О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 621
- Қабылданған күні
- 19.07.2021
- Көрсетілген редакция
- 19.07.2021 157352_532383.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U2100000621
- ЭКБ идентификаторы
- 157352
- Редакция идентификаторы
- 157352_532383
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:31
0 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2 2. Қызмет бабында пайдалану үшін.
3 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4 4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 19 шілдедегі
№ 621 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1 1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығына:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Сығанақ көшесі, 66.»;
16-тармақта:
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді және азаматтағы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесі, сондай-ақ шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері арасындағы ынтымақтастықты нығайтқаны үшін көтермелейді;»;
мынадай мазмұндағы 25-1) және 25-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«25-1) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери қызметшілерінің санатына ауыстырылатын жағдайларды және тәртіпті айқындайды;
25-2) ұлттық қауіпсіздік органының бөлімшесін басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға жатқызады;»;
мынадай мазмұндағы 58-1) тармақшамен толықтырылсын:
«58-1) құпия;»;
66) тармақша алып тасталсын;
68-1) және 68-2) тармақшалар алып тасталсын;
79) тармақша алып тасталсын;
82) тармақша алып тасталсын;
87-1) тармақша алып тасталсын;
110) тармақша алып тасталсын;
112) тармақша алып тасталсын;
113) және 114) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«113) құпия;
114) құпия;»;
мынадай мазмұндағы 117-1) тармақшамен толықтырылсын:
«117-1) құпия;»;
123) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«123) құпия;»;
125-23) тармақша алып тасталсын;
125-51), 125-52), 125-53), 125-54), 125-55), 125-56), 125-57), 125-58), 125-59) және 125-60) тармақшалар алып тасталсын;
125-63) және 125-64) тармақшалар алып тасталсын;
125-68) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 125-70) және 125-71) тармақшалармен толықтырылсын:
«125-70) бюджеттiк өтiнiмдi дайындау тәртібін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ішінде келісу мерзімдерін айқындайды;
125-71) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің ақпараттық қауіпсіздігін, инженерлік-техникалық, арнаулы және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды әзірлейді;».
2 2. Құпия.
3
3. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери лауазымдар және оларға сәйкес әскери атақтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 453қбп Жарлығына: («Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар).
4 4. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 954 Жарлығына:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі туралы ережеде:
(құпия).
5 5. Құпия.
6 6. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 163 Жарлығына:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Сыртқы барлау қызметі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
«22-1. ҰҚК Сыртқы барлау қызметі осы Ереженің 14-тармағының 12) тармақшасын, 15-тармағының 3) және 16) тармақшаларын, 16-тармағының 8) тармақшасын, сондай-ақ 20-тармағының 1) және 5) тармақшаларын ҰҚК Төрағасы басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға жатқызған ҰҚК Сыртқы барлау қызметі бөлімшесінің әскери қызметшілеріне қатысты да қолданады.».