О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 468
- Қабылданған күні
- 08.07.2021
- Көрсетілген редакция
- 08.07.2021 156798_531667.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000468
- ЭКБ идентификаторы
- 156798
- Редакция идентификаторы
- 156798_531667
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:39
0 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетi Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментi» республикалық мемлекеттік мекемесіне «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттік кірістер комитетi Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментiнiң «Достық» кедені» республикалық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Мынадай республикалық мемлекеттік мекемелер құрылсын:
1 1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Түркістан облысы бойынша қазынашылық департаментінің Сауран аудандық қазынашылық басқармасы»;
2 2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Сауран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы».
3 3. Осы қаулының 2-тармақта көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру 2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4 4. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі мынадай мазмұндағы 200-3-тармақпен толықтырылсын:
«200-3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Түркістан облысы бойынша қазынашылық департаментінің Сауран аудандық қазынашылық басқармасы.»;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі» деген 1-бөлімде:
56-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 173-1-тармақпен толықтырылсын:
«173-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Сауран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.».