О внесении изменений в некоторые приказы Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан, в которые вносятся изменения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые приказы Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан, в которые вносятся изменения
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 16
- Қабылданған күні
- 31.08.2021
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2021 158218_538836.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100024184
- ЭКБ идентификаторы
- 158218
- Редакция идентификаторы
- 158218_538836
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:58
0 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының берілген тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Баға статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3
3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Баға статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына (Ж. Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрлiгi
0 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Басшысының
2021 жылғы 31 тамыздағы № 16
Бұйрықпен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1
1. «Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12955 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бағаларды тіркеу – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы алғашқы статистикалық деректерді жинау;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Әдіснаманы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі - Бюро) және оның аумақтық бөлімшелері тұтыну тауарларының және ақылы көрсетілетін қызметтердің бағаларына жалпымемлекеттік статистикалық байқау жүргізу және баға индекстерін құру кезінде қолданады.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. ТБИ-ды байқау саласы»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Іріктемеде қалалық және ауылдық аумақтардың болуы халықтың бөлінуіне, бағалардың өзгерістеріне және шығыстар құрылымындағы ерекшеліктерге байланысты. Қамтуға ірі қалалар (астана, республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтары) және бағаны тіркеу негіздеріне белгіленген талаптарды ескере отырып, сауда мен көрсетілетін қызметтердің қолданыстағы саласы тұрақты бағалық ақпарат алуды қамтамасыз ететін халықтың басым көпшілігі тұратын аудан орталықтары кіреді. Басқа елді мекендердегі баға өзгерісінің үрдістері белгілі бір уақыт кезеңіндегі ірі қалалардағы баға қозғалысын қайталайды.»;
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«12. Сауда объектілерінің қамтылуы сауда жасауға қатысты үй шаруашылықтарының мінез-құлқымен анықталады. Баға тіркеуді аумақтық статистика бөлімшелерінің тиісті лауазымды адамдары (бұдан әрі – маман) сауда объектілерінде жүргізеді. Үй шаруашылықтары сауда жасайтын барлық сауда объектілері ТБИ қамтылуына енгізіледі және базалық объектілерді іріктеу үшін іріктеменің негізін құрайды.
Базалық объектілердің іріктеме жиынтығына қойылатын негізгі өлшемшарттар – өңірлік және салалық бөліністерде репрезентативті болуы тиіс.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Бағаларды тіркеу үшін іріктеме»;
17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«17. Елді мекен іріктемесіне қойылатын негізгі критерий елдің барлық өңірлерінің келістілігі болып табылады. Тұтыну бағаларының зерттеуіне астана, республикалық маңызы бар қалалар, облыстық маңызы бар қалалар (облыс орталықтары) және аудандық маңызы бар қалалардың іріктеме тобы кіреді.
Әр өңірде келесі өлшемшарттарға сәйкес жекелеген елді мекендер таңдалып алынады:
1) зерттеуге халықтың басым бөлігі тұратын және негізінен сауда желілері шоғырланған ірі елді мекендер кіреді;
2) бағаларды байқау үшін іріктелген елді мекендер өңірдің географиялық ерекшеліктерін көрсетіп, оның әртүрлі бөлігінде орналасады;
3) бір-біріне және облыс орталықтарына тікелей жақын орналасқан, егер осы елді мекендерде бағаның деңгейлері мен серпінінің принциптік ерекшеліктері болмаса олар іріктемеге қосылмайды;
4) байқауға іріктелген елді мекендер бағаны тіркеу үшін кіретін тұтыну нарығындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тұрақтылығымен сипатталады.
Тұтыну нарығында сауда және ақылы қызмет көрсету саласы объектілерінің көптігімен, тауарлар мен көрсетілетін қызметтің кең ассортименті бар ірі қалаларда бағаны тіркеу байқауға іріктеліп алынған барлық тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша жүргізіледі. Шағын елді мекендерде бағаны тіркеу күнделікті сұраныстағы маңызды тауарларға және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлеріне жүргізіледі, себебі олардағы сауда және қызмет көрсету саласы объектілерінің жеткіліксіз саны толық көлемде деректер алуға және ұзақ уақыт аралығында баға өзгерісін қадағалауға мүмкіндік бермейді.
Мұндай тәсіл ТБИ-ді есептегенде аудан деңгейінің өкілділігін қамтамасыз етеді және тауарлардың тұрақсыз ұсынылған кезіндегі жеткіліксіз ақпаратты көптеген қоса есептеулердің қажеттілігіне байланысты өңір бойынша индекстің бұрмалануын азайтады.»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Бағаларды тіркеу»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Тұтыну сегменті»;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Базалық объектілерді және тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) алмастыру»;
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Маусымдық тауарларды есепке алу»;
8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-тарау. Тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) сапасындағы өзгерістерді есепке алу»;
9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-тарау. Алғашқы деректердің сапасын және анықтығын қамтамасыз ету»;
10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«10-тарау. Индекстің салмақтары»;
11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«11-тарау. Баға индекстерін және орташа бағаларды есептеу»;
12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«12-тарау. Бағаның туынды индекстері»;
13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«13-тарау. ТБИ-да тұтыну қоржынын құрайтын баға өзгерісінің үлесі»;
14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«14-тарау. Ресми статистикалық ақпаратты тарату»;
66-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«66. Халықаралық Валюта Қоры әзірлеген Деректерді таратудың арнайы халықаралық стандартына сәйкес ақпаратты шығарудың алдын ала белгіленген мерзіміне сәйкес ТБИ ай сайын жарияланады. Ақпарат баспасөз хабарламасы, жедел ақпарат түрінде барлық пайдаланушылар үшін Бюроның Интернет-ресурсында орналастыру арқылы бір мезгілде таралады. Топтар, кластар және тауардың (көрсетілетін қызметтердің) түрлері бойынша егжей-тегжейлі баға өзгерістері туралы ақпарат статистикалық бюллетендерде, жинақтарда жарияланады.
Пайдаланушыларға көмек ретінде баға индексінің жарияланымы қысқаша әдіснамалық түсініктемелермен бірге беріледі.»;
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Қоғамның индекске деген сенімін қамтамасыз ету мақсатында бағаны тіркеу және есептеу рәсімдерін сипаттау буклеттер, кітапшалар және басқа да басылымдар түрінде жарияланады және Бюро сайтында қолжетімді.».
2
2. «Коммуналдық қызметтердің жекелеген түрлеріне сараланған тарифтердің орташа өзгерісін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 ақпандағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13532 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Коммуналдық қызметтердің жекелеген түрлеріне сараланған тарифтердің орташа өзгерісін есептеу әдістемесінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы тұтыну бағасының индексін (бұдан әрі - ТБИ) қалыптастыру кезінде оларды бұдан әрі пайдалану мақсатында электр энергиясы, орталықтан жылыту, суық және ыстық сумен қамтамасыз ету, кәріз қызметтеріне сараланған тарифтердің орташа өзгерістерін есептеу үшін қолданады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Әдістемеде «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) айқындалған ұғымдар пайдаланылады.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Сараланған тарифтердің орташа өзгерісін есептеу».
