О некоторых вопросах трудоустройства безработных Күшін жойған
Басқа 0
Жұмыссыздарды жұмысқа орналастырудың кейбір мәселелері туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімиятының 29.10.2004 № 244/9 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27 - бабы мен Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жұмыспен қамту туралы" Заңы 7 - бабы 6 - тармақшасына сәйкес, облыс халқын жұмыспен қамту және кедейлiкпен күреске жәрдем беру мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған еңбек рыногы мониторингiсiн ұйымдастыру және жаңа жұмыс орнын құру қағидасы мен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру қағидасы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыс салалық департаменттерi жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру жөнiнде кiдiрiссiз iс-шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Көрсетiлген қағидаларды жүзеге асыру жөнiндегi атқарушы органдар қызметiн үйлестiрудi облыс халықты әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаментi қамтамасыз ететiн болсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.М. Жұмабековаға жүктелсiн.
Басқа 5. Еңбек рыногы мониторингiсiн ұйымдастыру және жаңа жұмыс орындарын құру қағидасы
Облыс әкiмдiгiнiң
2003 жылғы "26"наурыз
"Жұмыссыздарды жұмысқа
орналастырудың кейбiр
мәселелерi туралы"
№ 64/4 қаулысымен бекiтiлдi
Еңбек рыногы мониторингiсiн ұйымдастыру және жаңа жұмыс орындарын құру қағидасы
Осы еңбек рыногы мониторингiсiн ұйымдастыру және жаңа жұмыс орындарын құру қағидасы (бұдан әрi қағида) облыстың барлық тұрғындарына қызмет пен кәсiп түрлерiн, әдiл және қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды еркiн таңдауға бiрдей мүмкiндiктердi қамтамасыз етуге бағытталған.
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Қағида Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жұмыспен қамту туралы" заңы және 2000 жылғы 18 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк әрiптестiк туралы" заңы сәйкес әзiрленген.
Тармақ 2
2. Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) "жұмыспен ұамтылу" азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне қайшы келмейтiн жеке қажеттерiн қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кiрiс әкелетiн қызметi;
Тармақша 2
2) "күту парағы" жұмыс берушiнiң жұмыс орнына алдын ала сұхбаттасудан немесе кәсiптiк iрiктеуден өткен кәсiпорынның кадрлық резервiне енгiзiлген, жұмыссызға беретiн құжаты, күту парағының iс-қимыл мерзiмi үш ай және жұмыс берушi алты айға дейiн ұзартуы мүмкiн;
Тармақша 3
3) "жұмыс берушi" меншiк нысанына байланыссыз облыс аумағында қызмет ететiн жеке тұлғалар, облыс кәсiпорындары, ұйымдары, мекемелерi;
Тарау 2. 2. Еңбек рыногы мониторингiсiн ұйымдастыру және
жаңа жұмыс орындарын құру тәртiбi
2. Еңбек рыногы мониторингiсiн ұйымдастыру және
жаңа жұмыс орындарын құру тәртiбi
Тармақ 3
3. Жаңа жұмыс орындарын құру мониторингiсiн кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер, салалық департаменттер, қалалар мен аудандар әкiмдерi ұсынған мәлiметтер негiзiнде уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Облыстың бiлiм беру мәселелерiн қарайтын мемлекеттiк органдары бiлiм беру ұйымдарынан мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын оқу курстарын бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыру туралы мәлiметтер, оқыту жүргiзiлетiн кәсiптер (мамандықтар) туралы, нақты кәсiптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлануын жоспарлап отырған мамандар саны туралы ақпаратты уәкiлеттi органға ұсынады.
Тармақ 5
5. Уәкiлеттi орган алған мәлiметтер негiзiнде:
Тармақша 1
1) облыстың кәсiпорындары мен ұйымдары кәсiптер, мамандық-тар саласында жоспарлаған еңбек рыногымен жаңа жұмыс орындарын құрудың және бiрыңғай ақпараттық базасын құрады және қалыптастырады;
Тармақша 2
2) жұмыс орны санының және еңбек рыногы ұсыныстарының өзгеруi туралы жұмыс берушiлер берген мәлiметтер негiзiнде сұраныс балансы және жұмыс күшiн ұсынуды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) экономика салалары үшiн кадрларды даярлау қажеттiлiгiн немесе кадрлардың артылуын анықтайды және осы мәлiметтердi облыстың бiлiм беру органдарына жеткiзедi;
Тармақша 4
4) ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес жұмыс берушiлер үшiн кадрларды iрiктеу мен оқытуды жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Жұмыс берушi уәкiлеттi органға:
Тармақша 1
1) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде, бар бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы;
Тармақша 2
2) олардың құрылу мерзiмiн, кадрларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарды (кестесi) көрсетiп құрылатын жаңа жұмыс орындарының жоспарланған саны туралы;
Тармақша 3
3) қызметкерлердiң зейнеткерлiкке шығуына байланысты осы жұмыс орындарына қажеттi жұмыстардың лауазымы мен кәсiбiн, мамандығын, бiлiктiлiгiн көрсете отырып, жұмыс орнының босағандығы туралы;
Тармақша 4
4) жұмыстан босату басталардан кемiнде бiр ай бұрын ұйымның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердiң қызметтерi мен кәсiптерi мамандықтары, бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердiң саны мен олар босатылатын мерзiмдер туралы мәлiметтер ұсынуға мiндеттi.
Тармақ 7
7. Жұмыс берушi Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк әрiптестiк туралы" Заңы негiзiнде күту парағын алған, жаңа жұмыс орнына жұмысқа бiрiншi кезекте орналасуға үмiткер жұмыссыздар деректерi банкiсiнде тұрған кадрлық резервтi құруға және оны пайдалануға мiндеттi.
Тармақ 8
8. Тараптардың өз ара келiсiмi бойынша уәкiлеттi орган мен жұмыс берушi жаңа жұмыс орындарын толтыру мақсатында жұмыссыздарды кәсiптiк даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн көтерудi ұйымдастырады.
Тарау 3. 3. Қорытынды қағидалар
3. Қорытынды қағидалар
Тармақ 9
9. Уәкiлеттi орган осы қағиданы бұзғаны және еңбек делдалдығын сапасыз ұйымдастырғаны үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына сәйкес жауап бередi.
Басқа 29. Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру Қағидасы
Облыс әкiмдiгiнiң
2003 жылғы "26" наурыз"
Жұмыссыздарды жұмысқа
орналастырудың кейбiр
мәселелерi туралы"
№ 64/4 қаулысымен бекiтiлдi
Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру Қағидасы
Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыруда осы қағида (бұдан әрi қағида) облыста тараптардың өнiмдi жұмыспен қамтудың қамтамасыз етуге, жұмыссыздық деңгейiн қысқартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған тең құқылы және өзара жауапты принциптерi негiзiнде жалпы әлеуметтiк маңызды мақсаттарға қол жеткiзу үшiн облыстағы әлеуметтiк әрiптестiк жүйесi жұмыс iстеуiнiң құқықтық негiздерiн, мiндеттерi мен тәртiбiн айқындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Қағида 2003 жылғы 21 ақпандағы облыс әкiмi мен облыс директорлары кеңесi арасындағы қол қойылған Келiсiм шеңберiнде Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы, 2000 жылғы 18 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк әрiптестiк туралы" заңы сәйкес әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) "жұмыссыздық" - экономикалық белсендi халықтың бiр бөлiгiнiң еңбек рыногында қажет болмай қалуына негiзделген әлеуметтiк экономикалық құбылыс;
Тармақша 2
2) "жұмыссыздар" жұмыс жасындаєы жұмысы, табысы (кiрiсi) жоқ, лайықты жұмыс iздеп жүрген және оған кiрiсiп кетуге әзiр, еңбекке жарамды жастағы азаматтар;
Тармақша 3
3) "бос орын" жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (қызмет);
Тармақша 4
4) "жұмыспен қамтылу" азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне қайшы келмейтiн жеке қажеттерiн қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кiрiс әкелетiн қызметi;
Тармақша 5
5) "жаңа жұмыс орны" жұмыс берушiнiң кеңею немесе жаңа өндiрiс құруы нәтижесiнде құрылған қосымша жұмыс орны;
Тармақша 6
6) "күту парағы" жұмыс берушiнiң кәсiпорынның кадрлық резервiне енгiзiлген, жұмыс орнына алдын ала әңгiмелесуден немесе кәсiптiк iрiктеуден өткен жұмыссызға беретiн құжаты; күту парағының қызмет ету мерзiмi - үш ай және жұмыс берушi алты айға дейiн ұзартуы мүмкiн;
Тармақ 3
3. Уәкiлеттi орган және жұмыс берушi арасында жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру жөнiндегi бiрлесiп жасаған жұмыс туралы келiсiм осы қағиданы iске асыру үшiн негiз болып табылады.
Тарау 2. 2. Жұмыссыздарды бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру
2. Жұмыссыздарды бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру
Тармақ 4
4. Уәкiлеттi органның бос жұмыс орындарына кадрлар iрiктеуi жұмыс берушiлерге әңгiмелесуге немесе тестiлеуге жiберiлетiн жұмыссыздар арасынан лауазымдық және мамандық бiлiктiлiк талаптарына сәйкес жұмыс берушiнiң өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырады.
Егер әңгiмелесу немесе тестiлеу нәтижесi оң және бiлiктiлiк талаптарына сай болғанда, жұмыс берушi жұмыссызбен жеке еңбек шартын жасайды.
Тармақ 5
5. Жұмыссызды жұмысқа қабылдағанда жұмыс берушi онымен жеке еңбек шартын жасасады. Жұмыс уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңының 45-47 - баптарына сәйкес белгiленедi.
Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес жұмыс берушi сынау мерзiмiн белгiлей алады. Жұмысқа қабылданған жұмыскердiң еңбек ақысын сынақ мерзiмi уақытына жұмыс берушi жеке еңбек шартында көзделген мөлшерде жүзеге асырады.
Тұрғындардың мақсатты тобынан жеке адамдарды жұмысқа қабылдағанда уәкiлеттi орган мен жұмыс берушi арасында қабылданған шартта жұмыскерге республика бойынша белгiленген ең аз жалақы деңгейiнен кем емес мөлшерде жергiлiктi бюджеттер қаражатынан еңбек ақы төлеу анықталуы мүмкiн. Бұл жағдайда ұсынылған топ жұмыс орындары әлеуметтiк жұмыс орны сипатын иеленедi және жұмыс орнында жұмыссыздарды еңбекке бейiмдеу мен олардың олардың жұмыс орнында әрi қарай қалуын жүзеге асыратын қосымша мақсатқа ие болады.
Тармақ 6
6. Егер қызметкердi жұмыс берушi алмайтын болғанда, сынақ мерзiмi бiткен соң, жұмыс берушi бюджетке жасалған шартқа сәйкес еңбектi төлеуге бағытталған қаржы сомасын қайтып бередi.
Жұмыс берушi қызметкерлермен еңбек қатынасын бұзғанда мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) ұйым (заңды тұлєа) таратылған, жұмыс берушiнiң (жеке адамның) қызметi тоқтаған;
Тармақша 2
2) қызметкерлердiң саны немесе штаты қысқартылған;
Тармақша 3
3) жеке еңбек шартының қолданылу мерзiмi iшiнде қызметкердiң жеткiлiктi бiлiктiлiгiнiң болмауы не белгiлi бiр жұмысты жалғастыруға кедергi келтiретiн денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын қызметiне немесе iстейтiн жұмысына сәйкессiздiгi аңғарылған;
Тармақша 4
4) жүктiлiгi және бала тууы бойынша демалыста болу уақытын есептемегенде, еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында сол ауру бойынша еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым ұзақ мерзiмi белгiленбесе, жұмысқа екi айдан астам уақыт бойы келмеген, (еңбек қабiлетiн еңбекте мертiгуiне немесе кәсiптiк ауруға байланысты жоғалтқан қызметкердiң жұмыс орны (қызметi) еңбек қабiлетi қалпына келгенге немесе мүгедектiк анықталғанға дейiн сақталады);
Тармақша 5
5) қызметкер ұйыммен бiрге басқа жерге ауысудан бас тартқан;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес неғұрлым жеңiл жұмысқа ауыстырудан қызметкер бас тартқан;
Тармақша 7
7) еңбек жағдайларындағы өзгерiске байланысты жұмысты жалғастырудан бас тартқан;
Тармақша 8
8) егер қызметкер тәртiптiк жаза алған болса, ол еңбек мiндеттерiн дәлелдi себептерсiз қайталап орындамаған;
Тармақша 9
9) қызметкер еңбек мiндеттерiн бiр рет өрескел бұзған;
Тармақша 10
10) егер iс-әрекетi оған жұмыс берушi тарапынан сенiмiнiң жоғалуына негiз болса, ақшалай немесе тауарлық құндылықтармен тiкелей қызмет ететiн қызметкер кiнәлi iс-әрекет жасаған;
Тармақша 11
11) бiлiм беру саласында тәрбиешiлiк мiндеттi атқарушы қызметкер аталған жұмысты жалғастыруға адамгершiлiкке сыйымсыз жат қылық жасаєан;
Тармақша 12
12) жеке еңбек шартына сәйкес қызметкерге сенiп тапсырылған мемлекеттiк, қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария еткен;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес басқа жұмысқа уақытша ауыстырған жағдайда қызметкер жұмыстан бас тартқан;
Тармақша 14
14) бұрын осы жұмысты орындап келген қызметкер сот шешiмiмен жұмысына қайта алынған жағдайда қаражатты қайтармайды.
Тармақ 7
7. Жұмыс берушiде жеткiлiктi жұмыс тәжірибесi мен тиiстi бiлiктiлiгi бар жұмыссызды жұмысқа орналастыру үшiн бос жұмыс орны болмағанда жұмыс берушi оны кәсiпорынның кадрлық резервiне енгiзедi және сәйкес бос орын пайда болғанда, бiрiншi кезекте жұмысқа орналасуына кепiлдiк беретiн күту парағын бередi.
Тарау 3. 3. Жұмыссыздарды жаңа жұмыс орындарына орналастыру
3. Жұмыссыздарды жаңа жұмыс орындарына орналастыру
Тармақ 9
9. Жұмыс берушi уәкiлеттi органға кадрларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын сақтау мерзiмiн көрсетiп, жоспарланған жаңа жұмыс орындары саны туралы мәлiмет бередi.
Осы мәлiметтер негiзiнде уәкiлеттi орган жұмыссыздарды алдын ала iрiктеу үшiн жұмыс берушiге жiбередi. Iрiктеу әңгiмелесу немесе тестiлеу жолымен жүргiзiледi.
Iрiктеудi өткен жұмыссыз жұмысқа қабылданады немесе кәсiпорынның кадрлар резервiне енгiзiледi және жұмыс берушiден күту парағын алады.
Қажет болған жағдайда уәкiлеттi орган жұмыс берушiмен шарт бойынша ұсынылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес iрiктеудi өткен жұмыссызға кәсiптiк оқыту ұйымдастырады.
