Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил разработки плана мероприятий по охране окружающей среды

Бұйрық · № 264 · қабылданған 21.07.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-157225/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил разработки плана мероприятий по охране окружающей среды Қолданыста Бұйрық ·№ 264 ·21.07.2021
21.07.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил разработки плана мероприятий по охране окружающей среды

Қолданыста Бұйрық ·№ 264 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил разработки плана мероприятий по охране окружающей среды
Атауы (қаз.)
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
264
Қабылданған күні
21.07.2021
Көрсетілген редакция
21.07.2021 157225_533004.kaz
Соңғы өзгеріс
21.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100023674
ЭКБ идентификаторы
157225
Редакция идентификаторы
157225_533004
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:29

0 Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар

жоспарын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 29-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

1 Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2021 жылғы 21 шілдедегі
№ 264 бұйрығына
қосымша
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар
жоспарын әзірлеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 29-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу тәртібін айқындайды.

2 2-тарау. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу тәртібі

2 2. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларын:

1 1) жергілікті деңгейде – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары;

2 2) республикалық деңгейде – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.

3 3. Осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары үш жылдық кезеңге әзірлейді.

4

4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жергілікті өкілді органдарға, орталық мемлекеттік органдардың мүдделі аумақтық бөлімшелеріне, мүдделі жұртшылыққа Қазақстан Республикасының Экология кодексіне 4-қосымшада көзделген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар тізбесіне сәйкес проблемалық мәселелерді жою бойынша іс-шаралар туралы сұратулар жібереді.

5 5. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралард жоспарының жобасын қарау кезінде қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларды іріктеу үшін мынадай параметрлер ескеріледі:

1 1) аймақтың қоршаған ортасының ағымдағы жай-күйі (оның ішінде аймақтың қоршаған ортасының жай-күйіне экологиялық мониторингтің, зертханалық зерттеулердің, мүдделі экологиялық жұртшылықтың қоғамдық мониторинг нәтижелерінің деректері);

2 2) экология, қоршаған ортаны қорғау саласындағы тарихи проблемалық мәселелер, сондай-ақ оларды шешу жөніндегі іс-шаралар орындалмаған жағдайда экологиялық залал тәуекелі (болжамды ауқымы);

3 3) экологиялық проблемаларды жоюдың қолданыстағы тәсілдері, әдістері, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау жөнінде ұсынылатын іс-шараларға балама тәсілдер мен әдістер;

4 4) қоршаған ортаның сапасын арттырудың болжанатын экологиялық әсері, оның ішінде халықтың денсаулығы үшін;

5 5) тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізудің болжамды нәтижелері;

6 6) нақты іс-шараны іске асыру құнын есептеу;

7 7) Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту жылының алдындағы үш жыл ішінде жергілікті бюджетке түскен қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы сомалары жөніндегі ақпарат;

8 8) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асырудың өзге де мәселелері (жұмыс орындарын құру, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жергілікті жеткізушілерін тарту, импортты алмастыру, өзгелер).

6

6. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларына сапаның экологиялық нормативтеріне, қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне, аумақтарды дамыту бағдарламаларына және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың елді мекендерінің бас жоспарларына қол жеткізуге бағытталған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар енгізіледі.

7 7. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы қоғамдық тыңдауларға жіберіледі.

8 8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қоғамдық тыңдаулар хаттамасымен қоса Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді.

9 9. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 29-бабының талаптарына және осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес келмеген жағдайда Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын келісуден бас тартады.

10

10. Қоршаған орта саласындағы уәкілетті органмен келісілген Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органы бекітеді және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының және қоршаған орта саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

11 11. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органының шешімі бойынша және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бірінші жартыжылдықта жылына бір рет түзетіледі.

1.1 Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары

Қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі іс-шаралар жоспарын
әзірлеу қағидаларына
қосымша
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары
№ р/с
Іс-ша­ра­ның ата­уы
Аяқ­та­лу ны­са­ны
Орын­да­у­ға жа­у­ап­ты
Орын­дау мер­зі­мі
Бо­лжам­ды шы­ғын­дар (мың тең­ге)/қо­сым­ша көз­дер (мың тең­ге)
Қар­жы лан­ды­ру көз­де­рі
Іс-ша­ра­дан кү­ті­ле­тін эко­ло­ги­я­лық әсер*
Ес­кер­ту (орын дал­мау се­беп те­рі)
20__ жыл
20__ жыл
20_ жыл
1. Ат­мо­сфе­ра­лық ауа­ны қор­ғау
1
2
Жиы­ны
2. Су объ­ек­ті­ле­рін қор­ғау
1
2
Жиы­ны
3. Жа­ға­лау және су эко­жүй­е­ле­ріне әсер ету­ден қор­ғау
1
2
Жиы­ны
4. Жер­ді қор­ғау
1
2
Жиы­ны
5. Жер қой­на­уын қор­ғау
1
2
Жиы­ны
6. Жа­ну­ар­лар мен өсім­дік­тер дү­ни­е­сін қор­ғау
1
2
Жиы­ны
7. Қал­дық­тар­мен жұ­мыс іс­теу
1
2
Жиы­ны
8. Ра­ди­а­ци­я­лық, био­ло­ги­я­лық және хи­ми­я­лық қа­уіп­сіз­дік
1
2
Жиы­ны
9. Бас­қа­ру жүй­е­ле­рін және ең озық қа­уіп­сіз тех­но­ло­ги­я­лар­ды ен­ді­ру
1
2
Жиы­ны
10. Ғы­лы­ми-зерт­теу, із­де­сті­ру және бас­қа да әзір­ле­ме­лер
1
2
Жиы­ны
БАР­ЛЫ­ҒЫ
* атмосфералық ауаға, су ресурстарына және қалдықтардың түзілуіне әсер етуді төмендету бойынша сандық көрсеткіш көрсетіледі

Қолданыстағы