Об утверждении Положения дисциплинарного совета Павлодарской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс тәртіптік кеңесінің Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2002 жылғы 13 желтоқсандағы "Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының тәртiптiк кеңестерiнiң кейбiр мәселелерi" № 1311 қаулысының негiзiнде облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған облыс тәртiптiк кеңесiнiң Ережесi (бұдан әрi -Кеңес) бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2001 жылғы 21 тамыздағы "Павлодар облысының Тәртiптiк кеңесi туралы" 50/7 қаулысы 2-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
Басқа 3. Облыс Тәртiптiк кеңесi туралы Ереже
Облыс әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 3 наурыз № 41/2 қаулысымен бекiтiлдi Облыс Тәртiптiк кеңесi туралы Ереже Осы ереже Павлодар облысы тәртiптiк кеңесiнiң мәртебесiн, өкiлеттiлiгiн, қызметiн ұйымдастыруды және тәртiбiн анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Облыс тәртiптiк кеңесi консультативтiк-кеңестiк орган болып табылады, оның жұмысын Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы сыбайлалас жемқорлықпен күрес және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасын сақтау мәселелерi жөнiндегi Комиссия (бұдан әрi - Комиссия) үйлестiредi.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен үкiметiнiң, облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң актiлерiне, басқа да нормативтiк-құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады және заңдылық, әдiлдiк және әдiлкттiлiк принцип-терiн басшылыққа талады.
Тарау 2. 2. Кеңестiң мiндеттерi
2. Кеңестiң мiндеттерi
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) қызмет этикасы Ережесiн бұзєаны немесе сыбайлас жемқорлық жасау жолымен заңды бұзғаны үшiн осы Ереженiң 16-тармағында көрсетiлген адамдарды тәртiптiк жазаға тарту туралы ұсынымдарды облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң, облыстың түрлi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, құқық қорғау органдары мен басқа да аумақтық мемлекеттiк органдар мен ұйымдар (бұдан әрi - Мемлекеттiк органдар) басшыларынның қарауына енгiзу;
Тармақша 2
2) әкiмдер мен Мемлекеттiк органдар басшылары үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шеңберiнде мемлекеттiк тәртiптi нығайту, осы Ереженiң 16-тармағында аталған адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен қызмет этикасы Ережесiн сақтаулары жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстар әзiрлеу;
Тармақша 3
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен қызмет этикасы Ережесiнiң бұзылғандыєы туралы Комиссия тапсырмаларын, азаматтардың өтiнiштерiн, бұқаралық ақпарат құралдары хабарламаларын, сондай-ақ басқа да көздерден алынған ақпараттар қарау;
Тармақша 4
4) осы Ереженiң 16-тармағында аталған адамдардың сыбайлас жемқорлықпен күрестi ұйымдастыру және қызмет этикасы Ережесiн сақтау тиiмдiлiктерiн арттыруға бағытталған ұсыныстарды Комиссияның қарауына ұсыну;
Тармақша 5
5) осы Ереженiң 9-тармағында көрсетiлген адамдарға қатысты тәртiптiк iстердi қарау үшiн материалдар дайындау Кеңестiң негiзгi мiндеттерi болып табылады.
Тарау 3. 3. Кеңес қызметiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбi
3. Кеңес қызметiнiң ұйымдастырылуы мен тәртiбi
Тармақ 4
4. Кеңестi облыс әкiмдiгi ұйымдастырады, ол төрағадан және мәслихат депутаттары, жергiлiктi жұртшылық өкiлдерi мен аумақтық мемлекеттiк органдар басшылары болып табылатын 7 Кеңес мүшесiнен түрады.
Тармақ 5
5. Облыс әкiмi Қазақстан Республикасы Президентi әкiмшiлiгi Басшысының келiсiмi бойынша Кеңестiң төрағасын тағайындайды және оны қызметiнен босатады. Төраға лауазымы облыс әкiмi орынбасары лауазымына теңестiрiледi.
