Об утверждении цен на товары (работы, услуги) специального учебного заведения Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, предоставляемые на платной основе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении цен на товары (работы, услуги) специального учебного заведения Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, предоставляемые на платной основе
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арнаулы оқу орнының ақылы негізде ұсынылатын тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 395
- Қабылданған күні
- 13.08.2021
- Көрсетілген редакция
- 13.08.2021 157932_534603.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100024004
- ЭКБ идентификаторы
- 157932
- Редакция идентификаторы
- 157932_534603
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:11
0 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арнаулы оқу орнының ақылы негізде ұсынылатын тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арнаулы оқу орнының ақылы негізде ұсынылатын тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалар бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице - министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арнаулы оқу орнының ақылы негізде ұсынылатын тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалары
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 13 тамыздағы
№ 395 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арнаулы оқу орнының ақылы негізде ұсынылатын тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалары
№
Ақылы негізде ұсынылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы
Өлшем бірлігі
Бағасы (теңге) 1 сағатқа
1.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқыту, 1 адамға
сағат
1625
2.
«Математика» пәні бойынша оқыту, 1 адамға
сағат
1625
3.
«Физика» пәні бойынша оқыту, 1 адамға
сағат
1625
4.
«Геометрия» пәні бойынша оқыту, 1 адамға
сағат
1625
5.
Жеке техникалық пәндердің мәселенамасын терең зерделеумен кеңейтілген курстарда оқыту, 1 адамға
сағат
1625
6.
Ғылым салаларының жеке мәселелерін қарасаумен және практикалық дағдыларды пысықтаумен пәндер бойынша арнайы курстарда оқыту, 1 адамға
сағат
1625
7.
Өрт-техникалық минимум бойынша оқыту, 1 адамға
сағат
1625
8.
Азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлау, 1 адамға
сағат
1625
9.
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту, 1 адамға
сағат
1625
10.
Қауіпті өндірістік объектілердің және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі өзге де ұйымдардың мамандарын, жұмыскерлерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, 1 адамға
сағат
1625
11.
Өнеркәсіптік альпинизмді оқыту, 1 адамға
сағат
1625
12.
Құтқарушыларды, газ құтқарушыларды, тау-кен құтқарушыларды, және газ-түтіннен қорғаушыларды даярлау және қайта даярлау, 1 адамға
сағат
1625