О Правилах передачи в имущественный наем имущества, находящегося в хозяйственном ведении или оперативном управлении государственных коммунальных предприятий, в том числе объектов государственной собственности, не подлежащих приватизации Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.10.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегі немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның ішiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру ережесi туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегі немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның ішiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру ережесiн бекiту туралы" 2001 жылғы 7 наурыздағы № 336 қаулысын орындау үшін, облыс әкімияты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектілерiн мүлiктiк жалға беру ережесi бекiтiлсiн (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарды басқару органдары (аудан және қала әкімдері, облыстық басқармалары):
Тармақша 1
1) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзудегi немесе жедел басқарудағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру кезiнде осы қаулымен бекітілген Ережесін сақтауын;
Тармақша 2
2) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк кәсiпорындардың өздерiнiң шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктi мүлiктiк жалға беруi жөнiндегi тоқсан сайынғы қосымшаға сәйкес жиынтық есептi Маңғыстау облысының коммуналдық меншігін басқару жөніндегі Департаментіне есепті кезеңнен кейінгі айдың бесінен кешіктірмей беруін қамтамасыз етсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары М.М.Бортникке жүктелсін.
Басқа 6
Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 7 қазандағы № 157 қаулысына 1 қосымша Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың шаруашылық жүргізуiндегі немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектілерiн мүлiктiк жалға беру ЕРЕЖЕСI
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне , Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрлендi әрi мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктік жалға беру ерекшелiктерiн регламенттейдi.
Тармақ 2
2. Осы Ереже мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мемлекеттiк мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың шаруашылық жүргізуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiкті, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын коммуналдық меншiк объектiлерiнiң мүлкiн мүлiктiк жалға беру тендерлік негізінде жүргізіледі егер мынадай жағдайларын қоспағанда:
Тармақша 1
1) мүліктік жалға беру егер жалдаушы ретінде облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар болса;
Тармақша 2
2) алаңы 150 шаршы метрге дейiн үй-жайларды, теңгерiмдiк құны 150 есе ең төменгi есептiк көрсеткiштен аспайтын жабдықты және мемлекеттiк басқару органдарының ұсынысы бойынша уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiмен жүзеге асырылатын курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер және спорттық iс-шаралар өткiзу үшiн бiр айдан аспайтын мерзiмге оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың үй-жайларын беру;
Тармақша 3
3) облыс әкімиятының жекелеген актілері негiзiнде жүзеге асырылатын коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердің стратегиялық маңызы бар объектiлерiн мүлiктiк жалға беру; Жалға алынған мүлiктi пайдаланғаны үшiн ақы төлеу ақшамен жүргізіледі. Жалдау ақысының есептiк ставкалары объектінің орналасқан жерін ескере отырып анықталады, өзіндік мақсатында пайдалану және оларды уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жалға берушi бекiтеді. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың жедел басқаруында болса, онда алаңды жалдау төлемі алынбайды. 📌 Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 90 қаулысымен , өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 21 қаулысымен ; 2005 жылғы 1 шілдедегі № 213 қаулысымен .
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың шаруашылық жүргізуiндегi немесе жедел басқаруындағы мемлекеттік мүлiкті, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын меншiк объектiлерiн мүліктiк жалға беру кейіннен сатып алу құқығынсыз жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындары басқару органдары тоқсан сайын қосымшаға сәйкес есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-нен кешіктірмей жиынтық есебін уәкілетті органы Маңғыстау облысының қаржы Департаментіне тапсырады. < 📌 Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 21 қаулысымен .
Тарау 2. 2. Жалға берушi
2. Жалға берушi
Тармақ 6
6. Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiн мүлiктiк жалға беру кезiнде жалға беруші ретінде мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын түседі.
Тармақ 7
7. Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын шаруашылық жүргiзуiндегi мүлкiн үш жылға дейiнгi мерзiмге мүлiктiк жалға беру туралы шешiмдi өзi дербес қабылдайды. Мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорынның шаруашылық жүргiзуiндегi мүлiктi, сондай-ақ, мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорынның жедел басқаруындағы мүлкiн берудi, кәсiпорын тек мемлекеттiк басқару органымен келiскеннен кейiн және уәкiлеттi органның - Маңғыстау облысының коммуналдық меншігін басқару жөніндегі Департаментінің жазбаша келісімімен ғана жүзеге асыра алады. 📌 Ескерту. 7-тармақ өзгерді - Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 90 қаулысымен.