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Табиғи монополия субъектілерінің реттелетін коммуналдық қызметтерін пайдаланатын тұтынушылар тобы бойынша тұтынылған қызметтер көлемі және адамдар саны жөніндегі бастапқы деректер мемлекеттік статистиканың аумақтық бөлімшелері ресми жазбаша сауал жолдау арқылы нақты кезеңге (жыл) алған ақпарат болып табылады.
Тұтынушылардың әрбір топтары бойынша сараланған тарифтердің жаңа деңгейі табиғи монополия саласындағы басшылықты жүзеге асыратын аумақтық мемлекеттік органдардың бұйрықтарымен расталады.».
3
3. «Тұрғын үй нарығындағы бағалар индексін құру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 ақпандағы № 41 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13558 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй нарығындағы бағалар индексін құру әдістемесінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі - Бюро) және оның аумақтық бөлімшелері тұрғын үй бағаларына жалпымемлекеттік статистикалық байқау жүргізу және баға индекстерін құру кезінде қолданады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Осы Әдістемеде «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында айқындалған ұғымдар пайдаланылады.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Дереккөздер және тұрғын үйге баға индекстерін құрудың әдісі»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың материалдары негізінде тұрғын үй нарығындағы баға индекстерін құру»;
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«13. Жаңа тұрғын үйді сатудың, тұрғын үйді қайта сатудың және жалға берудің орташа бағаларын және баға индекстерін қалыптастыру үшін ақпарат дереккөзі жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың материалдары болып табылады.
Мемлекеттік статистиканың аумақтық бөлімшелерінің бағаларды жинауға жауапты, тиісті лауазымды адамдары тұрғын үйді сату және жалға беру бойынша операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлеріне тікелей сауал салуы арқылы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында немесе интернет-ресурстарда орналастырылатын хабарландырулардан бағаларды тіркейді.»;
14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«14. Жаңа тұрғын үйге бағаны байқау үшін іріктеме өңірлердегі бастапқы тұрғын үй нарығында бар тұрғын үйдің түрлерінен қалыптастырылады. Астана мен республикалық маңызы бар қалаларды қоспағанда, барлық қалалардың бастапқы тұрғын үй нарығы көптігімен ерекшеленбейді, сондықтан іріктемеге барлық жаңа тұрғын үйлер енгізіледі. Қалада коммерциялық құрылыс ұйымдары салған жаңа үйлер болмаған кезде іріктемеге мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде сатылатын тұрғын үйді енгізуге болады.
Тіркеуге:
1) әртүрлі әрлеумен (таза, бастапқы, бастапқы жақсартылған), кірпіш, монолит немесе панельден жасалған қабырғасы бар, белгілі кластағы (3.02-43-2007 Тұрғын үй ғимараттар Қазақстан Республикасының Құрылыс нормалары мен ережелеріне (бұдан әрі – ҚР ҚНмЕ) сәйкес II, III, IV класы немесе эконом және бизнес-класы), жаңа көп қабатты (5 қабаттан кем емес) бір-, екі-, үш бөлмелі абаттандырылған пәтерлердің;
2) зерттелетін қаладағы тұрғын үй нарығында оларды сатудың едәуір үлесі бар болғанда жаңа бір пәтерлі үйлердің бағалары жатады.
Таза әрленген пәтерлер ретінде тұру үшін толық дайындалған пәтерлер болып табылады. Осындай пәтерлерге ішкі әрлеу (қаптайтын, сырлау, тұсқағаз жапсыру) жұмыстарының аяқталуы, таза еденді орналастыру, санитарлық-техникалық жабдықтары мен аспаптарының, тұрмыстық мақсаттардағы электр техникалық аспаптарының, асханадағы газ немесе электр плиталарының және пәтер ішіндегі есік блоктарының орнатылуы тән.
Бастапқы немесе жақсартылған бастапқы әрленген пәтерлер ретінде әрлеумен байланысты жұмыстарды өткізу қажеттілігі бар, тұру үшін дайындық дәрежелері әртүрлі пәтерлер болып табылады.
ҚР ҚНмЕ-ге сәйкес тұрғын ғимараттар бір адамға тұрғын алаңының мөлшері, еденнен төбенің астына дейін тұрғын жайдың биіктігі, тұрғын бөлмелердің саны, ас бөлмесінің ең төмен алаңы, үй мен пәтердің әрлеуінің сапасы сияқты және басқа да көрсеткіштеріне байланысты I, II, III және IV кластарға бөлінеді.
Баға байқауына II, III және IV кластағы пәтерлер енгізіледі.
I класс сипаттамалары зерттелетін қалалардағы тұрғын үй нарықтарында жеткілікті көрнекілігі жоқ тұрғын үйдің элиталық типіне сәйкес келеді. Байқауға I кластағы тұрғын үйді қосу іріктемеде бағалардың едәуір шашылуына әкелуі мүмкін.
ҚР ҚНмЕ-нің жіктелімімен қатар тұрғын үй нарығында эконом, бизнес, элиталық кластар бойынша тұрғын үйлерді бөлу кеңінен қолданылады. Жаңа тұрғын үйдің бағасын байқағанда, іріктемеге эконом және бизнес кластағы объектілер енгізіледі.
Пәтердің (үйдің) сипаттамаларын: орналасқан жері, үйдің сыртқы қабырға материалдары, бөлме саны, әрлеу, тұрғын үйдің жалпы алаңы және асхананың алаңы, үйдің қабаттылығы, пәтер орналасқан қабат, тұрғын үйдің класы, тұрғын үй кешенінің атауы (оның болуына байланысты) көрсете отырып сатудың бағасы тіркеледі.»;
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«15. Зерттелетін кезең бойы өзгермейтін, арнайы іріктеп алынған сипаттамаларымен (жалпы алаңы, орналасқан жері, бөлме саны, қабат, үйдің қабырғасының материалы, салынған жылы) абаттандырылған және абаттандырылмаған тұрғын үйлерді қайта сату бағалары байқауға жатады. Пәтерлерді іріктеу кезінде олардың ең көрнекті түрлері есепке алынады.
Тұрғын үй іріктемесін қалыптастыру қағидаттары:
1) репрезентативтілік. Байқауға қосылған пәтер (үй) түрі тұрғын үй нарығының жалпы құрылымында жоғары үлес салмағын алады және ұсынылатын типтің баға серпінін көрсетеді;
2) өзектілік, тұрақтылық. Іріктелген пәтер (үй) түрі сұранысқа ие және нарықта ұзақ уақыт бойы тұрады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Абаттандырылған тұрғын үйлерді қайта сату бағаларын байқау үшін іріктемеге көп қабатты (5 қабаттан кем емес) кірпіш, монолит немесе панель үйлердегі бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер, абаттандырылмаған үйлерде – (су құбыры, кәріз, орталықтан жылыту, ыстық сумен қамтамасыз ету) коммуналдық жайлылықтардың ең болмағанда бір түрі жоқ бір пәтерлі (жеке) үйлер енгізіледі.»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Әкімшілік дереккөздің деректері негізінде тұрғын үй нарығындағы баға индекстерін құру»;
21-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«21. Қазақстан Республикасында тұрғын үйлерді қайта сату бағалары туралы әкімшілік деректер Бюроның Тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімінен (бұдан әрі - ТҚСТ) қалыптастырылады. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» Мемлекеттік дерекқорынан (бұдан әрі – ЖМТ МД) мәліметтер ТҚСТ деректерін өзектілендіру көзі болып табылады.
