О некоторых вопросах Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 484
- Қабылданған күні
- 12.07.2021
- Көрсетілген редакция
- 12.07.2021 156950_531142.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000484
- ЭКБ идентификаторы
- 156950
- Редакция идентификаторы
- 156950_531142
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:37
0 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті Сауран ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2 2. Жоғарыда көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық бюджетінде көзделген қаражат есебінен және соның шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
3 3. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функциялары:
мынадай мазмұндағы 86-1), 86-2), 86-3), 86-4), 86-5), 86-6), 86-7), 86-8), 86-9), 86-10), 86-11), 86-12), 86-13), 86-14), 86-15), 86-16), 86-17), 86-18), 86-19), 86-20), 86-21), 86-22), 86-23), 86-24), 86-25), 86-26), 86-27), 86-28), 86-29), 86-30), 86-31), 86-32), 86-33), 86-34), 86-35), 86-36), 86-37), 86-38), 86-39), 86-40), 86-41) және 86-42) тармақшалармен толықтырылсын:
«86-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
86-2) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен оқыс оқиғаларға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу, жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың жоғалу жағдайларын техникалық тергеп-тексеру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
86-3) көлбеу рельсті-арқанды көтергіштерді (фуникулерлерді) орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
86-4) қауіпті өндірістік объектілер және қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
86-5) жолаушылар аспалы арқан жолдарын орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
86-6) жүк аспалы арқан жолдарын орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
86-7) эскалаторларды орнату және қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
86-8) мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштерді қауіпсіз пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
86-9) дәнекерлеушілерді және дәнекерлеу өндірісінің мамандарын аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
86-10) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың білімін тексеру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
86-11) қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымдардың қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
86-12) мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
86-13) жерасты құрылысжайлары мен метрополитендерді салу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
86-14) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару тәртібін айқындайды;
86-15) қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызмет көрсету қағидаларын бекітеді;
86-16) қауіпті өндірістік объектінің қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау қағидаларын бекітеді;
86-17) жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекітеді;
86-18) қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларын бекітеді;
86-19) қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларын бекітеді;
86-20) қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
86-21) нормативтік қызмет ету мерзімі өтелген жүк көтергіш машиналарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
86-22) қызмет ету мерзімі өткен, жалпы мақсаттағы өздігінен жүретін тізбекті крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
86-23) қысыммен жұмыс істейтін түтіктерге, цистерналарға, бөшкелерге және баллондарға техникалық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
86-24) бу және ыстық су құбыржолдарына зерттеп-қарауды және техникалық куәландыруды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
86-25) қызмет ету мерзімі өткен мұнаралы крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйін зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
86-26) қызмет ету мерзімі өткен монтаждық крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
86-27) қызмет ету мерзімі өткен көпір типіндегі крандарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
86-28) қызмет ету мерзімі өткен көтергіштерді (мұнараларды) одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
86-29) қызмет ету мерзімі өткен, қысыммен жұмыс істейтін түтіктерді одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында оларға зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
86-30) қызмет ету мерзімі өткен лифтілерді, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштерді одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында олардың техникалық жай-күйіне зерттеп-қарауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
86-31) қызмет ету мерзімі өткен, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға және жөндеуге арналған қондырғыларды одан әрі пайдалану мүмкіндігін айқындау мақсатында оларға техникалық диагностикалауды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
86-32) тұтқырлығы жоғары, күкіртті мұнайды өндіруге арналған жабдықты қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
86-33) қара металлургия кәсіпорындарының газ шаруашылығындағы қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
86-34) технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
86-35) ауаны бөлу өнімдерін өндіру және тұтыну кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
86-36) қауіпті өндірістік объектілерде аварияларды жою жоспарын әзірлеу және оқу-жаттығу дабылдары мен аварияға қарсы жаттығуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
86-37) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жеке құрамына қойылатын талаптарды және олардың штат санын есептеу нормативтерін, оларды жарақтандыру нормаларын әзірлейді және бекітеді;
86-38) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің құтқарушыларын даярлаудың үлгілік бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді;
86-39) қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін бекітеді;
86-40) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекітеді;
86-41) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметтеріне қойылатын талаптарды белгілейді;
86-42) қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не тыйым салу туралы акті нысанын бекітеді;»;
ведомстволардың функцияларында:
мынадай мазмұндағы 41-1) және 41-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«41-1) қауіпті өндірістік объектілерде тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды орындауға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің әзірлігіне өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;
41-2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғаларға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;»;
46) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«46) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат береді;»;
мынадай мазмұндағы 48-1), 48-2) 48-3) және 48-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«48-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттаудан өткізеді;
48-2) өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жоғалу жағдайларына техникалық тергеп-тексеруді ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
48-3) қауіпті өндірістік объектілерде жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың қолданылуына және есепке алынуына талдау жүргізеді;
48-4) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға берілген, кері қайтарып алынған рұқсаттардың есебін жүргізеді;»;
Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:
«1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 228-1-жолмен толықтырылсын:
«228-1. Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті Сауран ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.».