Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил выдачи и переоформления геологического и (или) горного отводов

Бұйрық · № 285 · қабылданған 03.08.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-157696/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении правил выдачи и переоформления геологического и (или) горного отводов Қолданыста Бұйрық ·№ 285 ·03.08.2021
21.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил выдачи и переоформления геологического и (или) горного отводов

Қолданыста Бұйрық ·№ 285 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил выдачи и переоформления геологического и (или) горного отводов
Атауы (қаз.)
Геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
285
Қабылданған күні
03.08.2021
Көрсетілген редакция
21.04.2025 157696_752847.kaz
Соңғы өзгеріс
21.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100023907
ЭКБ идентификаторы
157696
Редакция идентификаторы
157696_752847
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:18

0 Геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабының 16-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

0 Геологиялық және тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
міндетін атқарушының
2021 жылғы 3 тамыздағы
№ 285 бұйрығымен
бекітілген
Геологиялық және тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Геологиялық және тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 278-бабының 16-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және геологиялық және тау-кендік бөлуді беру және қайта рәсімдеу тәртібін айқындайды.
Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер, қысқартулар пайдаланылады:

1 1) геологиялық бөлу – барлауға және өндіруге немесе барлауға арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргізетін жер қойнауы учаскесін схемалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын қосымша;

2

2) тау-кендік бөлу – барлауға және өндіруге немесе барлауға арналған келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, жер қойнауы учаскесін графикалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын, оның шегінде жер қойнауын пайдаланушы барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын өндіруді, салуды және (немесе) пайдалануды жүргізетін құжат;

3

3) келісімшарт – Кодексте белгіленген құзыретіне сәйкес құзыретті орган мен жеке және (немесе) заңды тұлға арасындағы пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді немесе барлауды жүргізуге не барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған шарт;

4 4) жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (бұдан әрі – ЖҚПБП) – жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін автоматтандыруға арналған мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталындағы ақпараттық сервис.

2 2. Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша Кодекстің 278-бабының 16-тармағына сәйкес жер қойнауы учаскесінің шекарасын өзгерту келісімшартқа тиісті өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылады.

3

3. «Геологиялық және тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

4 4. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар өзгерген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

5

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін, мемлекеттік қызметті көрсету нысанын, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі, мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 1-қосымшада баяндалған.

6

6. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің ақпараттандыру объектілері арқылы осы Қағидалардың Тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.

7 7. Өтініш беру сәті көрсетілетін қызметті берушіге өтініштің келіп түскен күні мен уақыты және оның ЖҚПБП-ге автоматты түрде тіркелуі болып есептеледі.

8

8. Өтініш берген кезде өтінішті тіркеу осы Қағидаларға Тізбенің 7-тармағына сәйкес көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің ақпараттандыру объектілері арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады, көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

9 9. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды осы Қағидаларға Тізбенің 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес толықтығы мен сәйкестігі тұрғысынан тексереді.

Қоса берілген құжаттар бар өтініш сәйкес келген жағдайда, автоматты түрде геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ұсыну жөніндегі ұлттық оператордың (бұдан әрі – Ұлттық оператор) жеке кабинетіне жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде, сондай-ақ осы Қағидаларға Тізбенің 8-тармағының 1) және (немесе) 2) тармақшаларында көзделген геологиялық және тау-кен бөлуді ұсынуға ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады және геологиялық және тау-кен бөлуді ұсынудан дәлелді бас тартады.

10 10. Ұлттық оператор өтінішті қоса берілген құжаттармен бірге қарастырады және құжаттарды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарастыру нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жеке кабинетіне ЭЦҚ қойылған қорытындыны жібереді.