ЖМТ МДҚ-нан интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы алынатын мәліметтің негізінде облыстық және республикалық маңызы бар қалалар бойынша тұрғын үйге баға индексін құру жүзеге асырылады.
ТҚСТ келесі құрылымды қамтиды:
1) тұрғын үйдің орналасқан жері (мекенжайы);
2) тұрғын үйдің техникалық сипаттамалары (үйдің қабат саны, бөлме саны, жалпы және тұрғын алаңы, үйді пайдалануға берілген жыл, үйдің сыртқы қабырғасының материалы, тұрғын үйдің биіктігі);
3) абаттандырудың болуы (жылыту, электр, сумен жабдықтау, кәріз, газ);
4) үйдің немесе пәтердің түрі;
5) сатып алу-сату шарты бойынша мәміле сомасы;
6) мәміле күні.
Құрылымда көрсетілген 1), 2), 3), 4)-тармақшалар бұдан әрі оларды құрайтын атрибуттар бойынша нақтыланады.»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Салмақтау сызбасын қалыптастыру»;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Тұрғын үйге баға статистикасы көрсеткіштері»;
28-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
29-тармақ алып тасталсын;
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Орташа бағалар мен баға индекстерін есептеу».
4
4. «Тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтер бағасын байқау бойынша әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 135 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15872 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтер бағасын байқау бойынша әдістемеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі - Бюро) және оның аумақтық бөлімшелері тұтыну тауарларының және көрсетілетін қызметтердің (бұдан әрі – тауарлар (көрсетілетін қызметтер) бағаларына жалпымемлекеттік статистикалық байқау жүргізу кезінде қолданады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тауарлар (көрсетілетін қызметтер) жиынтығы (бұдан әрі – жиынтық) барлық өңірлер үшін орталықтандырылған түрде белгіленеді. Облыс орталықтары, республикалық маңызы бар қалалар және астана үшін бағаларды байқауға арналған жиынтық осы Әдістемеге 1-қосымшада, қалалар және аудан орталықтарының іріктемелі тобы үшін бағаларды байқауға арналған жиынтық осы Әдістемеге 2-қосымшада келтірілген.»;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Бағаны тіркеу:
1) ай сайын тұтыну бағасының индексін (бұдан әрі – ТБИ) есептеу үшін пайдаланылатын тауарлар (көрсетілетін қызметтер) өкілінің барлық жиынтығы бойынша, есепті айдың 7 (жетісінен) бастап 25 (жиырма бесіне) дейінгі күндері. Тұтыну нарығындағы бағалардың жоғары волатильділік кезеңінде өзгерістерге шалдыққыш тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) бағаны (тарифтерді) бірнеше рет жинау;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы №145 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі бойынша апта сайын (аптасына 1 рет).
Апта сайын өкіл тауарларға бағалық ақпарат ай сайынғы тіркеумен байланыстырылады және сол бір байқаудың базалық объектілерінде жүргізіледі.
Тіркеу мерзімдері сәйкес келген жағдайда онда апта сайынғы тіркеу барысында алынған базалық объектілер бойынша ақпарат ай сайынғы режимде жиналатын ақпараттық массивке қосылады.»;
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Бағалық ақпаратты жинау келесі тәсілдермен жүзеге асырылады:
1) бағалық ақпаратты жинау базалық объектілерді аралау арқылы тауарды (көрсетілетін қызметтерді) өткізу орындарында тікелей жүргізу, бағалықта (жазба белгісінде) көрсетілген бағаларды (тарифтерді) белгілеу, орналастырылған бағатізбесі негізінде немесе ақылы қызметтер көрсететін адамдардың пікіртерімі жүргізіледі;
2) бағаларды тіркеу кезінде Интернет желісінде сұраулар нәтижесінде алынған деректер пайдаланылады (жолаушылар теміржол көлігі және әуе көлігі қызметтері, ұялы байланыс, медициналық көрсетілетін қызметтің жекелеген түрлері, тұрмыстық техника, дыбыс-бейне шолу жабдығы, ұялы телефондар және басқалары).
Қазақстан Темір жолы» bilet.railways.kz, Эйр Астана www.airastana.com, Скат www.scat.kz, Флай Арыстан flyarystan.com, Авиата www.aviata.com сайттарында жолаушылар көлігі қызметтеріне бағаларды, Sulpak.kz, Technodom.kz, Mechta.kz Интернет-дүкендерінде тауарларға бағаларды тіркеу кезінде салғастырымдылықты қамтамасыз ету үшін жеткізу құнынсыз бағалар (тарифтер) белгіленеді.
Ай сайын бағаларды тіркеу жолаушылар теміржол көлігі қызметтеріне 20 (жиырмасыншы) күнгі жағдай бойынша жүзеге асырылады. Егер есепті айдың 20 (жиырмасыншы) күні демалыс немесе мерекелік күнге түссе, онда жұмыс күндеріндегі баға тіркеледі. Демалыс немесе мерекелік күндегі билет құны күрт ауытқуларға ұшырайды және бұл күндері баға өзгерісін есепке алу салыстыруға келмейді;
3) ұсыну шарттары стандартты болып келетін баға деңгейі мезгілдің белгілі бір уақытында (мысалы, химиялық тазарту, киімдерді жуу, көліктерді жуу қызметтерінің бағалары) белгіленетін көрсетілетін қызметтердің кейбір түрлеріне бағалық ақпаратты телефон арқылы тіркейді. Бағалық ақпаратты телефон арқылы алған кезде олардың қызметкерлерімен жеке байланысты ұстау мақсатында және бағаны анықтау кезінде өкіл-тауарлар, көрсетілетін қызметтерді таңдау уақытында қателерді болдырмау, сондай-ақ іріктелген өкіл-тауарлар, көрсетілетін қызметтер ерекшеліктерінің салғастырымдылығына көз жеткізу мақсатында мамандар базалық объектілерді мезгіл-мезгіл (тоқсанына бір рет) аралап шығады;
