Об утверждении Перечня загрязняющих веществ, эмиссии которых подлежат экологическому нормированию
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня загрязняющих веществ, эмиссии которых подлежат экологическому нормированию
- Атауы (қаз.)
- Эмиссиясы экологиялық нормалауға жататын ластағыш заттардың тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 212
- Қабылданған күні
- 25.06.2021
- Көрсетілген редакция
- 25.06.2021 156728_529694.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.06.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100023279
- ЭКБ идентификаторы
- 156728
- Редакция идентификаторы
- 156728_529694
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:47
0 Эмиссиясы экологиялық нормалауға жататын ластағыш заттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 11-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Эмиссиясы экологиялық нормалауға жататын ластағыш заттардың тізбесі бекітілсін.
2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1 1) «Эмиссиялар нормативтері белгіленетін ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 26 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10302 болып тіркелген).
2 2) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі № 565 бұйрығының 4-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12326 болып тіркелген).
3 3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
11 Эмиссиясы экологиялық нормалауға жататын ластағыш заттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2021 жылғы 25 маусымдағы
№ 212 бұйрығына
қосымша
Эмиссиясы экологиялық нормалауға жататын ластағыш заттардың тізбесін бекіту туралы