Тармақ 7-1
7-1. Егер мүліктік жалға беру жедел басқару құқығына негізделген мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның Жарғысында көздемеген жағдайда, онда мүліктік жалға беру тек уәкілетті орган - Маңғыстау облысының қаржы Департаменті арқылы ғана жүзеге асырылады. 📌 Ескерту. 7-1 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы әкімиятының 2004 жылғы 26 наурыздағы № 73 , өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 21 қаулыларымен.
Тармақ 8
8. Жалға берушi мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мүлiктi мүлiктiк жалға беру туралы және тендер өткiзу туралы шешiм қабылдайды;
Тармақша 2
2) тендер өткiзiлетiн күн мен орнын, оның шарттарын, сондай-ақ тендер жеңiмпазын таңдау өлшемдерiн белгiлейдi;
Тармақша 3
3) тендерлiк құжаттаманы бекiтедi;
Тармақша 4
4) тендерлiк комиссия құрады;
Тармақша 5
5) кепiлдiк жарналарды қабылдайды;
Тармақша 6
6) тендерлiк комиссия отырыстарының хаттамаларын бекiтедi;
Тармақша 7
7) тендер жеңiмпазымен мүлiктi жалға беру шартын жасасуды қамтамасыз етедi;
Тармақша 8
8) тендер аяқталғаннан кейiн тендерге қатысушыларға заң кесiмдерiмен белгiленгеннен басқа жағдайларда кепілдiк жарналарын қайтарады;
Тармақша 9
9) тендердi өткiзуге қажеттi өзге функциялар.
Тармақ 9
9. Тендердi ұйымдастырушы ретiнде тендерлiк комиссия не жалға берушiнiң тапсырмасы бойынша тендер ұйымдастырушы әрекет етедi.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік мекемесінің Тендерлiк комиссия жалға берушiнiң және уәкiлеттi органның өкiлдерiнен құралады. Тендерлiк комиссияның құрамына сол сияқты жалға берушiнiң мемлекеттiк басқару органының және өзге де мүдделi ұйымдардың өкiлдерi енгiзiлуі мүмкiн. 📌 Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 90 қаулысымен
Тармақ 10-1
10-1. Маңғыстау облысының қаржы Департаментінің тендерлік комиссия мүшесіне міндетті түрде мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік басқару органдарының өкілдері кіреді. 📌 Ескерту. 10-1 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 21 қаулысымен .
Тармақ 11
11. Тендерлiк комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) тендердi жариялау үшiн тендерлiк құжаттамаларды және басқа да қажеттi құжаттарды дайындайды;
Тармақша 2
2) тендерге қатысушыларды тендерлiк құжаттамалармен және тендер объектiсiмен таныстыру жүргiзедi;
Тармақша 3
3) тендердiң өткiзiлуi туралы хабарлама жариялауды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) ұсынылған өтiнiмдердi қабылдауды, тiркеудi және сақтауды жүргiзедi;
Тармақша 5
5) өтiнiмдердi қабылдау және тiркеу аяқталғаны туралы хаттама әзiрлейдi;
Тармақша 6
6) қажет болған жағдайда, тендерлiк және басқа қажетті құжаттамаларды дайындау, өтiнiмдердi жинау және талдау бойынша жұмыстарды жүргiзу жөнiнде мамандар мен сарапшылар тартады;
Тармақша 7
7) тендерлiк комиссия отырысының тендер қорытындылары бойынша тендер жеңiмпазын анықтаған тұжырымы немесе өзге шешiмi бар хаттамасын ресiмдейдi.
Тармақ 12
12. Тендерлiк комиссияның шешiмi комиссия мүшелерiнiң жәй көпшiлiк дауысымен қабылданады, дауыстар тең болған ретте тендерлiк комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
Тармақ 13
13. Тендерлiк комиссияның отырыстары, егер оларға тендерлiк комиссия мүшелерiнiң 2/3-сi қатысса, заңды болып табылады.
Тармақ 14
14. Жалға берушi тендердi ұйымдастырушыны белгіленген жағдайда, ол тендерлiк комиссия функцияларының осы Ереженiң 11-тармағының 1), 2), 3) және 6) тармақшаларында көрсетiлген бөлiгiн орындайды.
Тарау 3. 3. Тендерлiк құжаттама
3. Тендерлiк құжаттама
Тармақ 15
15. Тендерлiк құжаттаманы дайындаудың нақты тәртiбiн, құрамын және шарттарын жалға берушi белгiлейдi.
