Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил присвоения внеочередных специальных званий сотрудникам органов гражданской защиты

Бұйрық · № 382 · қабылданған 09.08.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-157923/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Правил присвоения внеочередных специальных званий сотрудникам органов гражданской защиты Күшін жойған 11.09.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил присвоения внеочередных специальных званий сотрудникам органов гражданской защиты

Күшін жойған Бұйрық № 382 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил присвоения внеочередных специальных званий сотрудникам органов гражданской защиты
Атауы (қаз.)
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне кезектен тыс арнаулы атақтарды беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
382
Қабылданған күні
09.08.2021
Көрсетілген редакция
11.09.2022 157923_590782.kaz
Соңғы өзгеріс
11.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100023998
ЭКБ идентификаторы
157923
Редакция идентификаторы
157923_590782
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:14
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне кезектен тыс арнаулы атақтарды беру қағидаларын бекіту туралы

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне кезектен тыс арнаулы атақтарды беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне кезектен тыс арнаулы атақтарды беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2021 жылғы 9 тамыздағы
№ 382 бұйрығымен
бекітілген
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне кезектен тыс арнаулы атақтарды беру қағидалары

1. Осы Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне кезектен тыс арнаулы атақтарды беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 26-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне (бұдан әрі - қызметкерлер) кезектен тыс арнаулы атақтарды беру тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалардың күші «азаматтық қорғау» арнаулы атағы берілген қызметкерлерге қатысты қолданылады.

2. Орта және (немесе) аға басшы құрамның қызметкерлеріне кезектен тыс арнаулы атақтарды беру туралы шешім Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - ТЖМ) құрылымдық бөлімшелері басшыларының, ТЖМ ведомстволары басшыларының, ТЖМ аумақтық бөлімшелері және оның ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері басшыларының ұсыным хаттарының (еркін нысанда) негізінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі (бұдан әрі - Министр) қабылдайды.
Кіші басшы құрам қызметкерлеріне кезектен тыс арнаулы атақтарды беру туралы шешім ТЖМ ведомстволарының құрылымдық бөлімшелері басшыларының, ТЖМ аумақтық бөлімшелері және оның ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының ұсыным хаттарының (еркін нысанда) негізінде азаматтық қорғау органдары (бұдан әрі - АҚО) уәкілетті басшысымен қабылданады.
Бұл ретте, ұсыным хаттарда қосымша мынадай мәліметтер көрсетіледі:
қызметкердің қысқаша мінездемесі;
осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген қызметкердің еңбегі туралы мәліметтер.

3. Кезектен тыс арнаулы атақтар мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны және қызметтік жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін Заңның 55-бабының 1-тармағында көрсетілген көтермелеу түрлерінің бірі болған кезде, қызметтік (функционалдық) міндеттерін қызметкердің өміріне қауіп төндірумен орындағаны, төтенше жағдайлар кезінде адам өмірін құтқарғаны үшін бар арнаулы атағында еңбек сіңірген жылдарының белгіленген мерзімінің кемінде үштен бірі өткен, бірақ бар арнаулы атақтан екі сатыдан жоғары емес және атқарып отырған лауазымы бойынша көзделген шекті арнаулы атаққа қарамастан қызметкерлерге көтермелеу тәртібінде беріледі.
Көтермелеу жөніндегі комиссияны құру және шешім қабылдау тәртібі Заңның 55-бабы 1-тармағында көзделген Министрдің құзыретіне сәйкес бекітілетін Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану қағидаларымен айқындалады.

4. Қызметкерлерге кезектен тыс арнаулы атақ беру АҚО-да қызметiнiң бүкіл кезеңi iшiнде екі реттен артық жүргiзiлмейдi.

5. Арнаулы атақта болу мерзімі қызметкерге тиісті арнаулы атақ берілген күннен бастап күнтізбелік есеппен есептеледі. Бұл мерзімге лауазымдардағы нақты қызмет уақыты, сондай-ақ қызметкердің АҚО бөлімшесінің қарамағында болу кезеңі кіреді.

6. Ұсыным хатта көрсетілген мәліметтердің анықтылығын бақылау ТЖМ құрылымдық бөлімшелері басшыларына, ТЖМ ведомстволары басшыларына, ТЖМ аумақтық бөлімшелері және оның ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері басшыларына, ТЖМ аумақтық бөлімшелері және оның ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің құрылымдық бөлімшелері басшыларына жүктеледі.

7. Алынбаған тәртiптiк жазасы болған жағдайда, қайта аттестаттау кезінде атқарып отырған лауазымына сәйкес келуі туралы мәселені шешуге дейін, қызметтік тергеу аяқталғанға дейін, ақтайтын негіздері бойынша қылмыстық іс тоқтатылғанға дейін, ақтау үкімінің заңды күшіне енгенге дейін қызметкерді кезектен тыс арнаулы атақ беруге ұсынуға рұқсат етілмейді.