Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № 282 · қабылданған 16.08.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-158165/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста Қаулы ·№ 282 ·16.08.2021
16.08.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Қаулы ·№ 282 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
282
Қабылданған күні
16.08.2021
Көрсетілген редакция
16.08.2021 158165_535639.kaz
Соңғы өзгеріс
16.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21MC00282A
ЭКБ идентификаторы
158165
Редакция идентификаторы
158165_535639
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:10

0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69, 71-1 – баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Lucent Petroleum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы 1999 жылғы 7 сәуірдегі № 317 келісімшартқа № 15 толықтыру негізінде Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Lucent Petroleum» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне келісімшарттық аумақ шегінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін Бейнеу ауданының аумағында орналасқан ауданы 23,9 гектар жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;
Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Теміровке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы