Об утверждении Правил выплаты единовременной компенсации в случае гибели сотрудника дипломатической службы или работника дипломатической службы при исполнении служебных обязанностей за границей либо смерти в течение года вследствие травмы, полученной при исполнении служебных обязанностей за границей, установления ему инвалидности, наступившей в результате заболевания, увечья (ранения, травмы, контузии), полученных при исполнении служебных обязанностей за границей, и получения увечья (ранения, тр
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил выплаты единовременной компенсации в случае гибели сотрудника дипломатической службы или работника дипломатической службы при исполнении служебных обязанностей за границей либо смерти в течение года вследствие травмы, полученной при исполнении служебных обязанностей за границей, установления ему инвалидности, наступившей в результате заболевания, увечья (ранения, травмы, контузии), полученных при исполнении служебных обязанностей за границей, и получения увечья (ранения, тр
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қызметкері немесе Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің жұмыскері шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан не шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаты салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған, оған шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген жағдайда және және шетелде қызметтік міндеттерін орындау кезінде
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 11-1-4/302
- Қабылданған күні
- 26.07.2021
- Көрсетілген редакция
- 21.05.2025 157315_760727.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100023728
- ЭКБ идентификаторы
- 157315
- Редакция идентификаторы
- 157315_760727
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:24
0
Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан не шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаты салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған, оған шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген жағдайда және шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке алып келмеген мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) жағдайында біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 27-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қоса беріліп отырған дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан не шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаты салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған, оған шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген жағдайда және шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке алып келмеген мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) жағдайында біржолғы өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта-қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________________
2021 жылғы «__» __________
0 Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан не шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаты салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған, оған шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген жағдайда және шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке алып келмеген мертігуі (жаралануы, жарақа
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 26 шілдедегі
№ 11-1-4/302 бұйрығымен
бекітілген
Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан не шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаты салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған, оған шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген жағдайда және шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке алып келмеген мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) жағдайында біржолғы өтемақы төлеу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан не шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаты салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған, оған шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген жағдайда және шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке алып келмеген мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) жағдайында біржолғы өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 27-14) тармақшасына сәйкес әзірленді және дипломатиялық қызмет қызметкері немесе дипломатиялық қызмет жұмыскері (бұдан әрі – дипломатиялық қызмет персоналы) шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан не шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаты салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған, оған шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген жағдайда және шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке алып келмеген мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) жағдайында біржолғы өтемақы (бұдан әрі – біржолғы өтемақы) төлеу тәртібін айқындайды.
2
2. Заңның 25-бабының 14-тармағына сәйкес егер дипломатиялық қызмет персоналының қаза табуы (қайтыс болуы), ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) қызметтік міндеттерін орындауға қатысы жоқ мән-жайларға байланысты болғаны белгіленген тәртіппен дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді.
2 2-тарау. Дипломатиялық қызмет персоналы шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы алу үшін қажетті құжаттарды беру тәртібі
3
3. Дипломатиялық қызмет персоналы шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан жағдайда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі (бұдан әрі – шет елдегі мекеме) дипломатиялық қызмет персоналының қаза табуына алып келген мән-жайларды көрсете отырып, осы факт туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Персоналды басқару қызметіне дереу жібереді.
4 4. Егер болу мемлекетінің заңнамасында өзге мерзімдер көзделмесе, дипломатиялық қызмет персоналы қаза тапқаннан (қайтыс болғаннан) кейін 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей шет елдегі мекеме Министрліктің Персоналды басқару қызметіне мынадай құжаттарды:
1 1) дипломатиялық қызмет персоналының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесін;
2 2) осы Қағидаларға 1-қосымшаның нысанына сәйкес дипломатиялық қызмет персоналының шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза табуы (қайтыс болуы) туралы актіні;
3 3) медициналық мекеме берген қайтыс болу туралы медициналық анықтаманың немесе болу мемлекетінің заңнамасына сәйкес қайтыс болу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмелерін жібереді.
