Құжат мәтініне өту

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Северо-Казахстанской области и города Шымкент

Бұйрық · № 803 · қабылданған 12.08.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-157929/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Северо-Казахстанской области и города Шымкент Қолданыста Бұйрық ·№ 803 ·12.08.2021
12.08.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Северо-Казахстанской области и города Шымкент

Қолданыста Бұйрық ·№ 803 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Северо-Казахстанской области и города Шымкент
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысының және Шымкент қаласы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
803
Қабылданған күні
12.08.2021
Көрсетілген редакция
12.08.2021 157929_534909.kaz
Соңғы өзгеріс
12.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100024002
ЭКБ идентификаторы
157929
Редакция идентификаторы
157929_534909
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:12

0 Солтүстік Қазақстан облысының және Шымкент қаласы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 212-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1.  Солтүстік Қазақстан облысының және Шымкент қаласы жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

1 1) шарттар:

мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2021 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – ұзақ мерзімді бағалы қағаздар;

2 2) көлемдері:

Солтүстік Қазақстан облысы – 1 657 642 000 (бір миллиард алты жүз елу жеті миллион алты жүз қырық екі мың) теңгеден артық емес;
Шымкент қаласы – 2 355 273 000 (екі миллиард үш жүз елу бес миллион екі жүз жетпіс үш мың) теңгеден артық емес;

3 3) нысаналы мақсаты – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жекелеген іс-шараларды белгіленген тәртіппен қаржыландыру.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы