Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Выдача справок лицам, имеющим льготы (ветеранам Великой Отечественной войны, боевых действий на территории других государств и участникам ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции)» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 113 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15393 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 442 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18846 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, Қорғаныс министрлігінің жергілікті әскери басқару органдарына және облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
Тармақ 5
1.5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Басқа 12. «Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № 500 бұйрығымен бекітілген «Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқамемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасында жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқамемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) анықтамалар беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. «Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқамемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдер арқылы жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 4
4. Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің нысанында мазмұндалған.
Тармақ 5
5. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттары туралы, тұрғылықты жері немесе уақытша келген орны бойынша тіркелуі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Тармақ 6
6. «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеңілдігі бар жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) анықтама алу үшін порталға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтініш береді.
Тармақ 7
7. Сұрау салуды өңдеу Қорғаныс министрлігі жұмылдыру ресурстары автоматтандырылған жүйесінің интеграциялық шлюзінде (бұдан әрі – ҚМ ИШ) 5 (бес) минут ішінде жүзеге асырылады. ҚМ ИШ-та мәліметтер бар болған кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сықойылған электрондық құжат нысанындағы анықтама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
Тармақ 8
8. ҚМ ИШ-да әскери қызмет өткеру кезеңі мен орны туралы ақпарат болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және оны орындау үшін жауапты орындаушыға береді. Бұл ретте осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кейіннен көрсетілетін қызметті алушыны 1 (бір) жұмыс күні ішінде мерзімді ұзарту туралы хабардар ете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ұзартылады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мынадай жағдайларда: Қазақстан Республикасының тиісті органдарынан растауды алу қажет болған кезде 30 (отыз) жұмыс күніне дейін; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы елдерінің архивтерінен ақпарат алу қажет болған кезде 90 (тоқсан) жұмыс күніне дейін ұзартылады.
Тармақ 9
9. Көрсетілген мерзімдер аяқталған кезде 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» анықтама, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жолданады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту: көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) нақты еместігі анықталған; көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) ұсынылған мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер және мәліметтер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген; уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға жауабы теріс болған, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің қорытындысы теріс болған жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 12
12. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға береді. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды. Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы шешім қабылдаса, әрекет жасаса, шағымды оны қарайтын органға жолдамайды. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Егер Заңда өзге көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Басқа 1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
«Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ата­уы «Же­ңіл­ді­гі бар адам­дар­ға (Ұлы Отан со­ғы­сы­ның, бас­қа мем­ле­кет­тер­дің ау­ма­ғын­да­ғы ұрыс қи­мыл­да­ры­ның ар­да­гер­ле­рі мен Чер­но­быль атом электр стан­ци­я­сын­да­ғы апат­тың сал­да­рын жо­ю­ға қа­ты­су­шы­лар­ға) анық­та­ма­лар бе­ру» 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы ҚР ҚМ жер­гі­лік­ті әс­ке­ри бас­қа­ру ор­ган­да­ры 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі www.​egov.​kz «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі 1) мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­де мә­лі­мет­тер бар болған кез­де – 5 (бес) ми­нут; 2) мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­де мә­лі­мет­тер бол­ма­ған кез­де – 1 (бір) жұ­мыс кү­ні; 3) анық­та­ма бе­ру үшін ақ­па­рат және қа­жет­ті мә­лі­мет­тер бол­ма­ған кез­де мер­зім 30 (отыз) жұ­мыс кү­ніне дей­ін ұзар­ты­ла­ды. Жер­гі­лік­ті әс­ке­ри бас­қа­ру ор­га­ны кей­ін­нен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ны бір жұ­мыс кү­ні ішін­де мер­зім­ді ұзар­ту ту­ра­лы ха­бар­дар ете оты­рып, сұ­рау са­лын­ған ақ­па­рат­ты рас­тау үшін ти­іс­ті ор­ган­дар­ға сұ­рау са­лу жол­дай­ды; 4) бұ­рын­ғы Ке­ңе­стік Со­ци­а­ли­стік Рес­пуб­ли­ка­лар Ода­ғы ел­де­рі­нің ар­хив­те­рі­нен ақ­па­рат алу қа­жет болған жағ­дай­да кей­ін­нен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ны бір жұ­мыс кү­ні ішін­де мер­зім­ді ұзар­ту ту­ра­лы ха­бар­дар ете оты­рып, анық­та­ма бе­ру мер­зі­мі 90 (тоқ­сан) жұ­мыс кү­ніне дей­ін ұзар­ты­ла­ды. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі Же­ңіл­ді­гі бар адам­дар­ға (Ұлы Отан со­ғы­сы­ның, бас­қа мем­ле­кет­тер­дің ау­ма­ғын­да­ғы ұрыс қи­мыл­да­ры­ның ар­да­гер­ле­рі мен Чер­но­быль атом электр стан­ци­я­сын­да­ғы апат­тың сал­да­рын жо­ю­ға қа­ты­су­шы­лар­ға) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ЭЦҚ-сы қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы анық­та­ма­лар бе­ру не осы Тіз­бе­нің 9-бө­лі­мін­де көз­дел­ген жағ­дай­лар мен негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де қыз­мет алушы­дан алы­на­тын тө­лем кө­ле­мі және ҚР заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Те­гін 7 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, түс­кі ас­қа үзі­ліс са­ғат13.00-ден 14.00-ге дей­ін; 2) пор­тал­дың – жөн­деу жұ­мыста­ры жүр­гі­зі­лу­іне бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш жа­са­ған кез­де өті­ніш қа­был­дан­ған күн ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні бо­лып та­бы­ла­ды). Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры: 1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​mod.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да; 2) www.​egov.​kz пор­та­лын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі Же­ңіл­ді­гі бар адам­дар­ға (Ұлы Отан со­ғы­сы­ның, бас­қа мем­ле­кет­тер­дің ау­ма­ғын­да­ғы ұрыс қи­мыл­да­ры­ның ар­да­гер­ле­рі мен Чер­но­быль атом электр стан­ци­я­сын­да­ғы апат­тың сал­да­рын жо­ю­ға қа­ты­су­шы­лар­ға) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы­мен неме­се бір рет­тік па­роль­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы анық­та­ма бе­ру­ге өті­ніш. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­та­ры ту­ра­лы, тұр­ғы­лық­ты же­ріне неме­се уа­қыт­ша бо­ла­тын ор­ны­на тір­кел­ге­ні ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды. 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мы­на­дай негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ді ұсы­ну­дан бас тар­та­ды: 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) нақ­ты еме­сті­гін анық­тау; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) ұсы­ны­л­ған мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ма­те­ри­ал­дар­дың, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі; 3) уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін ке­лі­су ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға те­ріс жа­у­а­бы, сон­дай-ақ са­рап­та­ма­ның, зерт­те­удің не тек­се­ру­дің те­ріс қо­ры­тындысы. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның қа­шық­тан қол­же­тім­ді­лік ре­жи­мін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­ме­ті Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414, 8 800 080 7777 те­ле­фо­ны ар­қы­лы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту бел­гі­сі ту­ра­лы ақ­па­рат алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы бар болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​mod.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да, сон­дай-ақ Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның www.​gov4c.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414, 8 800 080 7777 те­ле­фо­ны ар­қы­лы алу­ға бо­ла­ды.
Басқа 2. Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) анықтама беруге өтініш
«Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша Нысан №________«Тіркеу нөмірі»_________«Өтінішті беру күні» Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) анықтама беруге өтініш __________________________________________________________________________ (Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері __________________________________________________________________________ растайтын мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) __________________________________________ анықтама беруіңізді сұраймын. Қашан және қандай қорғаныс істері жөніндегі департамент (басқарма, бөлім) (әскери комиссариат) әскерге шақырды __________________________________________________________________________ Сұрау салынған кезеңдегі әскери атағы мен лауазымы ______________________ __________________________________________________________________________ Әскер тегі, әскери бөлімнің нөмірі, бағыныстылығы мен орналасқан жері __________________________________________________________________________ Қызмет, жұмыс кезеңі (келген және кеткен жылы, айы) ______________________ __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ Жеңілдікке құқық туралы куәліктің №____________ берілген күні Кім және қашан берді __________________________________________________ Қосымша мәліметтер ___________________________________________________ __________________________________________________________________________ Өтініш өзіне не туысқанына ресімделеді. Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Басқа 3. Анықтама
«Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша Нысан №________«Тіркеу нөмірі»_________«Өтінішті беру күні» Анықтама ________________________________ «Тегі», «Аты», «Әкесінің аты» (ол бар болған кезде), ________________________________ «Туған күні», туған жылы, шынымен ________________________________ жж. кезеңінде ________________________________ Анықтама талап ету орнына ұсыну үшін берілді. Анықтаманың берілген күні__________ «Берілген күні». Анықтама жарамды: мерзімсіз. Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен ұсынылды. Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.
Басқа 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін ұзарту туралы хабарлама
«Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша Нысан №________«Тіркеу нөмірі»_________«Өтінішті беру күні» Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін ұзарту туралы хабарлама Анықтама беру үшін қажетті мәліметтердің жеткіліксіз болуына байланысты ______________________________________________________________________ (тиісті органның атауы) __________________________________________ қолда бар ақпаратты растау үшін 20 __ жылғы «___» ___________ № _____________________ сұрау салу жолдады. (күні) (шығыс нөмірі) Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 30 (отыз) немесе 90 (тоқсан) жұмыс күніне дейін ұзартылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің дайын болуы туралы қосымша хабарланатын болады. Жауап берілген күн: ____________ Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен ұсынылды. Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.
Басқа 5. Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) анықтамалар беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама
«Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 5-қосымша Нысан №________«Тіркеу нөмірі»_________«Өтінішті беру күні» Жеңілдігі бар адамдарға (Ұлы Отан соғысының, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушыларға) анықтамалар беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама Сіздің ________________№__________________ өтінішіңіз бойынша жеңілдікке анықтама беруден бас тартылды. Жүйеде ұсынылған ақпарат бойынша мәліметтер жоқ. Бас тарту себебі: Сіздің деректеріңіз тізімдерде жоқ. Жауап берілген күн: ____________ Мәліметтер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен ұсынылды. Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.