5 5. Осы Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген, шетел тілінде жасалған құжат қазақ немесе орыс тілдеріне аударылады, консулдық лауазымды адамның қолымен куәландырылады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрмен (бұдан әрі – елтаңбалық мөр) бекітіледі.
6 6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттар толық көлемде жолданбаған жағдайда, Министрліктің Персоналды басқару қызметі жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы шет елдегі мекемеге хабарлайды және оларды ұсынудың 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімді белгілейді.
7
7. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалатын дипломатиялық қызмет персоналының жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстарының бірі дипломатиялық қызмет персоналы қайтыс болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірмей Министрліктің Персоналды басқару қызметіне осы Қағидаларға 2-қосымшаның нысанына сәйкес біржолғы өтемақы төлеуге өтініш береді.
3 3-тарау. Дипломатиялық қызмет персоналы шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаттың салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған жағдайда біржолғы өтемақы алу үшін қажетті құжаттарды беру тәртібі
8
8. Дипломатиялық қызмет персоналы шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде жарақат алған кезде шет елдегі мекеме дипломатиялық қызмет персоналының жарақат алуына алып келген мән-жайларды көрсете отырып, осы факт туралы ақпаратты, сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаның нысанына сәйкес дипломатиялық қызмет персоналының шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде жарақат алғаны туралы актіні Министрліктің Персоналды басқару қызметіне дереу жібереді.
Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көзделген актінің көшірмесін шет елдегі мекеме шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде жарақат алған дипломатиялық қызмет персоналына ұсынады.
9
9. Шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаттың салдарынан бір жыл ішінде дипломатиялық қызмет персоналы қайтыс болған жағдайда «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалатын дипломатиялық қызмет персоналының жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстарының бірі, Министрліктің Персоналды басқару қызметі және шет елдегі мекеме осы Қағидалардың 2-тарауында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады.
10
10. Дипломатиялық қызмет персоналы шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаттың салдарынан бір жыл ішінде қайтыс болған жағдайда, ол шет елдегі мекемеде жұмысын тоқтатқаннан кейін, қайтыс болған дипломатиялық қызмет персоналының жұбайы (зайыбы) немесе «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалатын жақын туыстарының бірі, дипломатиялық қызмет персоналы қайтыс болған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірмей Министрліктің Персоналды басқару қызметіне жүгініп, мынадай құжаттарды:
1 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаның нысанына сәйкес біржолғы өтемақы төлеуге өтінішті;
2 2) дипломатиялық қызмет персоналының қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесін;
3 3) шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаттың салдарынан дипломатиялық қызмет персоналының бір жыл ішінде қайтыс болу фактісі бойынша медициналық қорытындыны;
4 4) осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде жарақат алған дипломатиялық қызмет персоналына шет елдегі мекеме ұсынған актінің көшірмесін ұсынады.
11 11. Осы Қағидалардың 10-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, шет тілінде жасалған құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылады, консулдық лауазымды адамның қолымен расталады және елтаңбалық мөрмен бекітіледі.
4 4-тарау. Дипломатиялық қызмет персоналы шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан болған мүгедектік белгіленген және шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке алып келмеген мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) жағдайында оған біржолғы өтемақы алуға қажетті құжаттарды беру тәртібі
12
12. Шет елдегі мекеме дипломатиялық қызмет персоналы шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) мән-жайларын көрсете отырып, осы факт туралы ақпаратты, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дипломатиялық қызмет персоналының шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) туралы актіні Министрліктің Персоналды басқару қызметіне дереу жібереді.
Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көзделген актінің көшірмесін шет елдегі мекеме шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) дипломатиялық қызмет персоналына ұсынады.
13
13. Дипломатиялық қызмет персоналы шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде ауруы, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан туындаған немесе мүгедектікке алып келмеген мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан кейін мүгедектік белгіленген күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірмей Министрліктің Персоналды басқару қызметіне мынадай құжаттарды:
1 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаның нысанына сәйкес біржолғы өтемақы төлеуге өтінішті;
2
2) дипломатиялық қызмет персоналына мүгедектік белгіленгенін растайтын медициналық қорытындыны немесе болу мемлекетінің заңнамасына сәйкес берілген дипломатиялық қызмет персоналының шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде жарақат алу фактісі бойынша медициналық қорытындыны немесе куәландыруды;
3 3) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде жарақат алған дипломатиялық қызмет персоналына шет елдегі мекеме ұсынған актінің көшірмесін ұсынады.
14 14. Осы Қағидалардың 13-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, шет тілінде жасалған құжат қазақ немесе орыс тілдеріне аударылады, консулдық лауазымды адамның қолымен расталады және елтаңбалық мөрмен бекітіледі.
5 5-тарау. Біржолғы өтемақы төлеу тәртібі
15 15. Министрліктің Персоналды басқару қызметі осы Қағидалардың 7, 10 және 13-тармақтарында көзделген құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылған құжаттардың толықтығын салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
16
16. Құжаттарды толық көлемде алмаған жағдайда, Министрліктің Персоналды басқару қызметі осы Қағидалардың 7, 10 және 13 тармақтарына сәйкес Министрліктің Персоналды басқару қызметіне құжаттарды берген тұлғаны (бұдан әрі-өтініш беруші) жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді және оларды ұсынудың 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімін белгілейді.
17
17. Министрліктің Персоналды басқару қызметі құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде біржолғы өтемақы төлеу туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің (бұдан әрі – Министр) немесе оның міндетін атқарушы адамның бұйрығының жобасын әзірлейді және оны олардың қарауына енгізеді.
Министр немесе оның міндетін атқарушы адам Министрліктің Персоналды басқару қызметі біржолғы өтемақы төлеу туралы бұйрықтың жобасын ұсынғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қол қою туралы шешім қабылдайды.
Министрліктің Персоналды басқару қызметі 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіні Министрдің немесе оның міндетін атқарушы адамның қабылдаған шешімі туралы хабардар етеді.
18
18. Біржолғы өтемақы төлеуден бас тарту негізі анықталған жағдайда Министрліктің Персоналды басқару қызметі әкімшілік акт қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге біржолғы өтемақы төлеуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ өтініш берушінің алдын ала шешім бойынша позициясын білдіруіне мүмкіндік беру үшін өткізілетін тыңдаудың уақыты, күні мен орны, тәсілі туралы хабарлайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша Министрліктің Персоналды басқару қызметі біржолғы өтемақы төлеу туралы Министрдің немесе оның міндетін атқаратын адамның бұйрықтың жобасын әзірлейді және олардың қарауына ұсынады немесе өтініш берушіге біржолғы өтемақы төлеуден дәлелді бас тарту жолдайды.
19 19. Біржолғы өтемақы төлеуден дәлелді бас тарту осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген жағдайда ұсынылады.
20
20. Біржолғы өтемақы Министрдің немесе оның міндетін атқарушы адамның біржолғы өтемақы төлеу туралы бұйрығы қабылданған күннен бастап 1 (бір) айдан кешіктірілмей осы Қағидалардың 7-тармағында, 10-тармағының 1) тармақшасында және 13-тармағының 1) тармақшасында көзделген өтініштерде көрсетілген банк шотына аудару арқылы төленеді.
