Құжат мәтініне өту

Талас ауданы Әкімияты жанындағы жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы

Қаулы · № 33 · қабылданған 04.05.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 26.02.2019 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-15723/?version=15723_392420.kaz
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Талас ауданы Әкімияты жанындағы жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 33 ·04.05.2003
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Талас ауданы Әкімияты жанындағы жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы

ҚАЗТалас ауданы Әкімияты жанындағы жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 33 · қабылданған 04.05.2003

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Талас ауданы Әкімияты жанындағы жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы
Атауы (қаз.)
Талас ауданы Әкімияты жанындағы жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
33
Қабылданған күні
04.05.2003
Көрсетілген редакция
26.02.2019 · қолданыстағы 15723_392420.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
26.02.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V03GJ000981
ЭКБ идентификаторы
15723
Редакция идентификаторы
15723_392420
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 21:24

0 Талас ауданы Әкімияты жанындағы жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы

Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы № 2347 "Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын орындау, халықтың және мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәдениеті мен хабардарлығын жоғарылату мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, аудан Әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Талас ауданы Әкімияты жанындағы жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі құрылсын және оның ережесі бекітілсін.

2 2. Аудан Әкімі аппараты жанынан мемлекеттік қызметкерлерге арналған құқықтық білім мектебі ашылсын.

3 3. Аудан Әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімі аппаратының заң кеңесшісі бірлесе отырып тыңдау контигентін белгілеп, сабақтарды оқыту-тақырыптың жоспарын әзірлеп Жамбыл облыстық Әділет басқармасы бастығына келісілуіне ұсынылсын.

4 4. Ауылдар мен Қаратау қаласының әкімдері осы қаулыда белгіленген тәртіппен жалпыға бірдей құқықтық оқу өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

6 Аудан Әкімияты жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңес туралы Ереже

2003 жылғы 05 мамырдағы № 33
Талас аудандық Әкімиятының "Талас ауданы
Әкімияты жанындағы жалпыға бірдей құқықтық
оқу жөніндегі шаралар өткізу туралы"
қаулысымен бекітілген
Аудан Әкімияты жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу
жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңес туралы
Ереже

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Аудан әкімияты жанындағы құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесі /бұдан әрі мәтін бойынша Кеңес/ мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің құқықтық насихат жөніндегі жұмыстарын үйлестіруші консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2 2. Кеңес аудан Әкімияты жанынан құрылады.

3 3. Кеңес қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы ережеге сәйкес реттеледі.

2 2. Кеңес қызметінің мақсаттары мен міндеттері:

4 4. Кеңес қызметінің мақсаттары:

1 1) аудан Әкімі аппараты қызметкерлерінің, аудандық ұйымдар басшыларының және азаматтардың құқықтық білім деңгейін жоғарылату;

2 2) тұрғындардың құқықтық мәдениетін жоғарылату;

3 3) мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің құқықтық тәрбие жұмыстарын үйлестіру;

4 4) еңбек қатынасында, шарт жасау және ондағы міндеттемелерді орындауда қолданыстағы заңнамалардың дұрыс пайдалануын қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің заң қызметі, кадрлар бөлімі қызметкерлерін құқықтық оқыту.

5 5. Кеңестің міндеттері:

1 1) кәсіпорындардағы, ұйымдардағы, мекемелердегі құқықтық тәрбие жұмысы және құқықтық насихаттың жағдайын зерделеу және олардың нәтижесі бойынша тиісті ұсынымдар әзірлеу;

2 2) оң тәжірибиелерді тарату, құқықтық тәрбие жұмысының әдістемелік құралдарын дайындау, кәсіби-құқықтық дайындық және құқықтық тәрбиенің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

6 6. Кеңес қызметінің түрлері:

1 1) құқықтық білім "күндерін", он "күндігін", "айлығын" өткізу, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен оқу және еңбек ұжымдарында құқықтық тақырыпқа арналған кездесулер ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық білімді насихаттау;

2 2) құқықтық насихат және жалпыға бірдей құқықтық оқу мәселелеріне арналған ғылыми-практикалық конференциялар өткізу;

3 3) жастар арасында құқықтық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және осы жұмысты үйлестіру.

7 7. Кеңес жұмысын ұйымдастыру:

1 1) Кеңес құрамы аудан Әкімиятының қаулысымен үш жылға бекітіледі. Кеңесте төраға, төрағаның орынбасары, хатшы және мүшелер болады. Кеңестің сандық құрамын аудан Әкімі белгілейді;

2 2) Кеңес отырысы қажетіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір реттен өткізіледі. Кеңес отырысына оның құрамының 3-тен 2-сі қатысса құқылы деп саналады;

3 3) мәжіліс қорытындылары бойынша хаттама жасалады, онда қатысушылардың саны, күн тәртібі, мәжіліс барысы мен қабылданған шешімдер көрсетіледі;

4 4) Кеңес осы ережемен белгіленген шектерде, өз жұмысына құқық қорғау, сондай-ақ ведомстволық қарасты кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің басқа қызметкерлерін тартуға және оларға шешімдердің, жоспарлы іс шаралардың атқарылуы жөнінде тапсырмалар беруге құқылы.