Тармақ 16
16. Тендер өткiзу туралы хабарламаны тендер өткiзуге дейiн кемiнде 15 күн бұрын тендер ұйымдастырушы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы тиiс.
Тармақ 17
17. Тендер өткiзу туралы хабарламада:
Тармақша 1
1) жалға берушінің атауы;
Тармақша 2
2) мүлiктiк жалдың мерзiмi;
Тармақша 3
3) тендердiң шарттары және жеңiмпазды таңдау өлшемдерi;
Тармақша 4
4) тендер объектiсiнiң қысқаша сипаттамасы;
Тармақша 5
5) тендерге қатысуды ресімдеу тәртiбi туралы мәлiмет;
Тармақша 6
6) тендерге қатысу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi;
Тармақша 7
7) мүлiктiк жалға беру шартын жасасу мерзiмi;
Тармақша 8
8) тендерлiк құжаттаманы алатын және тендер объектiсiмен танысатын мекен-жай, мерзiмдерi мен шарттары;
Тармақша 9
9) тендер өткiзiлетiн күн, уақыты және орны туралы мәлiметтер;
Тармақша 10
10) өтiнiмдер қабылдау басталатын және аяқталатын күн мен уақыты болуы тиiс.
Тармақша 11
11) және жалдау ақысының бастапқы ставкасының мөлшерi (облыс әкімияты қаулысымен бекітілген, есептік ставкаларынан төмен болмауы тиіс). 📌 Ескерту. 17-тармақ толықтырылды - Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 90 , өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 21 қаулыларымен.
Тармақ 18
18. Тендерлiк құжаттама тендерге қатысушының жазбаша сұрауы бойынша, тендер комиссиясы белгiлеген тәртiппен жиынтықта ұсынылады.
Тармақ 19
19. Тендерлiк құжаттама мынадай негiзгi бөлiмдерден тұруы тиiс:
Тармақша 1
1) тендер объектiсi туралы мәлiмет;
Тармақша 2
2) өтiнiмнiң және онымен бiрге ұсынылатын құжаттардың мазмұны бойынша талаптар;
Тармақша 3
3) тендер өткiзудiң шарттары мен тәртiбi;
Тармақша 4
4) тендер жеңiмпазын таңдау өлшемдерi;
Тармақша 5
5) мүлiктiк жалға беру шартының жобасы;
Тармақша 6
6) тендерге қатысуға өтiнiмнiң үлгiсi.
Тарау 4. 4. Тендерге қатысуға өтiнiмдер
4. Тендерге қатысуға өтiнiмдер
Тармақ 20
20. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген тұлғаның тендер объектiсiн қарауға, сондай-ақ тендер өткiзу шарттары мен тәртiбi туралы ақпарат алуға құқылы.
Тармақ 21
21. Тендерге қатысуға ниет білдiрген тұлға мына құжаттарды тендер комиссиясына ұсынуы тиiс:
Тармақша 1
1) үмiткердің тендерге қатысуға келiсiмi және оның тендер шарттарын орындау мен мүлiктiк жалға беру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттемесi көрсетiлген өтінімi;
Тармақша 2
2) жарғының және мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктің (заңды тұлғалар үшiн) нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
Тармақша 3
3) кепiлдiк жарнасын аударғанын растайтын төлем тапсырмасының көшiрмесi;
Тармақша 4
4) тендер шарттары жөнiнде желiмделген конвертке салынған өзiнiң ұсынысы;
Тармақша 5
5) ақпараттық хабарда көрсетiлген өзге де құжаттар.
Тармақ 22
22. Өтiнiм тендерлiк құжаттамада белгiленген талаптар мен шарттарға сәйкес дайындалуы тиiс. Өтiнiмдер қос конвертте қабылданады. Сыртқы конвертте:
Тармақша 1
1) өтiнiм, нұсқаның көрсетілуі осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес;
Тармақша 2
2) жарғының және мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (заңды тұлғалар үшiн) нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
Тармақша 3
3) кепiлдiк жарнасын аударғанын растайтын төлем тапсырмасының көшiрмесi;
Тармақша 4
4) ақпараттық хабарда көрсетiлген өзге де құжаттар болуы тиiс. Iшкi конвертте үмiткердiң өзiнiң ұсыныстары болуы тиiс. Ішкi конверт өтінім беру кезіне жабық әрі үміткер оған мөр басқан болуы тиiс. 📌 Ескерту. 22-тармақ толықтырылды - Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 90 , өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 21 қаулыларымен.
