Об утверждении Правил ведения государственного гидрометеорологического фонда
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил ведения государственного гидрометеорологического фонда
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік гидрометеорологиялық қорды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 239
- Қабылданған күні
- 07.07.2021
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2024 157284_688549.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100023711
- ЭКБ идентификаторы
- 157284
- Редакция идентификаторы
- 157284_688549
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:40
0 Мемлекеттік гидрометеорологиялық қорды
жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология кодексінің 166-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік гидрометеорологиялық қорды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және осы тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданықа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
энергетика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрлігі
0 Мемлекеттік гидрометеорологиялық қорды жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің м.а.
2021 жылғы 7 шілдедегі
№ 239 Бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік гидрометеорологиялық қорды жүргізу қағидалары
1 1. Осы мемлекеттік гидрометеорологиялық қорды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік гидрометеорологиялық қорды (бұдан әрі-Қор) жүргізу және пайдалану тәртібін айқындайды және Қазақстан Республикасы Экология Кодексінің 166-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2 2. Қор оны пайдалану мақсатында сақтауға жататын құжатталған метеорологиялық және гидрологиялық ақпараттың жиынтығын білдіреді.
3 3. Қорды жүргізуді Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет (бұдан әрі – ҰГМҚ) жүзеге асырады.
4 4. Қордың деректері мемлекеттік бақылау желісінде метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг нәтижесінде, сондай-ақ өзге де бақылаулар мен жұмыстар жүргізу нәтижесінде алынған бастапқы деректер негізінде қалыптастырылады.
ҰГМҚ Қорға өзге метеорологиялық ақпарат өндірушілерден Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған құжатталған метеорологиялық ақпаратты енгізуге құқылы.
5 5. Қордың деректеріне құжатталған метеорологиялық және гидрологиялық ақпараттың мынадай түрлері енгізіледі:
1
1) метеорологиялық бақылаулар (жерге жақын метеорологиялық, актинометриялық, агрометеорологиялық, метеорологиялық радиолокациялық және аэрологиялық және басқа) нәтижесінде алынған бастапқы метеорологиялық деректер: ауа мен топырақ температурасының, ауа ылғалдылығының, атмосфералық қысымның, жауын-шашын мөлшерінің, желдің бағыты мен жылдамдығының мәндері, метеорологиялық құбылыстардың және белгіленген бақылау бағдарламаларына сәйкес анықталатын басқа да сипаттамалар мен параметрлердің болуы, қарқындылығы, ұзақтығы;
2
2) гидрологиялық бақылаулар нәтижесінде алынған бастапқы гидрологиялық деректер: өзендердегі, көлдердегі, су қоймаларындағы, теңіздердегі су деңгейінің, өзендердегі судың өлшенген шығыстарының мәні, белгіленген бақылау бағдарламаларына сәйкес айқындалатын гидрологиялық құбылыстар мен басқа да гидрологиялық сипаттамалар мен параметрлер туралы мәліметтер;
3 3) заң актілерімен көзделген метеорологиялық және гидрологиялық бақылаулардың өзге де түрлерінің бастапқы деректері;
4
4) бастапқы метеорологиялық және гидрологиялық деректерді өңдеу және талдау нәтижесі болып табылатын режимдік метеорологиялық және гидрологиялық ақпарат: әртүрлі қорыту кезеңдері (тәулік, он күндік, ай, жыл) үшін метеорологиялық және гидрологиялық бақылау пункттері бойынша метеорологиялық және гидрологиялық параметрлердің орташа және экстремалды мәндері, белгілі бір метеорологиялық және гидрологиялық параметрлердің олардың сипатты мәндері және тағы басқалар арқылы өту күндері;
5 5) қорытудың әртүрлі кезеңдері бойынша бақыланатын метеорологиялық және гидрологиялық құбылыстар туралы мәліметтер;
6 6) метеорологиялық және гидрологиялық жағдайларды қорытудың белгілі бір кезеңінде байқалған шолулар;
7 7) мемлекеттік климаттық кадастрға және мемлекеттік су кадастрына жататын есептік деректер;
8 8) метеорологиялық және гидрологиялық болжамдарды жасауға арналған өңделген метеорологиялық және гидрологиялық материалдар.
6
6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ақпараттан басқа, Қордың деректеріне метеорологиялық және гидрологиялық байқаулар жүргізу шарттарын, мемлекеттік бақылау желісі пункттерінің ашылу, көшіру, жабылу күндерін сипаттайтын мәліметтер және бастапқы метеорологиялық және гидрологиялық деректер Қорына ұсынылатын толықтығы мен дұрыстығына бағалау жүргізу үшін қажетті басқа да деректер енгізіледі.
7 7. Қорға тек ғылыми, тарихи және практикалық маңызы бар құжатталған метеорологиялық және гидрологиялық ақпарат (бұдан әрі – Қордың ақпараты) енгізіледі.
8 8. Қордың ақпараты осындай ақпаратты сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректемелерді көрсете отырып, қағаз, электрондық тасығыштарда (бұдан әрі – Қордың құжаттары) тіркеледі.
9 9. Қорды жүргізу кезінде ҰГМҚ:
1 1) метеорологиялық ақпаратты оны өндірушілерден жинауды;
2 2) Қор құрамына енгізу үшін ұсынылған метеорологиялық ақпараттың құндылығын бағалауды;
3 3) Қор құрамына енгізілуге жататын метеорологиялық және гидрологиялық ақпаратты өңдеуді және электрондық тасығыштарға жазуды;
4 4) Қор ақпаратын сақтау мерзімдерін белгілеуді;
5 5) Қор құжаттарын жүйелеуді;
6 6) Қор құжаттарын есепке алуды және сақтауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
10 10. Қор құрамына жатқызылған метеорологиялық және гидрологиялық ақпараттың электрондық тасығыштарына өңдеу мен жазуды осындай ақпаратты алу көзіне қарамастан, оған жүктелген функцияларға сәйкес ҰГМҚ жүзеге асырады.
11 11. Қордың құжаттары метеорологиялық және гидрологиялық ақпараттың түрлері бойынша, ол жазылатын материалдық тасығыштардың түрлері бойынша, бақылау пункттерінің атаулары бойынша, облыстар бойынша, жылдар бойынша, әліпби бойынша жүйеленеді.
12 12. Қордың құжаттары ақпарат және материалдық тасығыштар түріне қарамастан міндетті түрде есепке алынуға тиіс.
Қордың құжаттарын есепке алу сақтау бірліктері бойынша жүргізіледі.
13
13. Қордың құжаттарын сақтауды «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 235 бұйрығының талаптарына сәйкес олардың сақталуын қамтамасыз ететін ҰГМҚ жүзеге асырады: