Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в районе Биржан сал
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов в районе Биржан сал
- Атауы (қаз.)
- Біржан сал ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- а-7/175
- Қабылданған күні
- 02.08.2021
- Көрсетілген редакция
- 02.08.2021 157741_533650.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21BJ023919
- ЭКБ идентификаторы
- 157741
- Редакция идентификаторы
- 157741_533650
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:19
0 Біржан сал ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидасынын 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Біржан сал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Біржан сал ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысының Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары К.Д. Шәймерденовке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Біржан сал ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Біржан сал ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 2 тамыздағы
№ а-7/175 қаулысына
қосымша
Біржан сал ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Қызмет саласы
Алатын алаңы
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі
Жақын орналасқан инфрақұрылым
1.
Степняк қаласы, Біржан сал көшесі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Біржан сал ауданының бөлімі ғимаратының жанында
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар
5 шаршы метрден
4 орын
5 жыл
ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ
2.
Макинка ауылы, республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан – Петропавл, Көкшетау арқылы» автожолының 180 шақырымы (Нұр-Сұлтан қаласынан Көкшетау қаласына бағытының сол жағы)
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар
5 шаршы метрден
12 орын
5 жыл
ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ
3.
Бұланды ауылы, республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан – Петропавл, Көкшетау арқылы» автожолының 194 шақырымы (Нұр-Сұлтан қаласынан Көкшетау қаласына бағытының сол жағы)
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар
5 шаршы метрден
16 орын
5 жыл
ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ
4.
Бұланды ауылы, республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан – Петропавл, Көкшетау арқылы» автожолының 194 шақырымы (Нұр-Сұлтан қаласынан Көкшетау қаласына бағытының оң жағы)
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар
5 шаршы метрден
4 орын
5 жыл
ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ
5.
Үлгі ауылы, Ғәрібжан Кәрімов көшесі, мешіт ғимаратының жанында
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар
5 шаршы метрден
4 орын
5 жыл
ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері жоқ