4) ұзақ уақыт кезеңінде бағаны (тарифті) белгілеу тән ұйымдарға (санаторийлер, медицина және білім беру мекемелері, салт және басқа да көрсетілетін қызметтер ұсынатын ұйымдар) көрсетілетін қызметтерге баға (тариф) туралы ақпаратты беру өтінішімен ресми хаттар жолданады. Бағалар (тарифтер) ұсынылған прейскуранттар негізінде тіркеледі, бірақ деректердің анықтығын бақылау мақсатында алынған бағалық ақпаратты растау үшін мамандар тоқсанына бір реттен кем емес базалық объектілерді аралап шығады;
5) тұрғын үй-комуналдық қызметтердің тарифтері тиісті қөрсетілетін қызмет түрлеріне ақы төлеу үшін халыққа берілетін төлем құжаттары (түбіртектер) негізінде тіркеледі. Тарифтер өзгерген жағдайда табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықта, осы қызметтің түрлерін көрсететін ұйымдарға басшылық жүргізетін мемлекеттік органдардың бұйрықтарымен олардың жаңа деңгейі расталады.»;
1-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1 Облыс орталықтары, республикалық маңызы бар қалалар және астана үшін бағаларды байқауға арналған тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтер жиынтығы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Тұтыну тауарлары мен
көрсетілетін қызметтер бағасын байқау бойынша әдістемеге 1-қосымша
Облыс орталықтары, республикалық маңызы бар қалалар және астана үшін бағаларды байқауға арналған тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтер жиынтығы
Р/с
№ п/п
Атауы
Өлшем бірлігі
1
Тазартылған, жылтыратылған күріш
1 килограмм
2
Жоғары сұрыпты бидай ұны
1 килограмм
3
Ұнтақ жармасы
1 килограмм
4
Қарақұмық жармасы
1 килограмм
5
Сұлы жармасы
1 килограмм
6
Арпа жармасы
1 килограмм
7
Сөк
1 килограмм
8
Жүгері жармасы
1 килограмм
9
Жоғары сұрыпты ұннан пісірілген бидай наны
1 килограмм
10
Бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай наны
1 килограмм
11
Қара бидай-бидай наны
1 килограмм
12
Кесілген батон
1 килограмм
13
Вермишель
1 килограмм
14
Кеспе
1 килограмм
15
Рожки
1 килограмм
16
Спагетти
1 килограмм
17
Тұшпара, манты, хинкали
1 килограмм
18
Варениктер
1 килограмм
19
Майқоспалы тәтті тоқаштар
1 килограмм
20
Пряниктер
1 килограмм
21
Қантты печенье
1 килограмм
22
Торттар
1 килограмм
23
Орамалар, кекстер
1 килограмм
24
Вафли
1 килограмм
25
Майда білезік нандар
1 килограмм
26
Қамыр
1 килограмм
27
Үгілмелі печенье
1 килограмм
28
Кептірілген нан
100 грамм
29
Дәнді дақылдардан үлпектер (құрғақ таңғы астар)
100 грамм
30
Балалар тағамына арналған ботқалар
1 килограмм
31
Сүйегі бар сиыр еті
1 килограмм
32
Сүйексіз сиыр еті
1 килограмм
33
Сүйегі бар жылқы еті
1 килограмм
34
Жая
1 килограмм
35
Қазы
1 килограмм
36
Сүйексіз шошқа еті
1 килограмм
37
Сүйегі бар шошқа еті
1 килограмм
38
Сүйегі бар қой еті
1 килограмм
39
Тауық
1 килограмм
40
Тауықтың сан еті
1 килограмм
41
Тауықтың жамбасы, сирағы
1 килограмм
42
Тауықтың төс еті
1 килограмм
43
Сиырдың бауыры
1 килограмм
44
Пісірілген шұжық
1 килограмм
45
Шала ысталған шұжық
1 килограмм
46
Сосискалар, сарделькалар
1 килограмм
47
Шикідей ысталған шұжық
1 килограмм
48
Тартылған ет
1 килограмм
49
Бұқтырылған ет консервілері
салмағы 350 грамм. 1 шарты банка
50
Ұсақ кесекті жартылай дайын ет өнімдері
1 килограмм
51
Ысталған ет өнімдері
1 килограмм
52
Жаңа ауланған немесе салқындатылған балық
1 килограмм
53
Мұздатылған балық
1 килограмм
54
Тазартылған мұздатылған асшаяндар
1 килограмм
55
Суық ысталған скумбрия
1 килограмм
56
Тұздалған жеңсік балығы
1 килограмм
57
Тұздалған майшабақ
1 килограмм
58
Қызыл уылдырық
1 килограмм
59
Майлы шпрот
240 грамм
60
Жеңсік балық консервілері
салмағы 350 грамм. 1 шарты банка
61
Ультрапастерленген, зарарсыздандырылған сүт
1 литр
62
Пастерленген сүт
1 литр
63
Кілегей
1 литр
64
Қант қосылған қоюландырылған сүт
салмағы 400 грамм. 1 шарты банка
65
Балаларға арналған құрғақ сүт қоспасы
1 килограмм
66
Қант қосылмаған концентратталған сүт
салмағы 400 грамм. 1 шарты банка
67
Йогурт
100 грамм
68
Қаймақ
1 килограмм
69
Кымыз
1 литр
70
Қатық
1 литр
71
Айран майлылығы 2,5%
1 литр
72
Сүзбе қоспасы, ірімшік
1 килограмм
73
Қатты ірімшік
1 килограмм
74
Балқытылған ірімшіктер
1 килограмм
75
Құрт
1 килограмм
76
Тұзды iрiмшiктер
1 килограмм
77
Майлылығы 5-9% сүзбе
1 килограмм
78
Жұмыртқа, 1 санатты
10 дана
79
Тұздалмаған сары май
1 килограмм
80
Өсімдік-сары май (спред)
1 килограмм
81
Маргарин
1 килограмм
82
Күнбағыс майы
1 литр
83
Зәйтүн майы
1 литр
84
Алмалар
1 килограмм
85
Жүзім
1 килограмм
86
Банандар
1 килограмм
87
Апельсиндер
1 килограмм
88
Лимондар
1 килограмм
89
Алмұрттар
1 килограмм
90
Киви
1 килограмм
91
Компотқа арналған кептірілген жемістер
1 килограмм
92
Жаңғақтар (фундук, бадам, кешью, грек жаңғағы)
1 килограмм
93
Жержаңғақ (жер жаңғағы)
1 килограмм
94
Күнбағыс дәндері
1 килограмм
95
Құрма
1 килограмм
96
Кептірілген өрік
1 килограмм
97
Мейіз
1 килограмм
98
Консервіленген жемістер
1 килограмм
99
Мұздатылған жидектер
1 килограмм
100
Ақ қауданды қырыққабат
1 килограмм
101
Басты пияз
1 килограмм
102
Қызылша
1 килограмм
103
Сәбіз
1 килограмм
104
Қиярлар
1 килограмм
105
Қызанақтар
1 килограмм
106
Сарымсақ
1 килограмм
107
Тәтті бұрыш
1 килограмм
108
Түсті қырыққабат
1 килограмм
109
Картоп
1 килограмм
110
Бұршақ
1 килограмм
111
Үрме бұршақ
1 килограмм
112
Тұздалған және маринадталған қияр
1 килограмм
113
Табиғи, консервіленген, маринадталған көкөністер
1 килограмм
114
Консервіленген жасыл бұршақ
1 килограмм
115
Консервіленген жүгері
1 килограмм
116
Тұздалған және маринадталған саңырауқұлақтар
1 килограмм
117
Картоп чипсылары
100 грамм
118
Мұздатылған табиғи көкөністер
1 килограмм
119
Құмшекер
1 килограмм
120
Шақпақ қант
1 килограмм
121
Тосап, джем
1 килограмм
122
Бал
1 килограмм
123
Карамель
1 килограмм
124
Шоколадпен әйнекейленген кәмпиттер
1 килограмм
125
Шоколадпен әйнекейленбеген кәмпиттер
1 килограмм
126
Сағыз
қаптама
127
Зефир
1 килограмм
128
Шоколад
1 килограмм
129
Мармелад
1 килограмм
130
Халуа
1 килограмм
131
Балмұздақ
1 килограмм
132
Ұнтақталған қызыл бұрыш
1 килограмм
133
Ұнтақталған қара бұрыш
1 килограмм
134
Басқа да татымдықтар
1 килограмм
135
Майонез
1 килограмм
136
Ашытқы
1 килограмм
137
Дайын дәмдеуіштер мен тұздықтар
1 килограмм
138
Сірке суы, сірке су эссенциясы
1 литр
139
Қызанақ кетчубы
1 литр
140
Құрғақ сорпалар
100 грамм
141
Ас содасы
1 килограмм
142
Қызанақ пастасы
100 грамм
143
Тұз, экстрадан басқа
1 килограмм
144
Еритін кофе
1 килограмм
145
Дәнді, ұнтақталған кофе
1 килограмм
146
Қара байха шайы
1 килограмм
147
Көк шай
1 килограмм
148
Какао негізінде сусындар жасауға арналған жартылай дайын өнімдер
1 килограмм
149
Минералды су
1 литр
150
Ауыз суы
1 литр
151
Газдалмаған сусындар
1 литр
152
Газдалған сусындар
1 литр
153
Жеміс шырындары
1 литр
154
Көкөніс шырындары
1 литр
155
Арақ
1 литр
156
Маркалық, жекелеген коньяктар
1 литр
157
Асханалық жүзім шарабы
1 литр
158
Шампан, көпіршікті шарап
1 литр
159
Құрамында алкоголі бар сыра
1 литр
160
Фильтрлі шылымдар
1 қорап (20 дана)
161
Мақта маталары
1 қума метр
162
Ерлердің маусымдық пальтосы
1 бұйым
163
Ерлер күртесі (жеңіл күрте)
1 бұйым
164
Ерлердің қысқы күртесі (пуховик)
1 бұйым
165
Ерлердің екілік костюмі
1 бұйым
166
Ерлер джинсі
1 бұйым
167
Жүн, жартылай жүнді маталардан тігілген ерлер шалбары
1 бұйым
168
Ерлердің сыртқы жейдесі
1 бұйым
169
Ерлер жемпірі
1 бұйым
170
Ерлердің спорттық костюмі
1 бұйым
171
Ерлер ұйығы
1 жұп
172
Ерлер іш киімі
1 бұйым
173
Ерлер майкасы
1 бұйым
174
Ерлер футболкасы
1 бұйым
175
Әйелдердің маусымдық пальтосы
1 бұйым
176
Әйелдер күртесі (ветровка)
1 бұйым
177
Әйелдердің қысқы күртесі (пуховик)
1 бұйым
178
Әйелдердің екілік костюмі
1 бұйым
179
Белдемше
1 бұйым
180
Әйелдер джинсі
1 бұйым
181
Блузка
1 бұйым
182
Ұйықтағанда киетін жейде
1 бұйым
183
Әйелдер көйлегі
1 бұйым
184
Төсқап
1 бұйым
185
Әйелдер шалбары
1 бұйым
186
Үлбір тон
1 бұйым
187
Халаттар, үй киімі
1 бұйым
188
Әйелдер жемпірі
1 бұйым
189
Әйелдер колготкилері
1 бұйым
190
Әйелдер іш киімі
1 бұйым
191
Әйелдердің спорттық костюмі
1 бұйым
192
Әйелдер футболкасы
1 бұйым
193
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қыстық комбинезон (костюм)
1 бұйым
194
Мектеп жасындағы балаларға арналған қысқы күрте
1 бұйым
195
Мектеп жасындағы балаларға арналған маусымдық күрте
1 бұйым
196
Мектеп жасындағы балаларға арналған костюм
1 бұйым
197
Маталардың барлық түрінен тігілген қыздардың көйлегі
1 бұйым
198
Маталардың барлық түрінен тігілген қыздардың белдемшесі
1 бұйым
199
Балалар джинсі
1 бұйым
200
Ер балаларға арналған сырт жейде
1 бұйым
201
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған костюм, жиынтық
1 бұйым
202
Балалар шалбары
1 бұйым
203
Қыздарға арналған жейде
1 бұйым
204
Балалардың спорттық костюмі
1 бұйым
205
Балалар жемпірі
1 бұйым
206
Балаларға арналған колготкилер
1 бұйым
207
Балалар іш киімі
1 бұйым
208
Балалар ұйығы, гольфтар
1 жұп
209
Балаларға арналған футболка
1 бұйым
210
Балаларға арналған пижама
1 бұйым
211
Нәрестелерге арналған жиынтық
1 комплект
212
Ползунки
1 бұйым
213
Сәбилерге арналған комбинезон
1 бұйым
214
Ерлердің қалпағы, кепкалары
1 бұйым
215
Әйелдер қалпағы, береттер
1 бұйым
216
Балалардың трикотаж қалпағы
1 бұйым
217
Ерлердің үлбір бас киімдері
1 бұйым
218
Әйелдердің үлбір бас киімдері
1 бұйым
219
Орамалдар, бөкебайлар
1 бұйым
220
Биялай
1 жұп
221
Белдік
1 бұйым
222
Киімдерді шақтау
1 қызмет
223
Ерлер костюмін химиялық тазалау
1 қызмет
224
Әйелдер пальтосын химиялық тазалау
1 қызмет
225
Ерлердің бәтеңкелері мен маусымдық қысқа қонышты бәтеңкелері
1 жұп
226
Ерлердің қысқы етіктері
1 жұп
227
Ерлер кроссовкасы
1 жұп
228
Ерлер сандалеттері, жазғы туфлиі
1 жұп
229
Ересектерге арналған үйде киетін аяқкиім
1 жұп
230
Ерлер туфлиі
1 жұп
231
Әйелдердің қысқы аяқкиімі, бәтеңкелері
1 жұп
232
Әйелдердің маусымдық етіктері, бәтеңкелері
1 жұп
233
Әйелдердің аласа өкшелі былғары туфлиі
1 жұп
234
Әйелдердің сәндік туфлиі
1 жұп
235
Әйелдердің былғары жеңіл аяқкиімі
1 жұп
236
Әйелдер кроссовкасы
1 жұп
237
Балалардың қысқы бәтеңкелері мен қысқа қонышты бәтеңкелері
1 жұп
238
Балалар кроссовкасы
1 жұп
239
Қыздардың туфлиі
1 жұп
240
Балалардың сандалеттері, жалаңаяқ киетін аяқ киімі, жаздық туфлиі
1 жұп
241
Балалардың маусымдық бәтеңкелері мен қысқа қонышты бәтеңкелері
1 жұп
242
Ерлердің аяқкиімін жөндеу (нәл ауыстыру)
1 қызмет
243
Әйелдердің аяқкиімін жөндеу (нәл ауыстыру)
1 қызмет
244
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі
1 шаршы метр
245
Құрғақ құрылыс қоспалары
25 килограмм
246
Винил түсқағаздар
1 бума (10 метров)
247
Су эмульсиялы бояулар
1 килограмм
248
Қабырға кафельдері
1 шаршы метр
249
Ламинат
1 шаршы метр
250
Линолеум
1 шаршы метр
251
Цемент
50 килограмм
252
Раковинаға арналған араластырғыш
1 дана
253
Тұсқағаз жұмыстарын орындау
1 шаршы метр
254
Кафель төсеу
1 шаршы метр
255
Пластика терезелерін орнату
1 бұйым
256
Ламинат төсеу
1 шаршы метр
257
Сантехник қызметтері
1 қызмет
258
Электрик қызметері
1 қызмет
259
Есік құлпын ауыстыру
1 қызмет
260
Домофон кілттерін жасау
1 қызмет
261
Суық су, 1 текше метр үшін
1 текше метр
262
Қоқыс шығару
айға 1 адамнан
263
Су бұру, 1 текше метр үшін
1 текше метр
264
Домофон
айға тариф
265
Тұрғын үйді күтіп ұстауға төлем
1 шаршы метр
266
Электр энергиясы
100 Киловатт-сағат.
