Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня отходов, не подлежащих энергетической утилизации

Бұйрық · № 275 · қабылданған 30.07.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-157464/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении перечня отходов, не подлежащих энергетической утилизации Қолданыста Бұйрық ·№ 275 ·30.07.2021
30.07.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня отходов, не подлежащих энергетической утилизации

Қолданыста Бұйрық ·№ 275 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня отходов, не подлежащих энергетической утилизации
Атауы (қаз.)
Энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
275
Қабылданған күні
30.07.2021
Көрсетілген редакция
30.07.2021 157464_532808.kaz
Соңғы өзгеріс
30.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100023788
ЭКБ идентификаторы
157464
Редакция идентификаторы
157464_532808
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:20

0 Энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың тізбесін бекіту туралы

2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 324-бабының 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының «Энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың тізбесін бекіту туралы» 2021 жылғы 18 наурыздағы № 70 жобасының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

0 Энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2021 жылғы 30 шілдедегі
№ 275 бұйрығына
қосымша
Энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың тізбесі
№ п/п
Энер­ге­ти­ка­лық кә­де­ге жа­ра­ту­ға жат­пай­тын қал­дық­тар­дың ата­уы
1
Сұй­ық қал­дық­тар
2
Жа­ры­ла­тын, кор­ро­зи­я­лы, қыш­қыл­да­на­тын, өрт қа­у­пі жо­ға­ры неме­се өрт қа­у­пі бар қа­уіп­ті қал­дық­тар
3
Ме­ди­ци­на­лық неме­се ве­те­ри­на­ри­я­лық ме­ке­ме­лер­дің жұқ­па­лы бо­лып та­бы­ла­тын қал­дық­та­ры
4
Жой­ыл­май­тын ор­га­ни­ка­лық ла­ста­у­шы­лар­ды қам­ти­тын қал­дық­тар
5
Пе­сти­цид­тер
6
Құ­ра­мын­да сы­нап бар лам­па­лар мен ас­пап­тар
7
Элек­трон­дық және электр жаб­дық­та­ры
8
Тү­сті және қа­ра ме­тал­дар сы­нық­та­ры
9
Ли­тий, қор­ға­сын-қыш­қыл ба­та­ре­я­ла­ры
10
Құ­ры­лыс ма­те­ри­ал­да­ры­ның қал­дық­та­ры

Қолданыстағы