Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы в области промышленной безопасности

Бұйрық · № 357 · қабылданған 26.07.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-157486/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы в области промышленной безопасности Қолданыста Бұйрық ·№ 357 ·26.07.2021
26.07.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы в области промышленной безопасности

Қолданыста Бұйрық ·№ 357 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы в области промышленной безопасности
Атауы (қаз.)
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
357
Қабылданған күні
26.07.2021
Көрсетілген редакция
26.07.2021 157486_533010.kaz
Соңғы өзгеріс
26.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100023786
ЭКБ идентификаторы
157486
Редакция идентификаторы
157486_533010
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:24

0 Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі

0 Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 26 шілдедегі
№ 357 бұйрығымен
бекітілген
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі

1

1. «Қауіпті өндірістік объекті қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 300 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10242 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпті өндірістік объекті қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау қағидаларында:
3-тармақ:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) оқыс оқиға – аварияға әкеп соқпаған қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың істен шығуы немесе бұзылуы, технологиялық процесті жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін параметрлерден ауытқу;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) қауіпті техникалық құрылғылар:
қауіпті өндірістік объектілерде пайдаланылатын, мемлекеттік қадағалауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштер, сондай-ақ бұрғылау тереңдігі екі жүз метрден асатын ұңғымаларды бұрғылауға және жөндеуге арналған қондырғылар, шахталық көтергіш құрылғылар мен көтергіш машиналар, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жылжымалы қоймалары, араластыру-зарядтау және жеткізу-зарядтау машиналары, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды дайындауға арналған мобильдік және стационарлық қондырғылар;
мемлекеттік қадағалауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) арналған көтергіштер.».

2

2. «Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 341 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10257 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті міндетті декларациялауға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекіткен қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлеріне сәйкес келетін қауіпті өндірістік объектілер жатады;»;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын әзірлеу қағидаларында:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымда декларацияны әзірлеу үшін ұйым басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылады.
6. Жұмыс тобы жоғары техникалық білімі, өнеркәсіптің тиісті саласында декларацияланатын объектіде кемінде 5 жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында білімі тексеруден өткен кемінде 3 маманнан тұрады.»;
7-тармақ алып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Декларация осы Қағидаларда белгіленген құрылымдық нысанға сәйкес келмеген жағдайда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган декларацияны тіркеуден және тіркеу шифрын беруден бас тартады.».

3

3. «Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10240 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:
2-тармақта:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) аварияға әкеп соқпаған қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың істен шығуы немесе бұзылуы, технологиялық процесті жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін параметрлерден ауытқу;»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) авария – ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) техникалық құрылғылардың қирауы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауiптi заттардың шығарындысы;»;
мынадай мазмұндағы 42-1) тармақпен толықтырылсын:
«42-1. Резервуарлардың үйінділері жарамды күйінде ұсталады.».

Қолданыстағы