Тармақ 6
6. Кеңес хатшылыңы оның жұмыс органы болып табылады, ол облыс әкiмi аппаратының жалпы саны есебiнен құрылады. Хатшылық санын Комиссия төрағасының ұсынысы бойынша облыс әкiмi белгiлейдi.
Тармақ 7
7. Кеңес төрағасы мен Кеңес хатшылығының қызметкерлерi мемлекеттiк қызметшiлер болып табылады.
Тармақ 8
8. Облыс әкiмi аппаратының бөлiм меңгерушiсi лауазымына теңестiрiлетiн Кеңес хатшылығының меѕгерушiсi Кеңестiң хатшысы болып табылады.
Тармақ 9
9. Хатшылық қызметкерлерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтерiнен босатылады.
Тармақ 10
10. Кеңес мүшелерi өз мiндеттерiн қоғамдық негiзде жүзеге асырады және мәжiлiстерге ауыстыру құқығынсыз қатысады.
Тармақ 11
11. Кеңес төрағасы:
Тармақша 1
1) облыс әкiмiнiң қарауына Кеңестiң дербес құрамы туралы ұсыныстар енгiзедi;
Тармақша 2
2) Кеѕес жұмысына басшылықты ұйымдастырады және оның қызметiне басшылықты жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Кеңес мәжiлiстерiнiң күн тәртiбiн анықтайды;
Тармақша 4
4) Кеңес мәжiлiстерiн шақырады және оған төрағалық етедi;
Тармақша 5
5) Кеңес мүшелерiнiң iшiнен Кеңес мәжiлiсiнде қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны анықтайды;
Тармақша 6
6) тоқсан сайын Комиссияға Кеңес жұмысының қорытындысы, сонымен қатар мемлекеттiк қызметшiлердiң сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтары бойынша қолданылған жазалар туралы есеп бередi;
Тармақша 7
7) Кеңес жұмысының қорытындысы жөнiнде тоқсан сайын әкiмдi хабардар етедi;
Тармақша 8
8)Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған басқа да өкiлеттiктердi орындайды.
Тармақ 12
12. Кеңес мәжiлiстерi:
Тармақша 1
1) Кеңес мүшелерi жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысса құқылы болып есептеледi;
Тармақша 2
2) қажетiне қарай, бiрақ кем дегенде айына бiр рет өткiзiледi;
Тармақша 3
3) ашық түрде өткiзiледi, қажет жағдайда (егер қарастырылатын мәселелерде мемлекеттiк құпия болса), Кеңес төрағасының шешiмiмен және Комиссияның келiсiмiмен жабық түрде өткiзiлуi мүмкiн;
Тармақ 13
13. Кеңес шешiмдердi мәжiлiсте қатысып отырғандар санының көпшiлiк санымен қабылдайды. Дауыстар тең тұскен жағдайда, төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады.
Тармақ 14
14. Кеңес төрағасы болмаған жағдайда, оның тапсыруымен Кеңес мүшелерiнiң бiрi мәжiлiске төрағалық етедi.
