Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 276
- Қабылданған күні
- 03.08.2021
- Көрсетілген редакция
- 03.08.2021 158164_535633.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21MC00276A
- ЭКБ идентификаторы
- 158164
- Редакция идентификаторы
- 158164_535633
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:18
0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69, 71-1 – баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Lucent Petroleum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы 1999 жылғы 7 сәуірдегі № 317 келісімшартқа № 15 толықтыру негізінде Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Lucent Petroleum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне келісімшарттық аумақ шегінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін Бейнеу ауданының аумағында орналасқан ауданы 100,0 гектар жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. «Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;
Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.