267
Тарату желілері бойынша тасымалданатын газ
1 текше метр/ 1 килограмм
268
Сұйытылған газ (баллондағы)
1 баллон 50 литр
269
Тас көмір
1 тонна
270
Ағаш
1 текше метр
271
Орталықтан жылыту, 1 Гикакалорий үшін
1 гигакалорий
272
Ыстық су, 1 текше метр үшін
1 текше метр
273
Үстел
1 бұйым
274
Көйлектерге, киімдерге арналған шкаф
1 бұйым
275
Орындық
1 бұйым
276
Ұйықтайтын бөлмеге арналған жиһаздар жиынтығы
комплект, 5-6 зат
277
Диван-төсек
1 бұйым
278
Электр аспалы шамы
1 бұйым
279
Жуынатын бөлмеге арналған қабырғаға орнатылған айна
1 бұйым
280
Жібек, жүн қосылған түкті кілем
1 бұйым
281
Синтетикалық кілем (палас)
1 қума метр
282
Кілемді тазалау және жуу
1 шаршы метр
283
Жастық
1 бұйым
284
Төсек жаймалары жинтығы
комплект 3-4 зат
285
Сырмалы көрпе
1 бұйым
286
Тоқылған жүннен және жасанды маталардан жасалған
пледтер
1 бұйым
287
Түкті сүлгі
1 бұйым
288
Тюль
1 қума метр
289
Перделер
1 қума метр
290
Дастархан
1 қума метр
291
Ролл-шторлар
1 шаршы метр
292
Тоңазытқыш, көлемі 290-350 литр
1 бұйым
293
Мұздатқыш
1 бұйым
294
Кір жуатын машина
1 бұйым
295
Шаңсорғыш
1 бұйым
296
Қысқа толқынды пеш
1 бұйым
297
Ас үй плитасы
1 бұйым
298
Электр жылытқыш
1 бұйым
299
Ауа баптағыш
1 бұйым
300
Үтік
1 бұйым
301
Электр шайнек
1 бұйым
302
Блендер
1 бұйым
303
Электр ет тартқыш
1 бұйым
304
Тоңазытқышты жөндеу (мотор компрессорды ауыстыру)
1 қызмет
305
Кір жуатын машинаны жөндеу (қыздыру элементін ауыстыру)
1 қызмет
306
Стақан
1 бұйым
307
Шыныаяқ табақшасымен шай ішетін кесе
1 жұп
308
Шайға арналған кеселер жинағы
жиынтық
309
Шағын тарелка
1 бұйым
310
Асхана пышағы
1 бұйым
311
Тот баспайтын болаттан асхана құралдарының жиынтығы
жиынтық
312
Тот баспайтын болаттан кастрюль
1 бұйым
313
Қазан
1 бұйым
314
Күюге қарсы жабыны бар табалар, диаметрі 28 сантиметр
1 бұйым
315
Пластмассадан жасалған шелек
1 бұйым
316
Ауыз суды тазартуға арналған сүзгі-кувшин
1 бұйым
317
Үтiктеу тақтайы
1 бұйым
318
Еденге қойылатын кір кептіргіш
1 бұйым
319
Электр бұрғы
1 бұйым
320
Электр шамы
1 дана
321
Батарейкалар
1 дана
322
Энергия үнемдеуші шам
1 дана
323
Балға
1 дана
324
Кір сабын
200 грамм
325
Кіржуғыш ұнтақ
500 грамм
326
Ағартқыштар
100 миллилитр
327
Ванналарды, раковиналарды тазалауға арналған құралдар
1 килограмм
328
Аяқкиімге арналған крем
100 грамм
329
Ыдыс жууға арналған құралдар
250 миллилитр
330
Жинауға арналған майлықтар
1 дана
тука
331
Флемоксин Солютаб, 500 миллиграмм
20 таблетка
332
Поливитаминдер Мульти-табс Классик
30 таблетка
333
Гипотиазид, 25 миллиграмм
20 таблетка
334
Парацетамол, 500 миллиграмм
10 таблетка
335
Йод ерітіндісі 5%, 10 миллилитр
10 миллилитр
336
Корвалол, 25 миллилитр
25 миллилитр
337
Ацетилсалицил қышқылы, 500 миллиграмм
10 таблетка
338
Йодомарин, 200 микрограмм
100 таблетка
339
Омез, 10 миллиграмм
30 капсула
340
Канефрон Н
60 таблетка
341
Жөтелге қарсы шәрбат Бронхикум-С, 100 миллилитр
100 миллилитр
342
Супрастин, 25 миллиграмм
10 таблетка
343
Ксимелин тамшылары 0,1%, 10 миллилитр
10 миллилитр
344
Ингавирин, 90 миллиграмм
7 капсула
345
Ацикловир, 200 миллиграмм
20 таблетка
346
Азитромицин, 500 миллиграмм
3 таблетка
347
Детримакс Витаминдер Д3, 50 микрограмм
60 капсула
348
Амброксол, 30 миллиграмм
20 таблетка
349
Нурофен 200 миллиграмм
12 таблетка
350
Ренни
24 таблетка
351
Но-шпа, 40 миллиграмм
100 таблетка
352
Белсендірілген көмір
10 таблетка
353
Эссенциале форте Н
30 капсула
354
Смекта, ұнтақ 3 грамм
10 пакет
355
Хилак форте, 30 миллилитр
30 миллилитр
356
Верошпирон, 100 миллиграмм
30 капсула
357
Энап, 5 миллиграмм
20 таблетка
358
Фенистил Нью тамшылары, 20 миллилитр
20 миллилитр
359
Этил спирті, 90%
50 миллилитр
360
Аквалор Форте спрей, 125 миллилитр
125 миллилитр
361
Шприцтер
1 дана
362
Стерильді таңғыштар, 5 метр *10 сантиметр
1 бұйым
363
Мақта
1 қаптама (100 грамм)
364
Медициналық электронды термометр
1 дана
365
Медициналық бетперде
1 дана
366
Көзілдірік
1 дана
367
Көру линзалары
1 жұп
368
Көру линзаларына арналған ерітінді
120 миллилитр
369
Қан қысымын өлшеуге арналған құралдар
1 дана
370
Амбулаториядағы дәрігер-маманның қызметі
1 бару
371
Дәрігерге алғашқы қаралу
1 бару
372
Жергілікті жансыздандыру арқылы тісті жұлу
1 емшара
373
Тісжегіні емдеу
1 емшара
374
Тіс шөгінділерін алу
1 емшара
375
Тіс протездеу
1 емшара
376
Құрсақ қуысын УДЗ-ға түсіру
1 емшара
377
Қанды жалпы талдау
1 талдау
378
Зәрді жалпы талдау
1 талдау
379
Рентген
1 тексерілу
380
Магниттік-резонанстық томография
1 тексерілу
381
Циклоскопия
1 тексерілу
382
Қосымша медициналық қызметкерлердің қызметі
1 емшара
383
Мойын-жағалық аумаққа массаж
1 емшара
384
Физиотерапиялық емдеу
1 емшара
385
Санаторийлер қызметтері
1 тәулік
386
Күндізгі стационарда емдеу
1 күн
387
Импорттық өндіріс жаңа жеңіл автомобильдері
1 дана
388
Отандық құрастырма жаңа жеңіл автомобильдер
