон­ды бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­ры, ки­ло­грамм
мөл­ше­рі, ки­ло­грамм
са­тып алушы, , биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі неме­се же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі неме­се пай­да­ла­ну ба­ғы­ты
1
2
3
4
5
6
7
8
ИТО­ГО:
-
8-кестенің жалғасы
Өт­кі­зі­л­ген/қай­та­ла­ма пай­да­ла­ны­л­ған қал­пы­на кел­ті­рі­л­ген озон­ды бұ­за­тын заттар/озон­ды бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­ры
Қай­та ай­на­лым­ға қо­сы­л­ған қал­пы­на кел­ті­рі­л­ген озон­ды бұ­за­тын заттар/озон­ды бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­ры
Озон­ды бұ­за­тын заттар­ды/озон­ды бұ­за­тын заттар­дың қо­с­па­ла­рын за­лал­сыздан­ды­ру
мөл­ше­рі, ки­ло­грамм
са­тып алушы, , биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі неме­се же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі неме­се пай­да­ла­ну ба­ғы­ты
мөл­ше­рі, ки­ло­грамм
пай­да­ла­ну ба­ғы­ты
мөл­ше­рі, ки­ло­грамм
за­лал­сыздан­ды­ру жүр­гі­зі­л­ген тех­но­ло­гия
9
10
11
12
13
14
-
-
Басшы немесе уәкілетті жауапты лауазымды адам (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)):
__________________________________________________
Қолы
__________________________________________________
20__ жылғы «__» ________________
Мөр орны (бар болса)

3,1 Озонды бұзатын заттармен

жұмыс істеу бойынша есеп нысанына
қосымша

1 1. Осы түсініктеме «Озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу бойынша есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2 2. Нысан Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 310-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді.

3 3. Нысанды озонды бұзатын заттармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу бойынша әрбір қызмет түріне жекелей құрастырады.

4 4. Озонды бұзатын заттарды тасымалдау қауіпті қалдықтарды тасымалдау саласындағы қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

5 5. Әрбір кесте тиісті қызмет түрі жүзеге асырылған жағдайда ғана толтырылады. Теріс жағдайда кесте толтырылмай қалдырылады.

6 6. Нысанға басшы немесе уәкілетті жауапты лауазымды адам қол қояды.

7

7. «Жалпы мәліметтер» деген 1-кестеде заңды тұлға немесе дара кәсіпкер туралы қысқаша ақпарат көрсетіледі: толық ресми атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды және нақты мекенжайы, тіркеу құжаттарына сәйкес Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптағышына сай коды, нақты байланыс деректері (телефон, электрондық пошта), озонды бұзатын заттармен жұмыс істеу бойынша қызмет оның негізінде жүзеге асырылатын рұқсат беру құжатының бірегей нөмірі көрсетіледі.

8 8. «Құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды өндіру» деген 2-кестеде:

1 1) 1-бағанда өндірілген жабдықтардың атауы (мысалға, тоңазытқыш немесе климаттық жабдықтары) көрсетіледі;

2 2) 2-бағанда өндірілген жабдықтардың саны (данада) көрсетіледі;

3 3) 3-бағанда жабдықтарға құйылатын озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының атауы көрсетіледі;

4 4) 4-бағанда өндірілген жабдықтар бірлігіне құйылған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;

5 5) 5-бағанда барлық өндірілген жабдықтарға құйылған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының жалпы мөлшері (килограммда) көрсетіледі.

9 9. «Өнімді өндірген кезде озонды бұзатын заттарды пайдалану» деген 3-кестеде:

1 1) 1-бағанда құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімнің атауы (мысалға, пенополеуретан) көрсетіледі;

2 2) 2-бағанда өндірілген өнімнің өлшем бірлігі көрсетіледі;

3 3) 3-бағанда өндірілген өнімнің мөлшері көрсетіледі;

4 4) 4-бағанында өнімді өндірген кезде пайдаланылатын озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының атауы көрсетіледі;

5 5) 5-бағанда өндірілген өнім бірлігіне пайдаланылған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;

6 6) 6-бағанда өндірілген өнімнің жалпы көлемін өндірген кезде пайдаланылған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының жалпы мөлшері (килограммда) көрсетіледі.

