Құжат мәтініне өту

Об утверждении формы сводных данных по принятым декларациям о воздействии на окружающую среду

Бұйрық · № 227 · қабылданған 01.07.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-157224/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении формы сводных данных по принятым декларациям о воздействии на окружающую среду Қолданыста Бұйрық ·№ 227 ·01.07.2021
01.07.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении формы сводных данных по принятым декларациям о воздействии на окружающую среду

Қолданыста Бұйрық ·№ 227 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении формы сводных данных по принятым декларациям о воздействии на окружающую среду
Атауы (қаз.)
Қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
227
Қабылданған күні
01.07.2021
Көрсетілген редакция
01.07.2021 157224_531222.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100023673
ЭКБ идентификаторы
157224
Редакция идентификаторы
157224_531222
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:43

0 Қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 110-бабының 8-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Стратегиялық
жоспарлау және реформалар агенттiгi
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

1 Қазақстан Республикасының

Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2021 жылғы 1 шілдедегі
№ 227 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне ұсынылады
Әкімшілік деректер нысаны www.eсogeo.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Индекс: 1-ГТҚ
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есептік кезең: 20___ жылғы «___» ____________жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне (қоса алғанда) дейін
Есепті кезеңде қоршаған ортаға әсер ету туралы берілген декларациялардың саны - _______
№ р/с
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Жеке сәйкестендіру нөмірі
Заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауы, тіркелген мекенжайы
Декларацияны беру негізі
Объектінің орналасқан жері
Негізгі қызмет түрі
Қоршаған ортаға кері әсер ететін қызмет түрінің III санатына объектіні беру критерийі
1
2
3
4
5
6
7
8
Кестенің жалғасы
Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындылары
Қалдықтар
Ластаушы заттың атауы
Зат коды
Декларацияланатын көлем, жыл/т
Қалдықтың атауы
Пайда болуы, жыл/т
Жинақтау, жыл/т
Тапсыру, жыл/т
9
10
11
12
13
14
15
Қалқымалы заттар
091
Азот тотығы (NO2)
004
Күкіртті ангидрид (SO2)
001

..
Барлығы
Барлығы
Атауы ___________________________________________________________
Мекенжайы ______________________________________________________
Телефоны ________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _____________________________________
Орындаушы ___________________________________...._________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер бар болса) қолы, телефоны
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың,
облыстың жергілікті атқарушы органының басшысы
немесе оның міндетін атқарушы тұлға
___________________________________________.....___________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер бар болса) қолы, телефоны
Күні 20__ жылғы «____»________________

9 Қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректер нысанына

қосымша

1 1. Осы түсіндірме «Қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар» бойынша жиынтық деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2 2. Нысанды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының тиісті басқармалары толтырады және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне ұсынылады.

3 3. Нысанға облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың астананың жергілікті атқарушы органдарының басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

4 4. Нысан тоқсанына бір рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне (қоса алғанда) дейін ұсынылады.

5 5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

6 6. 1-бағанда реттік нөмірлеу көрсетіледі.

7 7. 2-бағанда заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

8 8. 3-бағанда дара кәсіпкерлер үшін жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

9 9. 4-бағанда заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің толық атауы және олардың тіркелген мекенжайы көрсетіледі.

10 10. 5-бағанда декларацияны беру негізі Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 110-бабының 4-тармағына сәйкес III санаттағы объектілерде қызметті жүзеге асыратын тұлғалар берген декларацияға сәйкес көрсетіледі.

11 11. 6-бағанда нақты орналасқан мекенжайын (пошталық мекенжайы) көрсететін объектінің орналасқан жері көрсетіледі.

12 12. 7-бағанда негізгі қызмет түрі Кодекске 2-қосымшаның 3-бөлімінде санамаланған 79 қызмет түрінен таңдалады.

13 13. 8-бағанда III санатына жатқызу өлшемшарттары 7-бағанында Кодекске 2-қосымшаның 3-бөліміне сәйкес берілген декларацияға сәйкес толтырылады.

14 14. 9 – 10-бағанда тұрақты көздерден негізгі (маркерлік) атмосфералық ауа ластаушы заттардың шығарындылары көрсетіледі, жылына тонна. Ластаушы заттың коды мен атауы қолданыстағы ерекше ластаушы заттардың анықтамалығы бойынша келтіріледі.

15 15. 11-бағанда ластаушы заттар шығарындыларының декларацияланатын саны көрсетіледі.

16 16. 12 – 15-бағанда қалдықтардың (пайда болатын, жинақталатын және қалдықтарды басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдарға берілетін) декларацияланатын саны мен түрлері көрсетіледі.

Қолданыстағы