Тармақ 23
23. Тендерлiк комиссия өтiнiмдердi қабылдау кезiнде iшкi конверттегiнi қоспағанда, қажеттi құжаттардың түгелдiгiн тексередi. Егер құжаттар осы Ереженiң 22-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, тендерлiк комиссия өтiнiмдi қабылдау мен тiркеуден бас тартатыны туралы, бас тарту себебiн көрсете отырып, сол күнi үмiткерге жазбаша хабарлайды.
Тармақ 24
24. Барлық қажеттi құжаттар болған ретте тендерлiк комиссия қабылдау күнiн және сағатын көрсете отырып, өтiнiмдi тiркеуге мiндеттi. Бұл кезде iшкi конверт ашылмайды.
Тармақ 25
25. Тендерге қатысуға ниет бiлдiрген тұлға оның өтiнiмi тiркелгеннен кейiн тендердiң қатысушысына айналады.
Тармақ 26
26. Тендерге қатысушы қосымша мәлiметтердi, тендерге шығарылған объектi бойынша нақтылауды тегiн алуға құқылы.
Тармақ 27
27. Өтiнiмдердi қабылдау мен тiркеу аяқталған күнi тендер комиссиясы өтiнiмдер қабылдау мен тiркеудiң аяқталғаны туралы хаттамаға қол қояды. Өтiнiмдер қабылдау аяқталғаны туралы хаттамада мынадай мәлiметтер болуы тиiс:
Тармақша 1
1) тендер объектiсi туралы мәлiмет;
Тармақша 2
2) тiркеуге алынған өтiнiмдер саны мен тiзбесi;
Тармақша 3
3) қайтарылып алынған өтiнiмдер (олар болған жағдайда) саны мен тiзбесi.
Тарау 5. 5. Тендер рәсiмi
5. Тендер рәсiмi
Тармақ 28
28. Егер өтiнiмдер қабылдау мерзiмiнiң аяқталу сәтiнде бiр ғана өтінім тiркелген болса (екiншi және келесi тендерлердi қоспағанда), тендер өтпедi деп танылады.
Тармақ 28-1
28-1. Бір және сол объект бойынша тендер 2 рет өткізілмеген жағдайда, объект берушінің шешімі бойынша бір қатысушының мүліктік жалдауына берілуі мүмкін; 📌 Ескерту. 28-1 тармақпен толықтырылды - Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 21 қаулысымен.
Тармақ 29
29. Тендер өтетiн күнi отырыста тендерлiк комиссия тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар конверттердi ашады және олардың ұсыныстарын жариялайды. Конверттердi ашу алдында комиссия олардың бүтiндiгiн тексередi, бұл тендер комиссиясы отырысының хаттамасында көрсетiледi. Конверттердi ашу және ұсыныстарды жариялау кезiнде тендерге қатысушылардың немесе олардың тиiстi дәрежеде уәкілеттiк берiлген өкiлдерiнің қатысуға құқықтары бар.
Тармақ 30
30. Тендерлiк комиссия ұсынылып отырған ұсыныстардың тендерлiк құжаттамада көрсетiлген талаптарға сәйкестiгiн тексередi. Ұсынылып отырған ұсыныстар тендерлiк құжаттамада көрсетiлген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда көрсетiлген ұсыныстар одан әрi қарауға жатпайды және мұндай өтiнiм берген тұлға тендерге қатысушы мәртебесiн жоғалтады, бұл тендерлiк комиссия отырысының хаттамасында көрсетiледi.
Тармақ 31
31. Тендерлiк комиссия конверттердi ашып, ұсыныстарды жариялағаннан кейiн ұсыныстарды талқылау және бағалау үшiн кеңесуге кетедi. Тендерге қатысушылардың (олардың өкiлдерiнiң) ұсыныстарды талқылау және бағалау кезiнде қатысуға құқықтары жоқ.
Тармақ 32
32. Тендер объектiсiн пайдалану үшiн ең жоғары ақы ұсынған, тендердiң басқа да шарттарын орындау жөнiнде өзiне мiндеттемелер алған және ұсыныстары тендерлiк құжаттамадағы барлық талапқа жауап беретiн тендердiң қатысушысы тендер жеңiмпазы деп танылады.