10 10. «Озонды бұзатын заттарды басқа да химиялық заттарды өндіру үшін шикізат ретінде немесе өзге де технологиялық процестерде пайдалану» деген 4-кестеде:

1 1) 1-бағанда басқа химиялық заттарды өндірген кезде пайдаланылған және осы процестің барысында толығымен түрлендірілген озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының атауы көрсетіледі;

2 2) 2-бағанда озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының есепті жылдың басындағы қалдық мөлшері (килограммда) көрсетіледі;

3 3) 3-бағанда сатып алынған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;

4 4) 4-бағанда озонды бұзатын заттарды/озонды бұзатын заттар қоспаларын сатушының толық атауы, оның бизнес немесе жеке сәйкестендіру коды көрсетіледі;

5 5) 5-бағанда озонды бұзатын заттар/озонды бұзатын заттардың қоспалары пайдаланылатын технологиялық процестің атауы көрсетіледі;

6 6) 6-бағанда пайдаланылған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;

7 7) 7-бағанда озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының есепті жылдың соңындағы қалдық мөлшері (килограммда) көрсетіледі.

11 11. «Озонды бұзатын заттарды техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде пайдалану» деген 5-кестеде:

1 1) 1-бағанда озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының атауы көрсетіледі;

2 2) 2-бағанда озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының есепті жылдың басындағы қалдық мөлшері (килограммда) көрсетіледі;

3 3) 3-бағанда сатып алынған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;

4 4) 4-бағанда озонды бұзатын заттарды/озонды бұзатын заттардың қоспаларын сатып алушының толық атауы, оның бизнес нөмірі жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

5 5) 5-бағанда онда озонды бұзатын заттар/озонды бұзатын заттардың қоспалары пайдаланылатын технологиялық процестің атауы көрсетіледі;

6 6) 6-бағанда пайдаланылған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;

7 7) 7-бағанда озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының жылдың соңындағы қалдық мөлшері (килограммда) көрсетіледі.

12 12. «Озонды бұзатын заттарды тасымалдау» деген 6-кестеде:

1 1) 1-бағанда озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының атауы көрсетіледі;

2 2) 2-бағанда тасымалданған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (тоннада) көрсетіледі;

3 3) 3-бағанда озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының жүк жөнелтушісінің толық атауы, оның бизнес немесе жеке сәйкестендіру коды және жөнелту мекенжайы көрсетіледі;

4 4) 4-бағанда озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының жүк алушысының толық атауы, оның бизнес немесе жеке сәйкестендіру коды және жөнелту мекенжайы көрсетіледі.

13 13. «Озонды бұзатын заттарды сақтау» деген 7-кестеде:

1 1) 1-бағанда озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының атауы көрсетіледі;

2 2) 2-бағанда есепті жылдың басында сақтауда тұрған теңгерімдегі озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;

3 3) 3-бағанда есепті жылы өткізілген сақтауда тұрған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;

4 4) 4-бағанда озонды бұзатын заттарды/озонды бұзатын заттардың қоспаларын сатып алушының толық атауы, оның бизнес немесе жеке сәйкестендіру коды көрсетіледі;

5 5) 5-бағанда есепті жылдың соңында сақтауда тұрған теңгерімдегі озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі.

14 14. «Озонды бұзатын заттарды рекуперациялау, қалпына келтіру және залалсыздандыру» деген 8-кестеде:

1 1) 1-бағанда озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының атауы көрсетіледі;

2 2) 2-бағанда есепті жылдың басында теңгерімде тұрған рекуперацияланған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;

3 3) 3-бағанда есепті жылы рекуперацияланған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;

4 4) 4-бағанда өткізілген және (немесе) рекуперацияланған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;

5

5) 5-бағанда рекуперацияланған озонды бұзатын заттарды/озонды бұзатын заттардың қоспаларын сатып алушының толық атауы, оның бизнес немесе жеке сәйкестендіру коды көрсетіледі. Меншікті қажеттіліктерге пайдаланған немесе оларды одан әрі қалпына келтіруге бағыттаған жағдайда пайдалану бағыты туралы ақпарат көрсетіледі;

6 6) 6-бағанда есепті жылдың соңында теңгерімде тұрған рекуперацияланған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;

7 7) 7-бағанда есепті жылдың басында теңгерімде тұрған қалпына келтірілген озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;

8 8) 8-бағанда есепті жылы қалпына келтірілген озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;

9 9) 9-бағанда өткізілген және (немесе) пайдаланылған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;