1 дана
389
Импорттық өндіріс ұсталған жеңіл автомобильдері
1 дана
390
Электросамокат
1 дана
391
Ересектерге арналған велосипед
1 дана
392
Балалар велосипеді
1 дана
393
Жеңіл автомобильге арналған шиналар
1 дана
394
Жеңіл автомобильге арналған авто майсүзгіш
1 дана
395
Бензин АИ-98
1 литр
396
Бензин АИ-92
1 литр
397
Бензин АИ-95, АИ-96
1 литр
398
Дизель отыны
1 литр
399
Мотор майы
1 литр
400
Техникалық байқау
1 қызмет
401
Машиналарды жуу
1 қызмет
402
Шинамонтаж қызметтері
1 қызмет
403
Қала маңына қатынайтын пойызбен жол жүру
1 билет
404
Республикаішілік қатынастағы пойыздың плацкарт вагонымен жол жүру
1 билет
405
Республикаішілік қатынастағы пойыздың купе вагонымен жол жүру
1 билет
406
Қалалық автобуспен жол жүру
автобуспен бір жол жүру
407
Таксимен жол жүру
1 қызмет
408
Қалааралық автобуспен жол жүру
1 билет
409
Ұшақтың экономикалық класс салонында ұшу
1 билет
410
Жүктерді тасымалдау
1 сағат
411
Сәлемдемелер жіберу
1 қызмет
412
Курьерлік қызметтер
1 қызмет
413
Телефон аппараты
1 дана
414
Смартфон
1 дана
415
Телефон үшін абоненттік төлем
1 айға тариф
416
Интернет желісіне шығу үшін абоненттік төлем
1 айға тариф
417
Кабельдік телевизия қызметтері
1 айға тариф
418
Жер серігі телевизиясы қызметтері
1 айға тариф
419
Ұялы байланыс қызметтері
1 айға тариф
420
Теледидар, диагоналы 43-49 дюйм
1 дана
421
Сымсыз құлаққаптар
1 дана
422
Фотоаппарат
1 дана
423
Ноутбук
1 дана
424
Планшет
1 дана
425
USB флэш-дискісі
1 дана
426
Теледидарды жөндеу
1 қызмет
427
Ұялы телефонды жөндеу
1 қызмет
428
Компьютерлерді, ноутбуктерді жөндеу
1 қызмет
429
Операциялық жүйені орнату/қайта орнату
1 қызмет
430
Домбыра, гитара
1 дана
431
Балалар конструкторы
1 дана
432
Жұмсақ ойыншықтар
1 дана
433
Үстел үсті ойындары
1 дана
434
Футбол добы
1 дана
435
Шана, тюбинг
1 дана
436
Роликті конькилер
1 жұп
437
Раушан 70 сантиметр
1 дана
438
Үй жануарларына арналған азық
1 килограмм
439
Балалар аттракциондарының қызметтері
1 бару
440
Жаттығу залдарының қызметтері (абонемент)
1 ай
441
Бассейндер қызметтері (абонемент)
1 ай
442
Мектеп жасындағы балаларға арналған спорт секцияларындағы сабақтар
1 ай
443
Музыкаға оқыту сабақтары
1 ай
444
Фотосуреттердi басып шығару
1 дана
445
Фотографтардың қызметтері (құжатқа 4 түрлі-түсті фото)
1 қызмет
446
Кинотеатрлардың қызметтері
1 билет
447
Театрлардың қызметтері
1 билет
448
Салтанат өткізетін ұйымдастырушының қызметтері
1 қызмет
449
Шет тілінің сөздігі
1 дана
450
Оқушы дәптері
1 дана (12 бет)
451
Шарикті қалам
1 дана
452
Түрлі-түсті қарындаштардың жиыны
1 жинақ (12 дана)
453
Сурет салуға арналған альбом
1 альбом (12 бет)
454
А4 қағазы
500 парақтық қорап
455
Демалыс үйлері (республика ішінде)
1 күн
456
Түркиядағы демалыс
1 күн
457
Дубайдағы демалыс
1 күн
458
Мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтері
айға
459
Балаларды дамыту орталықтарының қызметтері
айға
460
Жеке меншік білім беру ұйымдарының қызметтері
айға
461
Мектеп пәндері бойынша білім беру орталықтарының қызметтері
айға
462
Кәсіптік орта білім беру
жылға 1 оқушыға
463
Жоғары білім
жылға 1 оқушыға
464
Шет тілдерін оқыту курстары
айға 1 оқушыға
465
Кәсіптік оқыту курстары
айға
466
Кофеханадағы (кафе) кофе, шай
200 грамм
467
Мейрамханадағы түскі ас
1 тағам
468
Асханадағы түскі ас
1 тағам
469
Фаст-фуд
1 дана
470
Қонақ үйде тұру
1 тәулік
471
Әйелдердің шашын қию
1 қызмет
472
Ерлердің шашын қию
1 қызмет
473
Маникюр
1 қызмет
474
Педикюр
1 қызмет
475
Эпиляция
1 қызмет
476
Моншаға бару (жалпыға ортақ зал)
1 бару
477
Электр ұстара
1 дана
478
Электр фен
1 дана
479
Су сабын
200 миллилитр
480
Душқа арналған гель
250 миллилитр
481
Тіс пастасы
75 миллилитр
482
Иіс сабын
100 грамм
483
Балалар сабыны
100 грамм
484
Бетке арналған крем
100 миллилитр
485
Дезодорант
110 миллилитр
486
Қырынуға арналған станоктар
1 дана
487
Қырынуға арналған гель, көбік
200 миллилитр
488
Тіс щеткасы
1 дана
489
Дәретхана қағазы
1 дана
490
Шашқа арналған бояу
1 дана
491
Гигиеналық төсемелер
10 дана
492
Балалар жөргектері
10 дана
493
Қолға арналған крем
100 миллилитр
494
Қол сағат
1 дана
495
Алтын неке сақинасы
1 грамм
496
Әйелдер сөмкесі
1 дана
497
Оқушылардың ранеці, рюкзагы
1 дана
498
Шамадандар, жол сөмкелері
1 дана
499
Балалар арбасы
1 дана
500
Қол шатыр
1 бұйым
501
Автосақтандыру
1 сақтандыру полисі
502
Туристерді медициналық сақтандыру
1 сақтандыру полисі
503
Карточкаларға қызмет көрсету бойынша қызметтер
1 қызмет
504
Төлемдер жүргізген үшін ақы
1 қызмет
505
Ақшалай қаражаттарды аудару
1 қызмет
506
Көму
1 қызмет
507
Нотариус қызметтері
1 қызмет
508
Құжаттарды көшіру
1 қызмет
2 Қала және аудан орталықтарының іріктелген тобы үшін бағаларды байқауға арналған тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтер жиынтығы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Тұтыну тауарлары мен
