Об утверждении перечня образовательных программ, реализуемых в специальном учебном заведении Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня образовательных программ, реализуемых в специальном учебном заведении Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 411
- Қабылданған күні
- 20.08.2021
- Көрсетілген редакция
- 03.08.2022 158119_587144.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100024092
- ЭКБ идентификаторы
- 158119
- Редакция идентификаторы
- 158119_587144
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:05
0 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
арнаулы оқу орнында іске асырылатын
білім беру бағдарламаларының тізбесін бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2021 жылғы 20 тамыздағы
№ 411
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесі
№
Білім беру бағдарламаларының тізбесі
Бакалавриат білім беру бағдарламалары бойынша берілетін дәреже
Магистратура білім беру бағдарламасы бойынша (бейіндік/ғылыми-педагогикалық бағыт) берілетін дәреже
Философия докторы (PhD) / доктор бейіні бойынша докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша берілетін дәреже
1
«6В12302 - Өрт қауіпсіздігі»
Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры
2
«6В12303 - Төтенше жағдайларда қорғау»
Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры
3
«6В12191 - Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық»
Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры
4
«6В12304 - Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі»
Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс бакалавры
5
«7М12302 - Өрт қауіпсіздігі» (ғылыми-педагогикалық бағыт)
Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі
6
«7М12303 - Өрт қауіпсіздігі» (бейіндік бағыт)
Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі
6-1
«7М12304 - Төтенше жағдайларда қорғау» (ғылыми-педагогикалық бағыт)
Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі
6-2
«7М12305 - Төтенше жағдайларда қорғау» (бейінді бағыт)
Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі
7
«8D12302 - Өрт қауіпсіздігі» (ғылыми-педагогикалық бағыт)
Философия докторы (PhD) / Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы
8
«8D12303 - Өрт қауіпсіздігі» (бейінді бағыт)
Бейіні бойынша доктор / Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы
9
«8D12304 - Төтенше жағдайларда қорғау» (ғылыми-педагогикалық бағыт)
Философии докторы (PhD)/Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы
10
«8D12305 - Төтенше жағдайларда қорғау» (бейінді бағыт)
Бейіні бойынша доктор / Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс докторы