10 10) 10-бағанда қалпына келтірілген озонды бұзатын заттарды/озонды бұзатын заттардың қоспаларын сатып алушының толық атауы, оның бизнес немесе жеке сәйкестендіру коды көрсетіледі. Меншікті қажеттіліктерге қайталама пайдаланған жағдайда пайдалану бағыты туралы ақпарат көрсетіледі;

11 11) Қосарлы есепке алуды болдырмау мақсатында «Озонды бұзатын заттарды рекуперациялау, қалпына келтіру және залалсыздандыру» деген 8-кестенің 11 және 12-бағандарын қалпына келтірілген озонды бұзатын заттарды/озонды бұзатын заттардың қоспаларын сатып алушылар ғана толтырады;

12 12) 11-бағанда сатып алынған қалпына келтірілген озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;

13 13) 12-бағанда қалпына келтірілген озонды бұзатын заттарды/озонды бұзатын заттардың қоспаларын қайталама пайдалану бағыттары көрсетіледі;

14 14) 13-бағанда залалсыздандырылған озонды бұзатын заттардың/озонды бұзатын заттар қоспаларының мөлшері (килограммда) көрсетіледі;

15 15) 14-бағанда рекуперацияланған озонды бұзатын заттарды/озонды бұзатын заттардың қоспаларын залалсыздандыру оның көмегімен жүргізілген технология көрсетіледі. Технологиялар тізбесін озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасының Тараптары бекітеді.

4 Озонды бұзатын заттардың

мемлекеттік кадастрын жүргізу
қағидаларына 4-қосымша
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғат ресурстары министрлігіне ұсынылады
Әкімшілік деректер нысаны www.ecogeo.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Озонды бұзатын заттарды түгендеу бойынша есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 4-ОБЗ ТЕ
Кезеңділігі: -
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар шеңбері: құрамында озонды бұзатын заттары бар (соның ішінде озонды бұзатын заттармен жұмыс істеумен байланысты қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарын алуды талап етпейтін) жабдықтар мен техникалық құрылғылары теңгерімінде бар заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: бастапқыда 1 қаңтардағы жай-күй бойынша есептіден кейінгі жылғы бірінші тоқсаннан кешіктірмей, өзгерістер енгізілген жағдайда – 1 қаңтардағы жай-күй бойынша есептіден кейінгі жылғы бірінші тоқсаннан кешіктірмей қайталама
1-кесте. Жалпы мәліметтер
Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің атауы
Бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе Жеке сәйкестендіру нөмірі
Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мекенжайы
Байланыс деректері: телефон, электрондық пошта
Негізгі қызмет түрі
(Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптағышына сәйкес коды (5 таңбалы))
2-кесте. Озонды бұзатын заттарды түгендеу туралы мәліметтер
Р/с №
Құ­ра­мын­да озон­ды бұ­за­тын затта­ры/озон­ды бұ­за­тын затта­ры­ның қо­с­па­ла­ры бар жаб­дық­тар­дың, тех­но­ло­ги­я­лық құ­ры­л­ғы­лар­дың ор­на­лас­қан же­рі
Құ­ра­мын­да озон­ды бұ­за­тын затта­ры/озон­ды бұ­за­тын затта­ры­ның қо­с­па­ла­ры бар жаб­дық­тар­дың, тех­но­ло­ги­я­лық құ­ры­л­ғы­лар­дың ата­уы, мүк­әм­мал нө­мі­рі
Құ­ра­мын­да озон­ды бұ­за­тын затта­ры/озон­ды бұ­за­тын затта­ры­ның қо­с­па­ла­ры бар жаб­дық­тар, тех­но­ло­ги­я­лық құ­ры­л­ғы­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Ес­керт­пе
мо­де­лі, се­ри­я­лық нө­мі­рі
бір­лік са­ны, да­на
пай­да­ла­ны­ла­тын озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/ озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның ата­уы
озон­ды бұ­за­тын заттар­дың/ озон­ды бұ­за­тын заттар қо­с­па­ла­ры­ның кө­ле­мі, ки­ло­грамм
жаб­дық­тар­ды, тех­но­ло­ги­я­лық қон­дыр­ғы­лар­ды пай­да­ла­ну мәр­те­бе­сі
жа­сал­ған жы­лы
бір бір­лік­те
бар­лы­ғы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Басшы немесе уәкілетті жауапты лауазымды адам (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)):
__________________________________________________
Қолы
__________________________________________________
20__ жылғы «__» ________________
Мөр орны (бар болса)

4,1 Озонды бұзатын заттарды

түгендеу бойынша есеп нысанына
қосымша

1 1. Осы түсініктеме «Озонды бұзатын заттарды түгендеу бойынша есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2 2. Нысан Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 310-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді.

