Құжат мәтініне өту

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов

Қаулы · № А-7/1369 · қабылданған 14.07.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-157041/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов Қолданыста Қаулы ·№ А-7/1369 ·14.07.2021
29.12.2022 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов

Қолданыста Қаулы ·№ А-7/1369 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов
Атауы (қаз.)
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
А-7/1369
Қабылданған күні
14.07.2021
Көрсетілген редакция
29.12.2022 157041_612442.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21BA023546
ЭКБ идентификаторы
157041
Редакция идентификаторы
157041_612442
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:34

0 Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

2 2. Көкшетау қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № А-9/3497 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6108 болып тіркелген);

2

2) «Көкшетау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № А-9/3497 «Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 қазандағы № А-10/1538 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8091 болып тіркелген).

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Көкшетау қалалық аумақтық сайлау
комиссиясымен

6 Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Көкшетау қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 14 шілдедегі
№ А-7/1369 қаулысына
қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1
Көкшетау қаласы
«Юбилейный» шағын ауданы, «Бакалея» дүкені ғимаратының оң жағында
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, «Тігін фабрикасы» аялдамасының сол жағында
Мұхтар Әуезов көшесі, «Базар» аялдамасының сол жағында
«Васильковский» шағын ауданы, «Сырымбет» дүкенінің ғимаратына қарама-қарсы
Кенесары Қасымұлы көшесі, «Достық» дүкені ғимаратының сол жағында
Төлеу Сүлейменов көшесі, «Жібек Жолы» базары ғимаратының сол жағында
Осипенко көшесі, «РИО» сауда ойын-сауық орталығы ғимаратының сол жағында
Рақымбек Сабатаев көшесі, «Ақмола облыстық ауруханасы» аялдамасының сол жағында
Станиславский көшесі, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 14 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы
Абай көшесі, «Истоки Кокшетау» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратына қарама-қарсы
Талғат Бигельдинов көшесі, «Бурабай спорт кешені» аялдамасының сол жағында
Оразбек Қуанышев көшесі, «Ауыл шаруашылығы институты» аялдамасының оң жағында
2
Красный Яр ауылы
Достық көшесі, «Темирлан» дүкені ғимаратының сол жағында
Желтоқсан көшесі, «Наурыз» дүкені ғимаратының сол жағында
3
Станционный кенті
Юбилейная көшесі, «Синегорье» дүкені ғимаратының оң жағында

Қолданыстағы