Тарау 4. 4. Кеңес құқығы
4. Кеңес құқығы
Тармақ 15
15. Кеңес өз құзыреттiнiң шегiнде:
Тармақша 1
1) өз мәжiлiстерiнде Мемлекеттiк органдардың, олардың бөлiмшелерi мен мәслихат аппараттарының басшылары мен лауазымды тұлєаларын тыңдауға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасында қолданылатын заңнамаға сәйкес жергiлiктi атқарушы, құқық қорғау және аумақтық мемлекеттiк органдардан, мәслихат аппараттарынан, сол сияқты басқа даұйымдардан алда тұрған мiндеттердi орындау үшiн қажеттi құжаттарды, материалдар мен ақпараттарды сұратуға;
Тармақша 3
3) осы Ереженiң 9-тармағында көрсетiлген адамдардан ауызша және жазбаша түсiндiрме талап етуге;
Тармақша 4
4) осы Ереженiң 16-тармағында көрсетiлген адамдардың Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормалары мен қызмет этикасы Ережесiн бұзу деректерi бойынша бақылау және қызметтiк тексерiс жүргiзу туралы Мемлекеттiк органдар басшыларының қарауына ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 5
5) қорытынды беру ұшiн сарапшылар мен мамандарды, Мемлекеттiк органдар қызметкерлерiн тартуға;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iсi жөнiндегi агенттiгiнiң аумақтық органдарымен сыбайлас жемқорлық әрекеттерiн қарау мәселелерi бойынша өзара iс-әрекеттi жүзеге асыруға құқылы;
Тармақ 16
16. Кеңес сыбайлас жемқорлыққақарсы заңнама мен қызмет этикасы Ережесiн бұзуға жол берген қалалар, аудандар, кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiне; С (С-1, С-2, С-3 санаттары қызметшiлерiнен, орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттiк органдар, олардың ведомстволарынан басқа), D және Е санаттарындағы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерге, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды орындауға өкiлдiк берiлген және мемлекеттiк органдардаєы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мен мемлекеттiк ұйымдардағы немесе жарғылық капиталдарындағы мемлекеттiк меншiктерiнiң жиынтық үлесi отыз бес пайыздан кем болмайтын оларға теңестiрiлен адамдарға, аумақтық құқық қорғау органдарының тәртiптiк жауапкершiлiкке мәжбүр ететiн сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзған лауазымды тұлғаларына қатысты тәртiптiк iстердi қарайды. Кеңѕес облыс прокуратура органдарына, Ұлттық қауiпсiздiкке, Президент күзетi Қызметi мен Республикалық жасұланға қатысты тәртiптiк iстердi қарамайды.
Тармақ 17
17. Комиссия тапсырмаларын, азаматтардың және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қарастыру қорытындылары бойынша Кеңес уәкiлеттi органға немесе лауазымды тұлғаға тексерiс өткiзудi ұсына алады.
Тармақ 18
18. Кеңес төрағасы қозғаған тәртiптiк iстi Кеңес ол қолға алынған күннен бастап үш апта мерзiм iшiнде қарастыруы керек. Тәртiптiк iс қозғалмас және оны Кеңес мәжiлiсiнде қарамас бұрын алдын ала,екi апта мерзiмге iске қатысты бар жағдайлар мен мәлiметтер тексерiледi, тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған тұлғадан жазбаша түсiндiрме хат талап етiледi, ал Кеңес мәжiлiсiнде оның тәртiптiк iсiн қарастыру әдетте оның қатысуымен өтедi.
Тармақ 19
19. Қаралған тәртiптiк iстiң қорытындылары бойынша Кеңес мына шешiмдердiң бiреуiн қабылдайды:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк органдарың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының басшыларына, сондай-ақ барлық деңгейдегi мәслихаттар аппараттарына лауазымды тұлєаны тиiстi тәртiптiк жазаға тартуды ұсынады;
Тармақша 2
2) тәртiптiк iстiң материалдарын өз мәнiнде шешiм қабылдау үшiн құзыреттi мемлекеттiк органның немесе лауазымды тұлғаның ұарауына жiбередi;
Тармақша 3
3) тәртiптiк iстi тоқтатады.
Тармақ 20
20. Тұлғаның әрекетiнде осы Ереженiң 16-тармағында көрсетiлген қылмыстың белгiлерi болған жағдайда, Кеңес бұл тұлғаны заңнамада белгiленген тәртiпте қылмыстық жауапкершiлiкке тарту мәселесiн шешу үшiн тиiстi құжаттар мен материалдарды құқық қорғау органдарына жiбередi. Материалдар мен құжаттарды құқық қорғау органдарына жiбергенi туралы Кеңес Комиссияны хабардар етедi.
Тармақ 21
21. Кеңес қабылдаған шешiммен келiспейтiн мемлекеттiк қызметшiлер мен осы Ереженiң 16-тармағында көрсетiлген басқа да тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сотқа шағымдануға құқылы.
Тармақ 22
22. Кеңес пен оның хатшылығы қызметiн материалдық-техникалық, ұйымдық және ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз етудi облыс әкiмi аппараты жүзеге асырады.