Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил взаимодействия государственных органов Республики Казахстан при введении мер, вводимых исходя из интересов национальной безопасности

Қаулы · № 550 · қабылданған 12.08.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-157855/on/2026-09-17/
Басып шығарылды 2026-09-17 · adilet.kz
Об утверждении Правил взаимодействия государственных органов Республики Казахстан при введении мер, вводимых исходя из интересов национальной безопасности Күшін жойған Қаулы ·№ 550 ·12.08.2021
03.08.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил взаимодействия государственных органов Республики Казахстан при введении мер, вводимых исходя из интересов национальной безопасности

Күшін жойған Қаулы ·№ 550 · 17.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил взаимодействия государственных органов Республики Казахстан при введении мер, вводимых исходя из интересов национальной безопасности
Атауы (қаз.)
Ұлттық қауіпсіздік мүдделері негізге алына отырып енгізілетін шараларды енгізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
550
Қабылданған күні
12.08.2021
Көрсетілген редакция
03.08.2023 157855_647867.kaz
Соңғы өзгеріс
03.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000550
ЭКБ идентификаторы
157855
Редакция идентификаторы
157855_647867
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:12

0 Ұлттық қауіпсіздік мүдделері негізге алына отырып енгізілетін

шараларды енгізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 18-4-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ұлттық қауіпсіздік мүдделері негізге алына отырып енгізілетін шараларды енгізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ұлттық қауіпсіздік мүдделері негізге алына отырып енгізілетін шараларды енгізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулыcымен
бекітілген
Ұлттық қауіпсіздік мүдделері негізге алына отырып енгізілетін шараларды енгізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Ұлттық қауіпсіздік мүдделері негізге алына отырып енгізілетін шараларды енгізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 18-4-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және ұлттық қауіпсіздік мүдделері негізге алына отырып енгізілетін шараларды енгізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік органдар – Қазақстан Республикасының орталық атқарушы мемлекеттік органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;

2) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – сауда қызметі саласында сауда саясатын қалыптастыратын және басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

3) шет мемлекеттің құзыретті органы – шет мемлекеттің, шет мемлекеттер одағының мемлекеттік органы;

4) мүдделі тараптар – өнімнің өндірушісі, қатысушылардың көпшілігі осындай тауарларды өндірушілер болып табылатын тауарлар өндірушілер бірлестігі, тауар тұтынушылар (егер олар тауарды өнім өндірісінде қолданса) және осындай тұтынушылардың бірлестіктері, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері (егер өнімді негізінен жеке адамдар тұтынатын болса), тауарларды экспорттаушылар мен импорттаушылар;

5) өтініш беруші – мемлекеттік орган, тауар өндіруші, қатысушылардың көпшілігі осындай тауарларды өндірушілер болып табылатын тауар өндірушілерінің бірлестігі.

2-тарау. Ұлттық қауіпсіздік мүдделері негізге алына отырып енгізілетін шараларды енгізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібі

3. Уәкілетті орган өтініш берушінің осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес тізім бойынша мәліметтерді көздейтін өтініші негізінде тауарлар импортының ұлттық қауіпсіздікке әсерін айқындау бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде талдау (бұдан әрі – талдау) жүргізеді.

4. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:

1) мүдделі тұлғаларды, сондай-ақ шет мемлекеттің құзыретті органын талдау жүргізудің басталғаны туралы хабардар етеді;

2) мемлекеттік органдардан, мүдделі тұлғалардан талдау жүргізу үшін ресми хат алмасу арқылы қажетті ұстанымын және (немесе) ақпаратты, оның ішінде құпия ақпаратты сұратады;

3) жүргізілетін талдау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерімен, шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен, шет мемлекеттердің өкілдерімен, шет мемлекеттер одақтарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

4) мемлекеттік органдарды және мүдделі тұлғаларды хабардар еткеннен кейін қажет болған жағдайда олармен консультациялар өткізеді.

5. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:

1) уәкілетті органнан келіп түскен материалдар мен сұрау салуларды қарайды және егер сұрау салуда өзге мерзім белгіленбесе, оларды алған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ақпаратты, қалыптастырылған ұстанымды, статистикалық деректерді және талдауға қажетті өзге де ақпаратты, оның ішінде құпия (таратылуы шектелген) ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен ұсынуды қамтамасыз етеді;

2) қажеттілігіне қарай уәкілетті органның тиісті сұрау салуы жіберілген кезде талдау мәселелері бойынша консультацияларға, кеңестерге қатысады.

6. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері:

1) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінен (бұдан әрі – Сыртқы істер министрлігі) және уәкілетті органнан алынған хабарламаларды, материалдар мен сұрау салуларды алған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ресми тәртіппен шет мемлекеттің құзыретті органдарына жіберуді;

2) шет мемлекеттің құзыретті органынан алынған материалдарды, сұрау салуларды және басқа да ақпаратты алған күнінен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жұмыс тәртібімен, 3 (үш) жұмыс күні ішінде ресми тәртіппен уәкілетті органға беруді қамтамасыз етеді.

7. Сыртқы істер министрлігі:

1) хабарламаларды, материалдарды уәкілетті органнан түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ресми тәртіппен шет мемлекеттің құзыретті органына дипломатиялық арналар арқылы жіберуді;

2) шет мемлекеттің құзыретті органынан дипломатиялық арналар арқылы алынған материалдарды, сұрау салуларды және басқа да ақпаратты алынған күнінен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жұмыс тәртібімен, 3 (үш) жұмыс күні ішінде ресми тәртіппен уәкілетті органға жіберуді қамтамасыз етеді.

8. Мүдделі тұлғалар уәкілетті органға ұсынатын ақпарат осы тұлға мұндай ақпараттың ашылуы бәсекелестік жағдайларында үшінші тұлғаға басымдық беретінін не ақпаратты ұсынған тұлға үшін немесе мұндай ақпарат алынған тұлға үшін қолайсыз салдарға әкелетінін куәландыратын негіздемелерді ұсынған кезде құпия ақпарат ретінде қаралады. Құпия ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны ұсынған мүдделі тұлғаның рұқсатынсыз жарияланбайды.

9. Уәкілетті орган талдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға ұлттық қауіпсіздік мүдделері негізге алына отырып енгізілетін шараларды қолдану туралы ұсынысты жолдайды.

10. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы ұлттық қауіпсіздік мүдделері негізге алына отырып енгізілетін шараларды қолдану туралы ұсынымдар шығарған жағдайда уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен ұлттық қауіпсіздік мүдделері негізге алына отырып енгізілетін шараларды енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді.

11. Уәкілетті орган ұлттық қауіпсіздік мүдделері негізге алына отырып енгізілетін шараларды қолдану туралы үшінші тараптың құзыретті органына Сыртқы істер министрлігі арқылы дипломатиялық арналар бойынша хабарлайды.

1 Өтініш беруші ұсынатын мәліметтер тізбесі

Ұлттық қауіпсіздік мүдделері
негізге алына отырып
енгізілетін шараларды енгізу
кезінде Қазақстан Республикасы
мемлекеттік органдарының
өзара іс-қимыл
жасау қағидаларына
қосымша
Нысан
Өтініш беруші ұсынатын мәліметтер тізбесі

1. Өтініш беруші туралы ақпарат (мекенжай, телефон, факс, e-mail, тіркелген орны, басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

2. Импортына қатысты ұлттық қауіпсіздік мүдделері негізге алына отырып енгізілетін шараны қолдану ұсынылатын тауарлардың сипаттамасы (шыққан елі және Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 10 таңбалы коды көрсетіледі).

3. Шет мемлекеттің импортталатын тауарларын өндірушілер туралы мәліметтер.

4. Тауардың ұлттық өндірушілері мен тұтынушылары туралы мәліметтер.

5. Өтінім берілген күнге дейінгі күнтізбелік 3 (үш) жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарды әкелу және әкету көлемінің өзгеруі туралы мәліметтер.

6. Өтінім берілген күнге дейінгі күнтізбелік 3 (үш) жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тауарды өндіру, тұтыну көлемінің өзгеруі туралы мәліметтер*.

7. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қолданыстағы және жоспарланған құжаттары мен тауарлар өндіру жобалары туралы мәліметтер**.

8. Қаржылық және экономикалық көрсеткіштерді қоса алғанда, ұлттық қауіпсіздікке қатердің болуы туралы мәліметтер.

9. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін басқа да факторлар мен тауарлар импортының шарттары туралы мәліметтер.

Ескертпе:
* ‒ өтініш беруші мемлекеттік орган болса, толтырылмайды;
** ‒ өтініш беруші мемлекеттік орган болса, толтырылады.

Қолданыстағы