Тармақ 10
10. Жұмыссыздарды кәсiптiк оқытуға тең мүмкiндiк берiлгенде конкурстық негiзде мына:
Тармақша 1
1) жалпы орта, бастауыш, кәсiптiк оқыту және бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын және еңбек қызметiнiң түрлi бағыттары бойынша бiлiктi еңбек жұмыстарын қамтамасыз ететiн оқу орындарына;
Тармақша 2
2) бiлiм беру қызметiне лицензияланған оқыту пунктi бар кәсiпорындарға орналастыруға болады.
Тармақ 11
11. Жұмыссызды кәсiптiк оқытуды ұйымдастыру мына тәртiпте жасалады:
Тармақша 1
1) теориялық курсты бiлiм беру мекемелерi мен кәсiпорындары жүргiзедi,
Тармақша 2
2) өндiрiстiк практика жұмыс берушi кәсiпорнының базасында жүзеге асырылады.
Өндiрiстiк практика өту уақытына жұмыс берушi мен жұмыссыздың арасында жеке еңбек шарты жасалады. Осы мерзiмде қызметкердiң еғбек ақысын уәкiлеттi орган республика бойынша белгiленген ең аз жалақы мөлшерiнде жергiлiктi бюджет қаржысынан төлейдi. Уәкiлеттi орган жасасқан шартқа сәйкес жұмыс берушi есебiне қаражат аударады. Жұмыс берушi жұмыссызды жұмысқа орналастыруға кепiлдiк бередi және практика өтушiнiң еңбегiне қосымша ақы төлеуге арналған материалдық шығындарды өтемейдi.
Тармақ 12
12. Оқуын бiтiрген және сәйкес бiлiктiлiк алған қызметкердi жұмысқа қабылдаудан бас тартқан жағдайда, жұмыс берушi жасасқан шарт талаптарына сәйкес уәкiлеттi орган талабы бойынша жергiлiктi бюджет қаржысынан еңбекке ақы төлеуге жiберiлген қаржы сомасын бюджетке қайтарып бередi.
Осы қағиданың 6 - тармағында көрсетiлген қызметкерлермен еңбек қатынастары бұзылған жағдайда жұмыс берушi қаржыны қайтармайды.
Тарау 4. 4. Халықты жұмыспен қамтамасыз етуде жұмыс берушiнiң қатысуын ұйымдастыру
4. Халықты жұмыспен қамтамасыз етуде жұмыс берушiнiң қатысуын ұйымдастыру
Тармақ 13
13. Жұмыс берушi:
Тармақша 1
1) құрылымдық өзгерiстер барысында бiлiктi жұмыскерлерiнiң кадрлық әлеуетiн сақтау және тиiмдi пайдалану;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес жеке еңбек шарттары мен ұжымдық шарттарды сақтай отырып, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдем беру;
Тармақша 3
3) құрамда кәсiптiк даярлау мен iшкi өндiрiстiк жүйенi дамыту;
Тармақша 4
4) күту парағы мен үйымдарда белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бос орындарға және жаңа жұмыс орындарына орналасу мәселесi бойынша өтiнген жеке адамдарды жұмысқа қабылдау;
Тармақша 5
5) уәкiлеттi органмен жасасқан барлық шарт жағдайларын орындау жолымен халықты жұмыспен қамту саясатын iске асыруға қатысады.
Тарау 5. 5. Қорытынды қағидалар
5. Қорытынды қағидалар
Тармақ 14
14. Уәкiлеттi орган осы қағиданы бұзғаны және еңбек делдалдығын сапасыз ұйымдастырғаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының "әкiмшiлiк құқық бұзулар туралы" Кодексiне сәйкес жауап бередi.
Тармақ 15
15. Қазақстан Республикасының еңбек және жұмыспен қамту туралы заңнамаларын сақтау бөлiгiнде қағиданың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2001 жылғы 20 шiлдедегi № 983 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорєғау министрлiгiнiң мемлекеттiк еңбек инспекторы туралы Ережесiне сәйкес облыс бойынша еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау аумақтық департаментi (келiсiм бойынша) жүргiзедi.