21 21. Біржолғы өтемақы төлеу Заңның 25-бабының 9, 12 және 13-тармақтарында белгіленген мөлшерлерде республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
1 Шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде дипломатиялық қызмет персоналының қаза табуы (қайтыс болуы) туралы акт
Дипломатиялық қызмет қызметкері
немесе дипломатиялық қызмет
жұмыскері шет елде қызметтік
міндеттерін орындау кезінде қаза
тапқан не шет елде қызметтік
міндеттерін орындау кезінде
алған жарақаты салдарынан
бір жыл ішінде қайтыс болған,
оған шет елде қызметтік міндеттерін
орындау кезінде ауруы, мертігуі
(жаралануы, жарақаттануы, контузия
алуы) салдарынан болған мүгедектік
белгіленген жағдайда және шет елде
қызметтік міндеттерін орындау
кезінде мүгедектікке алып келмеген
мертігуі (жаралануы, жарақаттануы,
контузия алуы) жағдайында біржолғы
өтемақы төлеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
«Бекітемін»
Қазақстан Республикасының
шет елдегі мекемесінің басшысы
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған кезде)
____________________________
(Қазақстан Республикасының
шет елдегі мекемесі
басшысының қолы)
20___ жылғы «__» ______
Шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде дипломатиялық қызмет персоналының қаза табуы (қайтыс болуы) туралы акт
1. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауы және мекен-
жайы:__________________________________________________________
2. Дипломатиялық қызмет персоналының тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса), лауазымы:_____________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Қаза тапқан (қайтыс болған) дипломатиялық қызмет персоналының
жасы: _______________________________________________________________
4. Оқиғаның уақыты мен күні: _____________________________________
5. Оқиға орны: __________________________________________________
6. Оқиғаның себебі: ______________________________________________
_______________________________________________________________
7. Оқиғаға алып келген мән-жайлар: ________________________________
____________________________________________________________________
8. Оқиға куәгерлері (болған жағдайда):
_____________________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы) (қолы)
_____________________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы) (қолы)
_____________________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы) (қолы)
Дипломатиялық қызмет персоналының шет елде қызметтік міндеттерін
орындау кезінде қаза табуы (қайтыс болуы) туралы осы Акт дипломатиялық
қызмет персоналының қаза табуы (қайтыс болуы) оның
____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауын көрсету)
жұмыс істеген уақытында шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде
болғанын растайды.
2 Біржолғы өтемақы төлеуге өтініш
Дипломатиялық қызмет қызметкері
немесе дипломатиялық қызмет
жұмыскері шет елде қызметтік
міндеттерін орындау кезінде қаза
тапқан не шет елде қызметтік
міндеттерін орындау кезінде алған
жарақаты салдарынан бір жыл ішінде
қайтыс болған, оған шет елде қызметтік
міндеттерін орындау кезінде ауруы,
мертігуі (жаралануы, жарақаттануы,
контузия алуы) салдарынан болған
мүгедектік белгіленген жағдайда және
шет елде қызметтік міндеттерін
орындау кезінде мүгедектікке алып
келмеген мертігуі (жаралануы,
жарақаттануы, контузия алуы)
жағдайында біржолғы
өтемақы төлеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Кімге:
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
Персоналды басқару қызметі
Кімнен:
___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда) мекенжайы бойынша
тұратын:
____________________________
____________________________
жеке сәйкестендіру номері және
жеке басын куәландыратын
құжаттың деректемелері:
___________________________
____________________________
Біржолғы өтемақы төлеуге өтініш
Сізден маған____________________________________________________________
(тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсету)
____________________________________________________________________
(өтініш беруші Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналы
болып табылатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының
дипломатиялық қызмет персоналына қатысты туыстық дәрежесін көрсету)
____________________________________________________________________
(біржолғы өтемақы төленетін оқиғаның сипатын көрсету)
оқиғасына байланысты біржолғы өтемақыны келесі банктік деректемелерге
аударуды сұраймын:
____________________________________________________________________.
(алушының жеке шотының немесе карта - шотының банктік деректемелерін
көрсету)
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
1.__________________________________;
2.__________________________________;
3.__________________________________.
