Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Жария сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 421
- Қабылданған күні
- 04.08.2021
- Көрсетілген редакция
- 04.08.2021 157918_534470.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21LG00421A
- ЭКБ идентификаторы
- 157918
- Редакция идентификаторы
- 157918_534470
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:17
0 Жария сервитут белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Жаңақорған ауданының жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұсынысы негізінде Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Kurumsak Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, Жаңақорған ауданының аумағында орналасқан жалпы көлемі 4900,0 гектар жер учаскесіне 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2 2. «Kurumsak Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заң талаптарын сақтасын және операция аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіруді жүргізсін.
3 3. «Жаңақорған ауданының жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің тиісті сала орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 4 тамыздағы №421
қаулысына қосымша
№
Жер пайдаланушылар атауы
Кадастрлік нөмірі
1
«Асылхан» ШҚ
10-149-040-1468
2
«Ғани» ШҚ
10-149-040-1625
3
«Ғани» ЖШС
10-149-040-1626
4
«Ақ сұңқар» ШҚ
10-149-040-622
5
«Тулпар LLC» ШҚ
10-149-040-880
6
«Ғани» ШҚ
10-149-040-931
7
«Сүттіқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
10-149-040-1896