Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 198
- Қабылданған күні
- 16.07.2021
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2025 157098_803581.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21NT023591
- ЭКБ идентификаторы
- 157098
- Редакция идентификаторы
- 157098_803581
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:33
0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына, «Құқықтық актілері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Федоров ауданы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1
1) «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 356 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8237 болып тіркелген);
2
2) «Әкімдіктің 2019 жылғы 3 қаңтардағы № 356 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 12 тамыздағы № 201 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9371 болып тіркелген).
3 3. «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Федоров аудандық
мәслихаты
10 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Әкімдіктің
2021 жылғы «16» шілдедегі
№ 198 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1 1) қызмет алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымның басшысы;
2 2) мүгедектігі бар балаларды және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
3 3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4 4) қарттарға және мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
5 5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
6 6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші.
2 2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;
3 3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
4 4) қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің мұғалімдері;
5 5) барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер);
6 6) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
7 7) барлық атаудағы әдіскер (негізгі қызметтер);
8 8) музыкалық жетекші;
9 9) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
10 10) кітапханашы;
11 11) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын кітапханасының меңгерушісі (басшысы);
12 12) дыбыс инженері;
13 13) аккомпаниатор;
14 14) хормейстер;
15 15) библиограф;
16 16) хореограф;
17 17) режиссер.
3 3. Спорт маманының лауазымы:
әдіскер.