Көрсетілетін қызметті беруші қорытындыны учаске(лер) аумағының Кодекстің 19-бабының 1-тармағының, 26-бабының ережелеріне сәйкестігі тұрғысынан қарастырады және қорытындыны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде геологиялық және (немесе) тау-кендік бөлуді беру және қайта ресімдеуді көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Егер қорытындыны қарастыру кезінде көрсетілетін қызметті беруші учаскенің (учаскелердің) аумағын Кодекстің 19-бабының 1-тармағына, 26-бабына сәйкес немесе жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге жол берілмейтін аумақпен толық қоса атқару салдарынан беруге болмайтынын анықтаса, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне анықталған сәйкессіздіктерге байланысты ЭЦҚ қойылған дәлелді бас тартуды жолдайды.

11

11. Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау ол хабарлама алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

12

12. Осы Қағидалардың Тізбесіне 2 және (немесе) 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша геологиялық және тау-кендік бөлуді беру көрсетілетін қызметті алушының өтініші келіп түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірілмей, құзыретті органның (келісімшарттың тарапы болып табылатын мемлекеттік органның) ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің ақпараттандыру объектілері арқылы міндетті түрде хабардар етіле отырып жүзеге асырылады.

13 13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі геологиялық және тау кендік бөлуді беру немесе дәлелді бас тарту болып табылады.

14 14. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының ЖҚПБП-дағы «жеке кабинетіне» жіберіледі.

15 15. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезінде геологиялық және тау кендік бөлуді қайта ресімдеу талап етілмейді.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

16

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) атына мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

17 17. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

0 «Геологиялық және тау-кендік бөлуді беру және қайта рәсімдеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

«Геологиялық және тау-кендік
бөлуді беру және қайта ресімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидаларына
қосымша
«Геологиялық және тау-кендік бөлуді беру және қайта рәсімдеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Өнер­к­ә­сіп және құ­ры­лыс ми­ни­стр­лі­гі­нің Гео­ло­гия ко­ми­те­ті және оның аумақ­тық ор­ган­да­ры
2.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту тә­сіл­де­рі
Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру «Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну бі­рың­ғай плат­фор­ма­сы» (бұ­дан әрі – ЖҚ­ПБП) ақ­па­рат­тық жүй­е­сі ар­қы­лы ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сі­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту мер­зі­мі
Гео­ло­ги­я­лық және тау-кен бө­лім­де­рін бе­ру және қай­та ре­сім­деу - 20 (жиыр­ма) жұ­мыс кү­ні
4.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Гео­ло­ги­я­лық және тау-кен­дік бө­лу­ді бе­ру неме­се дәлел­ді бас тар­ту;
Қай­та ре­сім­дел­ген гео­ло­ги­я­лық және тау-кен бө­лу­ді бе­ру неме­се дәлел­ді бас тар­ту.
6.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны өн­ді­ріп алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет те­гін көр­се­ті­ле­ді.
7.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
1) ЖҚ­ПБП – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды);
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін са­ғат 13-00-ден 14-30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9-00-ден 18-30-ға дей­ін.
8.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
Гео­ло­ги­я­лық бө­лу­ді алу үшін:
ЖҚ­ПБП ақ­па­рат­тық жүй­е­сі ар­қы­лы ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сі ар­қы­лы
Гео­ло­ги­я­лық және тау-кен­дік бө­лу­ді бе­ру және қай­та ре­сім­деу қа­ғи­да­лар (бұ­дан әрі – Қа­ғи­да­лар) Тіз­бе­сіне 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы гео­ло­ги­я­лық бө­лу­ді бе­ру­ге және қай­та рә­сім­де­у­ге өті­ніш;
мы­на­дай құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі:
жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған ке­лі­сім­шар­тқа өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зу жө­нін­де­гі құ­зы­рет­ті ор­ган­ның ше­ші­мі,
бө­лу ала­ңы­ның жал­пы ауда­ны көр­се­ті­л­ген бұ­ры­штық нүк­те­лер­дің гео­гра­фи­я­лық ко­ор­ди­нат­та­ры;
жою/тек­се­ру ак­ті­сі (аумақ­ты ке­рі қай­тар­ған жағ­дай­да);
2) Тау-кен­дік бө­лу­ді ЖҚ­ПБП ақ­па­рат­тық жүй­е­сі ар­қы­лы ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­сі­мен алу үшін:
Қа­ғи­да­лар Тіз­бе­сіне 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­сан­да­ғы гео­ло­ги­я­лық бө­лу­ді бе­ру­ге және қай­та рә­сім­де­у­ге өті­ніш;
мы­на­дай құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі:
жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған ке­лі­сім­шар­тқа өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зу жө­нін­де­гі құ­зы­рет­ті ор­ган­ның ше­ші­мі;
бө­лу ала­ңы­ның жал­пы ауда­ны көр­се­ті­л­ген бұ­ры­штық нүк­те­лер­дің гео­гра­фи­я­лық ко­ор­ди­нат­та­ры және сұ­ра­ты­л­ған тау-кен­дік бө­лу­дің пай­да­лы қаз­ба­лар қор­ла­рын ауда­ны және те­рең­дi­гі бой­ын­ша есеп­теу шек­терi көр­се­ті­л­ген гра­фи­ка­лық ма­те­ри­ал­дар. Пай­да­лы қаз­ба­лар­ды өн­ді­ру­мен бай­ла­ны­сты емес тау-кен бө­лу­дің ше­ка­ра­ла­ры ке­ңей­ген жағ­дай­да, өті­ніш­ке жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы әзір­ле­ген тех­ни­ка­лық негіз­де­ме­лер, тү­сін­дір­ме­лер және осын­дай ке­ңей­ту қа­жет­ті­лі­гіне гра­фи­ка­лық ма­те­ри­ал­дар қо­са бе­рі­ле­ді;
жою/тек­се­ру ак­ті­сі (жер қой­на­уы учас­ке­сі­нің бө­лі­гі­нен бас тар­тқан жағ­дай­да);
Мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­ке­удің (қай­та тір­ке­удің) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
9.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гін анық­тау;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
3) учас­ке (лер) ау­ма­ғы­ның «Жер қой­на­уы және жер қой­на­уын пай­да­ла­ну ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ко­дек­сі­нің 19-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғы, 26-ба­бы­ның ере­же­ле­ріне сәй­кес кел­ме­уі неме­се жер қой­на­уын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар­ды жүр­гізу­ге жол бе­ріл­мей­тін аумақ­тар­мен то­лық жа­на­суы.
10.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, өзге де та­лап­тар
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша анық­та­ма­лық қыз­мет­тің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры:
8 (7172) 27-79-59, мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.

