Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов
- Атауы (қаз.)
- Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 111
- Қабылданған күні
- 21.07.2021
- Көрсетілген редакция
- 15.02.2023 157145_619945.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21NG023636
- ЭКБ идентификаторы
- 157145
- Редакция идентификаторы
- 157145_619945
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:29
0 Үгіттік баспа материалдарын орналастыру
үшін орындарды белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Әулиекөл аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2 2. Әкімдіктің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1 1) «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» 2020 жылғы 26 мамырдағы № 62 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9225 болып тіркелген);
2 2) «Әкімдіктің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 62 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 224 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9645 болып тіркелген).
3 3. «Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Әулиекөл аудандық (аумақтық)
сайлау комиссиясы
10 Әуликөл ауданының барлық кандидаттары үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
Әулиекөл
ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 21 шілдедегі
№ 111 қаулысына
қосымша
Әуликөл ауданының барлық кандидаттары үшін үгіттік
баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
№
Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
1
Әулиекөл ауылы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, 1 Май көшесі, 43
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Әулиекөл аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының жанында, Тұрғымбаев көшесі, 21
Алтынсарин көшесі, 2-үйге қарама қарсы
«AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысы Әулиекөл аудандық филиалы ғимаратының жанында, Баймағамбетов көшесі, 25
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Байтұрсынов көшесі, 1Б
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің И.Я. Сьянов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Кустанайская көшесі, 2
2
Көктал ауылы
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорының Көктал ауылы мәдениет үйінің ғимараты, № 1 көшесі, 56
3
Құсмұрын кенті
Ленин көшесі, 67-үйге қарама қарсы
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорының Құсмұрын кенті мәдениет үйінің ғимараты, Ленин көшесі, 59
Калинин көшесі, 31-үйге қарама қарсы
4
Первомай ауылы
«Ауле-Би» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимаратының жанында, Советская көшесі, 31
5
Тимофеев ауылы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Тимофеев жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, Школьный тұйық көшесі, 6
Аманқарағай ауылдық округі
6
Аманқарағай ауылы
«Аманқарағай станциясы» вокзалы ғимаратының жанында, Вокзальный көшесі, 6 А
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылының Аманқарағай дәрігерлік амбулаториясының ғимаратының жанында, Приэлеваторный көшесі, 16
«Тамаша» демалыс орталығының ғимаратының жанында, Комсомольский көшесі, 3
7
Лесное ауылы
Қостанай облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Семиозерное орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, № 1 көшесі, 22
Диев ауылдық округі
8
Диев ауылы
«Агрофирма «Диевская» жауапкершілігі шектеулі серіктестегінің мәдениет үй ғимаратының жанында, Абай көшесі, 11
9
Қ. Тұрғымбаев ауылы
Абай көшесі, 22-үй, 1-пәтерге қарама қарсы
Қазанбасы ауылдық округі
10
Октябрь ауылы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің № 1 Қазанбасы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, Ленин көшесі, 14
11
Қазанбасы ауылы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің № 2 Қазанбасы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, Степная көшесі, 7
Москалев ауылдық округі
12
Москалев ауылы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Москалев жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, Восточная көшесі, 15
Новоселов ауылдық округі
13
Новоселов ауылы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Новоселовка жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, Баймағамбетов көшесі, 15
14
Аққұдық ауылы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Аққұдық негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, № 3 көшесі, 15
15
Сосновка ауылы
«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Сосновка негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, № 5 көшесі, 11
Новонежин ауылдық округі
16
Новонежин ауылы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Батыржан Кенжетаев атындағы Новонежин жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, Щорс көшесі, 2
17
Лаврентьев ауылы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Лаврентьев негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, № 1 көшесі, 31
Сұлукөл ауылдық округі
18
Юльев ауылы
«Племзавод Сулуколь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимаратының жанында, Ленин көшесі, 25
19
Федосеевка ауылы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Федосеев негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, Баймағамбетов көшесі, 111
Чернигов ауылдық округі
20
Чернигов ауылы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Чернигов жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, Ленин көшесі, 33
21
Харьков ауылы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Харьков бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанында, № 1 көшесі, 1