Тарау 6. 6. Тендер нәтижелерiн ресiмдеу
6. Тендер нәтижелерiн ресiмдеу
Тармақ 33
33. Тендерлiк комиссияның тендер қорытындылары бойынша тендер жеңiмпазын анықтайтын тұжырымы немесе өзге шешiмi тендерлiк комиссия мүшелерi қол қоятын және жалға берушi бекiтетiн хаттамамен ресiмделедi. Тендер жеңiмпазын айқындайтын хаттамаға тендердi жеңiп алушы тұлға да қол қояды.
Тармақ 34
34. Хаттамада:
Тармақша 1
1) тендер объектiсi туралы мәлiмет;
Тармақша 2
2) тендер қорытындылары бойынша тендер жеңiмпазы туралы мәлiмет немесе жеңiмпаздың болмау себептерiн көрсете отырып, өзге шешiм;
Тармақша 3
3) жеңiмпаз тендердi жеңiп алған шарттар болуы тиiс.
Тармақ 35
35. Тендерлiк комиссия қатысушыларды тендер нәтижелерi туралы жазбаша хабардар етедi.
Тармақ 36
36. Тендер қорытындыларын шығарғаннан кейiн жеңiмпаз болмаған тендерге қатысушыларға кепілдiк жарнасы қайтарылады.
Тармақ 37
37. Тендер нәтижелерi туралы хаттама негiзiнде жеңiмпаз тендер жеңiмпазының ұсыныстарына жауап беретiн шарттарда мүлiктiк жалға беру шартын жасасуға мiндеттi.
Тармақ 38
38. Тендер жеңiмпазы енгiзген кепiлдiк жарнасының сомасы қайтарылмайды және мүлiктiк жалға беру туралы жасалған шарт бойынша тендер объектiсiн пайдаланғаны үшiн ақы есебiне жатқызылады. 📌 Ескерту. 38-тармақ толықтырылды - Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 21 қаулысымен.
Тармақ 39
39. Тендер жеңiмпазының ұсыныстарына жауап беретiн шарттарда тендер объектiсiн мүлiктiк жалға беру шартын жасасудан жеңiмпаз бас тартқан жағдайда кепiлдiк жарна тендер жеңiмпазына қайтарылмайды.
Тармақ 40
40. Тендер жеңiмпазының ұсыныстарына жауап беретiн шарттарда тендер объектiсiн мүлiктiк жалға беру шартын жасасудан жеңiмпаз бас тартқан жағдайда, жалға берушi жеңiмпазды тендерге қатысушылардың қалғандарының iшiнен (егер қалғандарының саны кемiнде 2 болса) анықтауға не жаңадан тендер өткiзу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Тарау 7. 7. Мүлiктiк жалға беру шартының мазмұны
7. Мүлiктiк жалға беру шартының мазмұны
Тармақ 41
41. Мүлiктiк жалға беру шартына тараптар тендер өткізілген күннен бастап 10 күн ішінде қол қоюлары тиiс. 📌 Ескерту. 41-тармаққа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 21 қаулысымен.
Тармақ 42
42. Мүлiктiк жалға беру шартында мiндеттi түрде мынадай ережелер болуы тиiс:
Тармақша 1
1) мүлiктiк жалға берiлетiн объектiнiң техникалық сипаттамалары туралы деректер;
Тармақша 2
2) жалға берiлген мүлiктiң жалдаушыға тапсырылатын мерзiмi;
Тармақша 3
3) жалдауға алынған мүлiктi пайдалану ақысын енгiзу тәртiбi және мерзiмдерi;
Тармақша 4
4) жалдаушының мiндеттерi: объектiнi тиiстi тәртiпте ұстау, объектiге немесе онда орналасқан инженерлiк коммуникацияларға зақым келтiруi мүмкiн әрекеттер жасамау, сондай-ақ өз есебiнен ағымдағы жөндеудi жүргiзу және жалға алынған мүлiктi ұстау жөнiндегi шығыстарды көтеру; объектiге өзiнiң кiнәсi бойынша зақым келтiрiлген жағдайда, оны өз есебiнен жөндеудi қамтамасыз ету, сондай-ақ өз есебiнен ағымдағы жөндеудi жүргiзу және жалға алынған мүлiктi ұстау жөнiндегi шығыстарды көтеру; жалға берушiнің алдын-ала жазбаша рұқсатынсыз объектiнi, онда орналасқан желiлер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауды немесе қайта жабдықтауды жүзеге асырмау; жалға берушiнiң, санитарлық қадағалау қызметiнiң және ғимараттарды пайдалану және ұстау-күту тәртiбiне қатысты заңнама мен өзге де нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң объектiге және оған жақын орналасқан жер учаскесiне кiруiне рұқсат беру, көрсетiлген олқылықтарды олар белгiлеген мерзiмде жою; объектiнi қосалқы жалгерлікке тек жалға берушiнiң келiсiмiмен беру; мүлiктік жалға беру шарты бойынша өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн басқа тұлғаға беруге (қайта жалдауға) жол бермеу, сондай-ақ осы құқықтарды кепiлдiкке бермеу және оларды шаруашылық серiктестiктердiң, акционерлiк қоғамдардың жарғылық капиталына салым немесе өндiрiстiк кооперативке жарна ретiнде енгiзбеу;
Тармақша 5
5) шартты мерзiмiнен бұрын бұзудың негiзi және ережесi. 📌 Ескерту. 42-тармақ толықтырылды - Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 90 қаулысымен .