20___жылғы «___»____________
_____________________________________ ___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Құжаттар қабылданды:
20___жылғы «___» _____________
_____________________________________ ___________________________
(Қазақстан Республикасының (қолы)
Сыртқы істер министрлігі
Персоналды басқару қызметінің
лауазымды адамының тегі, аты,
әкесінің аты (болған кезде)
3 Шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде дипломатиялық қызмет персоналының жарақат алуы туралы акт
Дипломатиялық қызмет қызметкері
немесе дипломатиялық қызмет
жұмыскері шет елде қызметтік
міндеттерін орындау кезінде қаза
тапқан не шет елде қызметтік
міндеттерін орындау кезінде
алған жарақаты салдарынан
бір жыл ішінде қайтыс болған,
оған шет елде қызметтік міндеттерін
орындау кезінде ауруы, мертігуі
(жаралануы, жарақаттануы,
контузия алуы) салдарынан болған
мүгедектік белгіленген жағдайда
және шет елде қызметтік міндеттерін
орындау кезінде мүгедектікке
алып келмеген мертігуі (жаралануы,
жарақаттануы, контузия алуы)
жағдайында біржолғы өтемақы
төлеу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
«Бекітемін»
Қазақстан Республикасының
шет елдегі мекемесінің басшысы
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған кезде)
____________________________
(Қазақстан Республикасының
шет елдегі мекемесі
басшысының қолы)
20___ жылғы «__» ______
Шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде дипломатиялық қызмет персоналының жарақат алуы туралы акт
1. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауы және мекен-
жайы:_______________________________________________________________
2. Жарақат алған дипломатиялық қызмет персоналының тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса), лауазымы:______________________________________________
3. Жарақат алған дипломатиялық қызмет персоналының жасы:
_______________________________________________________________
4. Оқиғаның уақыты мен күні: _____________________________________
5. Оқиға орны: __________________________________________________
6. Оқиғаның себебі: ______________________________________________
_______________________________________________________________
7. Оқиғаға алып келген мән-жайлар: ________________________________
_______________________________________________________________
8. Оқиға куәгерлері (болған жағдайда):
____________________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы) (қолы)
____________________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы) (қолы)
____________________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы) (қолы)
9. Жарақат алған сәтте жарақат алған дипломатиялық қызмет
персоналының физикалық жай-күйі: _____________________________________
____________________________________________________________________.
Дипломатиялық қызмет персоналының шет елде қызметтік міндеттерін
орындау кезінде жарақат алғаны туралы осы Акт дипломатиялық қызмет
персоналының жарақат алуы оның ______________________________________
____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауын көрсету)
жұмыс істеген уақытында шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде
болғанын растайды.
4 Шет елде дипломатиялық қызмет персоналының қызметтік міндеттерін орындау кезінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) туралы акт
Дипломатиялық қызмет қызметкері
немесе дипломатиялық қызмет
жұмыскері шет елде қызметтік
міндеттерін орындау кезінде қаза
тапқан не шет елде қызметтік
міндеттерін орындау кезінде
алған жарақаты салдарынан бір жыл
ішінде қайтыс болған, оған шет елде
қызметтік міндеттерін орындау кезінде
ауруы, мертігуі (жаралануы,
жарақаттануы, контузия алуы)
салдарынан болған мүгедектік
белгіленген жағдайда және шет елде
қызметтік міндеттерін орындау кезінде
мүгедектікке алып келмеген мертігуі
(жаралануы, жарақаттануы, контузия
алуы) жағдайында біржолғы өтемақы
төлеу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
«Бекітемін»
Қазақстан Республикасының
шет елдегі мекемесінің басшысы
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған кезде)
____________________________
(Қазақстан Республикасының
шет елдегі мекемесі
басшысының қолы)
20___ жылғы «__» ______
Шет елде дипломатиялық қызмет персоналының қызметтік міндеттерін орындау кезінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) туралы акт
1. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауы және мекен-
жайы: _______________________________________________________________
2. Мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) дипломатиялық
қызмет персоналының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы:
____________________________________________________________________
3. Мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) дипломатиялық
қызмет персоналының жасы:____________________________________________
4. Оқиғаның уақыты мен күні: _____________________________________
5. Оқиға орны: __________________________________________________
6. Оқиғаның себебі: _____________________________________________
7. Оқиғаға алып келген мән-жайлар: _______________________________
8. Оқиға куәгерлері (болған жағдайда):
____________________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы) (қолы)
____________________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы) (қолы)
____________________________________________ __________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы) ( қолы)
9. Мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) кезде мертіккен
(жараланған, жарақаттанған, контузия алған) дипломатиялық қызмет
персоналының физикалық жай-күйі: ___________________________________
10. Мертігу түрі: _______________________________________________
(жарақат, контузия)
Дипломатиялық қызмет персоналының шет елде қызметтік міндеттерін
орындау кезінде мертіккені (жараланғаны, жарақаттанғаны, контузия алғаны)
туралы осы Акт дипломатиялық қызмет персоналының мертігуі (жаралануы,
жарақаттануы, контузия алуы) оның _____________________________________
____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауын көрсету)
жұмыс істеген уақытында шет елде қызметтік міндеттерін орындау кезінде
болғанын растайды.