1 ____________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы)

«Геологиялық және
тау-кендік бөлуді беру және
қайта ресімдеу» мемлекеттік
қызметті көрсетуге қойылатын
негізгі талаптардың тізбесіне
1-қосымша
нысан
____________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
Геологиялық/тау-кендік бөлуді беруге арналған
өтініш
Сізден геологиялық/тау-кендік бөлуді беруді/қайта ресімдеуді сұраймын.
Объектінің орналасқан жері: ____________________________(облыс)
Учаскенің географиялық координаттарда орналасуы:
Бұрыштық нүктелердің

Бұ­ры­штық нүк­те­лер­дің ко­ор­ди­нат­та­ры
Сол­тү­стік ен­дік
Шы­ғыс бой­лық
гра­дус
ми­нут
се­кунд
гра­дус
ми­нут
се­кунд
1
2
...
Өзім (-із) туралы мәліметтерді ұсынамын (-мыз):
заңды тұлғалар үшін:
атауы: ________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі __________________
телефон нөмірі (факс): ________________________________
ұялы телефон нөмірі: _________________________________
e-mail: ___________________________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі ____________________________________
Өтінішке қоса беріледі:
1) __________________________________
2) __________________________________
жеке тұлғалар үшін:
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) ________ ____________
жеке сәйкестендіру нөмірі __________________
төлқұжат деректері ____________________________
азаматтығы __________________________________
телефон нөмірі (факс): ________________________________
ұялы телефон нөмірі: _________________________________
e-mail: ___________________________________________________
Өтінішке қоса беріледі:
1) __________________________________
2) __________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісемін.
Өтініш берушінің ЭЦҚ деректері; өтініш берушінің ЭЦҚ-мен қол қою күні мен уақыты.
20 _ жылғы «__» _____ _____ сағат ____ минут.

2 _________________________________________________________________________ (осы құжатты берген мемлекеттік органның атауы)

«Геологиялық және
тау-кендік бөлуді беру және
қайта ресімдеу» мемлекеттік
қызметті көрсетуге қойылатын
негізгі талаптардың тізбесіне
2-қосымша
нысан
________________
(пайдалы қазба түрі)
__________________
(жер қойнауын пайдалану түрі)
жер қойнауын пайдалануға
арналған
20___ жылғы ______________
тіркеу №______ келісімшартқа
№__қосымша
_________________________________________________________________________
(осы құжатты берген мемлекеттік органның атауы)
ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛУ
_____________________________________________________________________негізінде
(жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу
жөніндегі құзыретті органның шешімі)
______________________________________________жер қойнауын пайдалану бойынша
(жер қойнауы учаскесінің (блоктардың) атауы)
операцияларды жүзеге асыру үшін________________________________________берілді.
(өтініш беруші)
Геологиялық бөлу______________________________орналасқан.
(облыс)
Геологиялық бөлудің шегі картограммада көрсетілген және № 1-ден
№_______________________________________________дейінгі бұрыштық нүктелерімен
белгіленген. (нүктелердің кейінгі нөмірлері)
Бұ­ры­штық нүк­те­лер­дің№
Бұ­ры­штық нүк­те­лер­дің ко­ор­ди­нат­та­ры
Сол­тү­стік ен­дік
Шы­ғыс бой­лық
гра­дус
ми­нут
се­кунд
гра­дус
ми­нут
се­кунд
1
2
...
Геологиялық бөлудің ауданы - __________________________ шаршы километр (метр) (жазбаша цифр)
Барлау тереңдігі (егер Құзыретті органмен айқындалса) ___________________метр
Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ деректері;
ЭЦҚ-мен қол қойылған күні мен уақыты.
20_ жылғы «__» _______ ___ сағат ____ минут.

3 ____________________________________________________________ (осы құжатты берген мемлекеттік органның атауы)

«Геологиялық және
тау-кендік бөлуді беру және
қайта ресімдеу» мемлекеттік
қызметті көрсетуге қойылатын
негізгі талаптардың тізбесіне
3-қосымша
Нысан
________________
(пайдалы қазба түрі)
__________________
(жер қойнауын пайдалану түрі)
Жер қойнауын пайдалануға
арналған
20__ жылғы________________
тіркеу №_______ келісімшартқа
№__қосымша
____________________________________________________________
(осы құжатты берген мемлекеттік органның атауы)
ТАУ-КЕНДІК БӨЛУ
______________________________________________________________________негізінде
(жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу
жөніндегі құзыретті органның шешімі)
______________________________________________жер қойнауын пайдалану бойынша
(жер қойнауы учаскесінің (блоктардың) атауы)
операцияларды жүзеге асыру үшін________________________________________берілді.
(өтініш беруші)
Тау-кендік бөлу _______________________орналасқан.
(облыс)
Тау-кендік бөлудің шегі картограммада көрсетілген және № 1-ден
№____________________________________дейінгі бұрыштық нүктелерімен белгіленген.
(нүктелердің кейінгі нөмірлері)
Бұ­ры­штық нүк­те­лер­дің№
Бұ­ры­штық нүк­те­лер­дің ко­ор­ди­нат­та­ры
Сол­тү­стік ен­дік
Шы­ғыс бой­лық
гра­дус
ми­нут
се­кунд
гра­дус
ми­нут
се­кунд
1
2
...
Тау-кендік бөлудің ауданы - ___________________________ шаршы километр (метр)
(жазбаша цифр)
Игеру тереңдігі ________________________________метр
Қазу деңгейінің көкжиегі, тереңдігі, геология-стратиграфиялық шегі
Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ деректері;
ЭЦҚ-мен қол қойылған күні мен уақыты.
20_ жылғы «__» _______ ___ сағат ____ минут.

Қолданыстағы