Тармақ 43
43. Сәулет, тарих және мәдениет ескерткіштерiн мүлiктiк жалға беру кезiнде мүлiктiк жалға беру шартына объектiнi сәулет, тарих және мәдениет ескерткiшi ретінде сақтауға бағытталған ережелер қосымша қосылады.
Тармақ 44
44. Шарт ол жасалған кездегi қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалады және жасалатын мәмiле заңнамаға қайшы келмейтiн ерекшелiктерiн көрсете алады.
Тармақ 45
45. Тараптар мүлiктiк жалға беру шартының ережелерiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және шартқа сәйкес жауапты болады.
Тарау 8. 8. Қорытынды ережелер
8. Қорытынды ережелер
Тармақ 46
46. Осы Ережемен реттелмейтiн мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
Тармақ 47
47. Объектіні мүлiктiк жалға беру кезiнде туындайтын даулар тараптардың өзара келiсiмi бойынша немесе заңнамада белгiленген тәртiпте қаралады.
Басқа 121
Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 қазандағы № 157 қаулысына 2 қосымша Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті жалға беруі жөніндегі жиынтық есебі 2003 жылдың тоқсаны үшін 📌 Ескерту. 2 қосымшасы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 90 қаулысымен . № рс Кәсіп- орынның атауы Жалдау шартының № және күні (ұзартылған жағдайда жаңа шарттың № және күні) Жалға алушының атауы тегі аты-жөні Мүліктік жалдау шартының әрекет ету мерзімі басталуы аяқталуы 1 2 3 4 5 | 6 Үй-жай алаңы немесе жабдық саны Жалға алынған мүлікті пайдаланғаны үшін ақының мөлшері (мың.теңге) Есептелген ақы (мың.теңге) Аударылған (мың.теңге) Мүлікті пайдаланғаны үшін төлемдер бойынша берешек (мың.теңге) Ескерту 7 8 9 10 11 12
Басқа 122
Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 қазандағы №№157 қаулысына 3 қосымша 📌 Ескерту. 3 қосымшамен толықтырылды - Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 90 қаулысымен . Кімге _____________________________________________________________ (жалға берушінің толық атауы) кімнен ____________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы немесе тендерге қатысушы жеке тұлғалардың ___________________________________________________________________ Т.А.Ә. орналасқан жері және тұратын мекен-жайы) ___________________________________________________________________ РНН ______________ Тел:_________________ ӨТІНІМ тендерге қатысу туралы 1. Тендердің мәліметтерін зерттей келе ______________________ ___________________________________________________________________ (кәсіпорнының толық атауы немесе тендерге қатысушы ___________________________________________________________________ жеке тұлғаның аты тегі) келесі мәліметке тендерге қатысуды қалайды, ___________________________________________________________________ 1) ________________________________________________________________ (жалдайтын жайды немесе объектінің атауы мекен-жайы, 2) ________________________________________________________________ басқа да мәліметтер көрсетілсін) Тендерге қатысуға және кепілдік төлем мынадай мөлшерде (___________________________________) теңге төлеуіне және тендердің (сома жазбаша) өткізілу шарттарын ескеруге келісемін. 2. Тендер өткізілуінің шарттарымен және тендерге қатысушының құқығы мен таныстым, тендердің шарттарын орындауға, жеңіп шыққан жағдайда мүліктік жалға шартын жасауға міндет аламын. _______________________ (Т.А.Ә. міндеті) _______________________ "___"_________ 200_ ж. (қолы, заңды тұлғалар үшін мөр Қосымша: мөлшері (__________________________________________) теңге (сома жазбаша) кепілдік жарна төлеу жөніндегі 2003 жылғы. "__"____№__ төлем құжаты.