Об утверждении Методики по распределению административных государственных должностей корпуса «Б» по функциональным блокам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Методики по распределению административных государственных должностей корпуса «Б» по функциональным блокам
- Атауы (қаз.)
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 138
- Қабылданған күні
- 11.08.2021
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2024 157839_708062.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100023964
- ЭКБ идентификаторы
- 157839
- Редакция идентификаторы
- 157839_708062
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:12
0 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесін бекіту туралы
«Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерге еңбек ақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 маусымдағы № 451қбп қаулысына сәйкес бұйырамын:
1 1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3 3) осы бұйрықтың орталық мемлекеттік органдарға және Агенттіктің аумақтық бөлімшелеріне мәлімет ретінде жеткізілуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу әдістемесі
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің төрағасы
2021 жылғы 11 тамыздағы
№ 138 бұйрығымен
бекітілген
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу әдістемесі
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу тәртібін айқындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 30 маусымдағы № 451 қбп қаулысын (бұдан әрі – қаулы) іске асыру мақсатында әзірленді.
2
2. Функционалдық блоктар деп мемлекеттік органға жүктелген миссияны, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, айқындауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға бағытталу дәрежесі бойынша топтастырылған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары (бұдан әрі – мемлекеттік лауазымдар) түсініледі.
3 3. Мемлекеттік органдар мемлекеттік лауазымдарды функционалдық блоктар бойынша бөлуді (бұдан әрі – бөлу) осы Әдістемеге сәйкес жүзеге асырады.
4
5 5. Бөлуді тоқсанына бір реттен асырмай қайта қарауға жол беріледі.
Осы Әдістеменің 9-1-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік орган 10 жұмыс күні ішінде осы Әдістеменің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) және/немесе оның аумақтық бөлімшелеріне жаңа құрылым бойынша бөлу жобасын келісу үшін ұсынады.
6
7
2 2-тарау. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу
8 8. Бөлу мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
1 1) мемлекеттік органның даму жоспары (бар болған жағдайда);
2 2) мемлекеттік органның операциялық жоспары (бар болған жағдайда);
3 3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары (бар болған жағдайда);
4 4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бар болған жағдайда);
5 5) мемлекеттік орган туралы ереже;
6 6) мемлекеттік органның басшысы мен оның орынбасарлары арасында міндеттерді бөлу;
7 7) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің ережесі;
8 8) лауазымдық нұсқаулықтар;
9 9) бөлу;
10 10) мемлекеттік орган жұмысының көрсеткіштері көрсетілген құжаттар (бар болған жағдайда).
9 9. Мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша мемлекеттік органның аппарат басшысының немесе «Б» корпусының қызметшілерін лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар адамның шешімімен мемлекеттік лауазымдар «А» және «В» функционалдық блоктары бойынша мыналарға сәйкес бөлінеді:
«А» функционалдық блогына лауазымдық өкілеттіктері мемлекеттік органға жүктелген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге және іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, анықтауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға тікелей жәрдемдесетін қызметшілер жатады;
«B» функционалдық блогына лауазымдық өкілеттіктері мемлекеттік органға жүктелген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге және іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, анықтауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға жанама әсер ететін және ықпал ететін сипаттағы қызметшілер жатады.
Мемлекеттік органдар «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын мемлекеттік органның алдында тұрған басым міндеттерге, сондай-ақ қызметшінің мемлекеттік орган қызметіне қосқан үлесінің дәрежесіне қарай функционалдық блоктар бойынша дербес бөледі.
9-1 9-1. «А» функционалдық блогына жатқызылған мемлекеттік лауазымдар «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының штат санынан жетпіс бес пайыздан асқан жағдайда, уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша ғана бекітіледі.
Бөлу жобасы осы Әдістеменің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес ресімделеді.
Ескертулер болған жағдайда уәкілетті орган не оның аумақтық бөлімшесі оларды он жұмыс күні ішінде мемлекеттік органға жібереді.
Мемлекеттік орган он жұмыс күні ішінде уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің ескертулерін ескере отырып пысықталған бөлу жобасын жібереді.
Орталық мемлекеттік органдар бөлу жобаларын уәкілетті органға, ал жергілікті атқарушы органдар – уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне жібереді.
3 3-тарау. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу нәтижелері
10
11 11. Мемлекеттік қызметшілер бөлумен мемлекеттік қызметшінің өзіне тікелей қатысты бөлігінде таныса алады.
12
13
14 14. Уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері 15 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік органдардың бөлу жобаларын қаулыға және осы Әдістемеге сәйкестігін қарайды.
15 Бөлу қаулыға немесе Әдістемеге сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері себебін көрсете отырып, келісуден бас тартады.
Бөлуін келісуден уәжді бас тартуды алған мемлекеттік органдар ескертулер мен ұсыныстар ескеріле отырып пысықталған бөлу жобаларын уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің қарауына қайта жібере алады.
16
16. Мемлекеттік органдар бөлу бекітілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оны уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері қол жеткізе алатын персоналды басқару бойынша ақпараттық жүйеде орналастыруды қамтамасыз етеді. Тиісті ақпараттық жүйе болмаған жағдайда мемлекеттік органдар бекітілген бөлуді электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электрондық түрде уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне жібереді.
17. Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік органдардың бөлулерінің қаулыға және осы Әдістемеге сәйкестігіне мониторингті, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған дерекқорлар (ақпараттық жүйелер) арқылы жылына бір реттен артық емес жүргізеді. Мониторинг қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға ұсынымдар енгізіледі.
1 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу (мемлекеттік органның толық атауы)
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарын
функционалдық блоктар
бойынша бөлу әдістемесіне
қосымша
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу
(мемлекеттік органның толық атауы)
№
Лауазым атауы
Функционалдық блок
Лауазым деңгейі
Қысқаша негіздеме
(қажет болған жағдайда)
Құрылымдық бөлімшенің атауы (бар болған жағдайда)
1
2
3
…