3

3. Нысанды озонды бұзатын заттармен жұмыс істеумен байланысты қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарын алу міндеттеріне қарамастан құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтар мен техникалық құрылғылары теңгерімінде бар заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер бастапқыда 1 қаңтардағы жай-күй бойынша есептіден кейінгі жылғы бірінші тоқсаннан кешіктірмей, өзгерістер енгізілген жағдайда қайталама құрастырады.

4 4. Нысан озон қабатын бұзатын заттарды түгендеу барысында алынған нақты деректер, және өндірістік, бухгалтерлік және қоймалық есепке алу деректерінің негізінде толтырылады.

5 5. Нысанға басшы немесе уәкілетті жауапты лауазымды адам қол қояды.

6

6. «Жалпы мәліметтер» деген 1-кестеде заңды тұлға немесе дара кәсіпкер туралы қысқаша ақпарат көрсетіледі: толық ресми атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды және нақты мекенжайы, тіркеу құжаттарына сәйкес Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптағышына сай коды, нақты байланыс деректері (телефон, электрондық пошта) көрсетіледі.

7 7. «Озонды бұзатын заттарды түгендеу туралы мәліметтер» деген 2-кестеде:

1 1) 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі. Кезекті ақпарат рет бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс;

2 2) 2-бағанда жабдықтардың немесе технологиялық қондырғылардың орналасқан жері (цехтің, технологиялық процестің атауы мен нөмірі, мекенжайы) көрсетіледі;

3 3) 3-бағанда жабдықтардың немесе технологиялық қондырғылардың атауы, қолда бар бухгалтерлік құжаттамаға (бастапқы есепке алу құжаттарына) сәйкес мүкәммал нөмірі көрсетіледі;

4 4) 4-бағанда жабдықтардың паспорттық деректеріне және (немесе) олардағы таңбалануға сәйкес жабдықтардың немесе технологиялық қондырғылардың моделі мен сериялық нөмірі көрсетіледі. Мұндай деректер болмаған кезде бағанда «белгісіз» деген жазу жазылады;

5 5) 5-бағанда жабдықтар мен технологиялық қондырғыларды тікелей есептеу негізінде анықталатын түрінің 4-бағанға сәйкес келетін моделіне сәйкес келетін жабдықтардың немесе технологиялық қондырғылардың бірлік саны (дана) жазылады;

6 6) 6-бағанда озонды бұзатын заттардың немесе олардың қоспаларының атауы көрсетіледі;

7 7) 7-бағанда жабдықтардың немесе технологиялық қондырғылардың бірлігіндегі озонды бұзатын заттардың мөлшері жабдықтардың паспорттық деректерінің және (немесе) олардағы таңбаланудың негізінде (килограммда) көрсетіледі. Мұндай деректер болмаған кезде бағанда «белгісіз» деген жазу жазылады;

8 8) 8-бағанда модельдері бірдей жабдықтардың немесе технологиялық қондырғылардың құрамында бар озонды бұзатын заттардың жалпы мөлшері (килограммда) көрсетіледі. Мұндай деректер болмаған кезде бағанда «белгісіз» деген жазу жазылады;

9 9) 9-бағанда құрамында озонды бұзатын заттары бар жабдықтарды немесе технологиялық қондырғыларды пайдалану мәртебесі (сипаттамасы) көрсетіледі: «пайдаланылуда», «резервтік», «консерваниялануда», «демонтаждалған», «пайдаланудан шығарылған»;

10

10) 10-бағанда жабдықтардың паспорттық деректеріне және (немесе) олардағы таңбалануға сәйкес жабдықтардың немесе технологиялық қондырғылардың жасалған жылы көрсетіледі. Мұндай деректер болмаған кезде жабдықтарды немесе технологиялық қондырғыларды жеткізу жылы қойылады. Жасалған және жеткізілген жылдары туралы деректер болмаған кезде бағанда «белгісіз» деген жазу жазылады;

11 11) 11-бағанда бар озонды бұзатын заттар туралы қосымша мәліметтер (есепті құраушының қалауы бойынша) көрсетіледі.

Қолданыстағы