Об утверждении Порядка использования средств резервного фонда областного бюджета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Порядка использования средств резервного фонда областного бюджета
- Атауы (қаз.)
- Облыстық бюджеттің резервтік қоры қаржыларын пайдалану тәртібін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 130
- Қабылданған күні
- 19.06.1997
- Көрсетілген редакция
- 19.06.1997 1580_235136.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.06.1997
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V97Z000037_
- ЭКБ идентификаторы
- 1580
- Редакция идентификаторы
- 1580_235136
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:03
0 Облыстық бюджеттің резервтік қоры қаржыларын пайдалану тәртібін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 21.01.2000 № 7 шешімімен.
Облыстық бюджеттің резервтік қоры қаржыларын тиімді және мақсаткерлікпен пайдалану мақсатында, сондай - ақ туындаған көзделмеген жағдайларды жедел қаржыландыру үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Қосып беріліп отырған облыстық бюджеттің резервтік қоры қаржыларын пайдалану тәртібі бекітілсін.
2. Аудандар мен Орал қаласы әкімдеріне сәйкесті жергілікті бюджеттердің резервтік қоры қаржыларын пайдалану тәртібін әзірлесін және бекітсін.
3 Батыс Қазақстан облысы бюджетінің резервтік қоры қаржыларын пайдалану тәртібі
Облыс әкімінің 1997 жылғы
20 маусымдағы № 130
шешіміне қосымша
Батыс Қазақстан облысы бюджетінің
резервтік қоры қаржыларын пайдалану
тәртібі
1. Бұл тәртіп облыстық бюджеттің резервтік қоры қаржыларын облыстық мәслихаттың сессиясының шешімімен сәйкесті қаржылық жылға бекітілген сомасы шегінде бөлінуі және жұмсалуы тетігін белгілейді.
2. Резервтік қор "Бюджеттік жүйе туралы" 1996 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-ші бабына сәйкес біржолғы реттегі көзделмеген шығындарды табиғи және техногендік бағыттағы төтенше жағдайларды жоюды қоса отырып, қаржыландыру үшін облыстық бюджеттің құрамында сәйкесті қаржылық жылға қалыптастырылады.
3. Резервтік қордан қаржылар бөлу облыс әкімі шешімімен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады, онда алушы, қаржылар көлемі және оларды бюджеттік жіктеуге сәйкесті мақсаткерлікпен пайдалану бағыттары көрсетіледі.
4. Резервтік қор қаржысы мақсатты бағытта болады және қаржы бөлу туралы облыс әкімі шешімінде көзделмеген мұқтаждықтарға жұмсалмайды. Резервтік қордан қаржы бөлу туралы әкім шешімі қаржылық жыл аяқталысымен күшін жояды. Пайдаланылмаған қаржы қалдығы қайтаруға жатқызылады.
5. Заңды тұлғалардың, аудандар мен Орал қаласы әкімдерінің резервтік қордан қаржы бөлу туралы өтініштерін облыстық қаржы басқармасы мүдделі басқармалармен, комитеттермен, басқа мемлекеттік органдармен келісілген дәлелді есептесулері болған жағдайда қарайды. Мәселе оң шешімін тапқан жағдайында облыстық қаржы басқармасы белгіленген тәртіпте қаржы бөлу туралы шешім жобасын әкімінің қарауына енгізеді. Резервтік қордан төтенше жағдайлар жөніндегі комитет қарайды, қажет болған жағдайда облыстық қаржы басқармасының келісімімен белгіленген тәртіпте облыс әкіміне төтенше жағдайды жоюға қаржы бөлу туралы шешім жобасын енгізеді. Бұл жағдайда дәлелді материалдар мен олардың тізбесін жасап беру тәртібін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комитет белгілейді.
6. Облыс аудандары мен Орал қаласында резервтік қордан қаржы бөлу туралы мәселе аудандардың және Орал қаласы әкімдерінің өтініштері бойынша жергілікті атқарушы органдардың резервтік қоры қаржысы жетіспеген жағдайда қаржылық көмек беру жөніндегі дәлелді мәлімдемесіне және жергілікті бюджеттің қолда бар қаржысы мен оны пайдалану көлемі жөнінде ақпаратты міндетті түрде табыс етуіне орай қаралатын болады.
7. Бюджеттен тыс мақсатты қорлар қаржысы есебінен ұстанудағы ұйымдарға (республикалық бюджет туралы заңда көзделген жағдайларды шығара отырып), мемлекеттік үлестік қатысу кемінде 50 процент құрайтын қоғамдық бюджет есебінен ұстанудағы ұйымдарға резервтік қордан қаржы бөлуге жол берілмейді.
8. Табиғаттық және техногендік бағыттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шараларды резервтік қордан қаржыландыру, егер төтенше жағдайлардың пайда болу қауіпі немесе оның таралу көлемі жергілікті және атқарушы органдардың туындаған проблеманы өздерінің қаржылары есебінен дербес шешу мүмкіндігі болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
9. Төтенше жағдайларды жою үшін резервтік қордан:
- төтенше жағдайлардың туындауына байланысты зардап шеккендеріне материалдық көмек беруге;
- зардап шегушілер үшін уақытша тұру және тамақтану пункттерін ашу және оларды ұстануға;
- шұғыл апаттық - құтқару және апаттық - қалпына келтіру бөлімшелерін құтқарудың техникалық құралдармен, жаюдықтармен, құрал-саймандармен қосымша жабдықтауға;
- құтқару және апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын атқару шығындарын өтеуге;
- төтенше жағдайлар аймағын тасмалдаумен, күшпен және құралдармен қамтамасыз ету шығындарын өтеуге;
- төтенше жағдайларды жоюға байланысты басқа да шараларға;
- ерекше жағдайға сәйкесті жергілікті және орталық атқарушы органдардан сақтандыру бойынша кезек күттірмейтін маңызды тіршілік шараларын өткізуге қаржы бөлінетін болады.
10. Төтенше жағдайларды жою, сондай-ақ олардан сақтандыру жөніндегі ұзақ мерзімдік шараларды жүзеге асыруға қажетті шығындар көлемін жергілікті атқарушы органдар облыстық экономика және сауда басқармасына және облыстық қаржы басқармасына сәйкесті жылдың бюджеттік тапсырысы құрамында және ол белгіленген тәртіпте қолданылады.