көрсетілетін қызметтер
бағасын байқау бойынша
әдістемеге 2-қосымша
Қала және аудан орталықтарының іріктелген тобы үшін бағаларды байқауға арналған тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтер жиынтығы
№ Р/с
Атауы
Өлшем бірлігі
1
Тазартылған, жылтыратылған күріш
1 килограмм
2
Жоғары сұрыпты бидай ұны
1 килограмм
3
Ұнтақ жарма
1 килограмм
4
Қарақұмық жармасы
1 килограмм
5
Сұлы жармасы
1 килограмм
6
Арпа жармасы
1 килограмм
7
Сөк
1 килограмм
8
Бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай наны
1 килограмм
9
Вермишель
1 килограмм
10
Кеспе
1 килограмм
11
Рожки
1 килограмм
12
Спагетти
1 килограмм
13
Пряниктер
1 килограмм
14
Қантты печенье
1 килограмм
15
Вафли
1 килограмм
16
Кептірілген нан
100 грамм
17
Сүйегі бар сиыр еті
1 килограмм
18
Сүйегі бар жылқы еті
1 килограмм
19
Сүйегі бар шошқа еті
1 килограмм
20
Сүйегі бар қой еті
1 килограмм
21
Тауық
1 килограмм
22
Пісірілген шұжық
1 килограмм
23
Шала ысталған шұжық
1 килограмм
24
Бұқтырылған ет консервілері
саламағы 350 грамм 1 шарты банка
25
Жаңа ауланған немесе салқындатылған балық
1 килограмм
26
Суық ысталған скумбрия
1 килограмм
27
Тұздалған майшабақ
1 килограмм
28
Майлы шпрот
240 грамм
29
Ультрапастерленген, зарарсыздандырылған сүт
1 литр
30
Қант қосылған қоюландырылған сүт
саламағы 400 грамм 1 шарты банка
31
Қаймақ
1 килограмм
32
Айран майлылығы 2,5%
1 литр
33
Қатты ірімшік
1 килограмм
34
Майлылығы 5-9% сүзбе
1 килограмм
35
Жұмыртқа, 1 санатты
10 дана
36
Тұздалмаған сары май
1 килограмм
37
Маргарин
1 килограмм
38
Күнбағыс майы
1 литр
39
Алмалар
1 килограмм
40
Күнбағыс дәндері
1 килограмм
41
Кептірілген өрік
1 килограмм
42
Ақ қауданды қырыққабат
1 килограмм
43
Басты пияз
1 килограмм
44
Қызылша
1 килограмм
45
Сәбіз
1 килограмм
46
Қиярлар
1 килограмм
47
Қызанақтар
1 килограмм
48
Картоп
1 килограмм
49
Бұршақ
1 килограмм
50
Құмшекер
1 килограмм
51
Карамель
1 килограмм
52
Шоколадпен әйнекейленген кәмпиттер
1 килограмм
53
Шоколадпен әйнекейленбеген кәмпиттер
1 килограмм
54
Сағыз
қаптама
55
Шоколад
1 килограмм
56
Ұнтақталған қызыл бұрыш
1 килограмм
57
Ұнтақталған қара бұрыш
1 килограмм
58
Майонез
1 килограмм
59
Ашытқы
1 килограмм
60
Қызанақ кетчубы
1 литр
61
Тұз, экстрадан басқа
1 килограмм
62
Еритін кофе
1 килограмм
63
Қара байха шайы
1 килограмм
64
Ауыз суы
1 литр
65
Газдалған сусындар
1 литр
66
Жеміс шырындары
1 литр
67
Арақ
1 литр
68
Құрамында алкоголі бар сыра
1 литр
69
Фильтрлі шылымдар
1 қорап (20 дана)
70
Сұйытылған газ (баллондағы)
50 литр 1 баллон
71
Тас көмір
1 тонна
72
Ағаш
1 текше метр
73
Кір сабын
200 грамм
74
Кіржуғыш ұнтақ
500 грамм
75
Ыдыс жууға арналған құрал
250 миллилитр
76
Электр шамы
1 дана
77
Батарейкалар
1 дана
78
Парацетамол, 500 миллиграмм
10 таблетка
79
Йод ерітіндісі 5%
10 миллилитр
80
Ацетилсалицил қышқылы, 500 милиграмм
10 таблетка
81
Но-шпа, 40 мг
100 таблетка
82
Белсендірілген көмір
10 таблетка
83
Этил спирті, 90%
50 миллилитр
84
Шприцтер
1 дана
85
Бензин АИ-92
1 литр
86
Оқушы дәптері
1 дәптер (12 парақ)
87
Шарикті қалам
1 дана
88
Түрлі-түсті қарындаштардың жиынтығы
1 жинақ (12 дана)
89
Сурет салуға арналған альбом
1 альбом (12 парақ)
90
Су сабын
200 миллилитр
91
Тіс пастасы
75 миллилитр
92
Иіс сабын
100 грамм
93
Қырынуға арналған станоктар
1 дана
94
Дәретхана қағазы
1 дана
95
Шашқа арналған бояу
1 дана
96
Балалар жөргектері
10 дана
3 Айқын көрінетін маусымдық тауарлардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
Тұтыну тауарлары мен
көрсетілетін қызметтер бағасын
байқау бойынша әдістемеге
5-қосымша
Айқын көрінетін маусымдық тауарлардың тізбесі
Р/с
№
Атауы
1
Ерлердің қысқы күртесі (пуховик)
2
Үлбір тон
3
Әйелдердің қысқы күртесі (пуховик)
4
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қысқы комбинезон (костюм)
5
Мектеп жасындағы балаларға арналған қысқы күрте
6
Ерлердің үлбір бас киімдері
7
Әйелдердің үлбір бас киімдері
8
Ерлердің қысқы етіктері
9
Әйелдердің қысқы етіктері, бәтеңкелері
10
Балалардың қысқы етіктері, бәтеңкелері
11
Ерлердің маусымдық пальтосы
12
Ерлердің күртесі (ветровка)
13
Әйелдердің маусымдық пальтосы
14
Әйелдердің күртесі (ветровка)
15
Мектеп жасындағы балалардың маусымдық күртесі
16
Ерлердің бас киімдері, қалпақшалар
17
Әйелдердің бас киімдері, береттер
18
Орамалдар, шарфтар
19
Ерлердің маусымдық бәтеңкелері, қысқа қонышты бәтеңкелері
20
Әйелдердің маусымдық етіктері, бәтеңкелері
21
Балалардың маусымдық бәтеңкелері, қысқа қонышты бәтеңкелері
22
Нәрестелерге арналған комбинезон
23
Ерлер сандалеттері, жазғы туфлиі
24
Әйелдердің былғары жеңіл аяқ киімдері
25
Балалардың жазғы сандалеттері, жеңіл аяқ киімдері, туфлиі
26
Роликті коньки
27
Шаналар, тюбинг
28
Электросамокат
29
Ересектерге арналған велосипед
30
Балаларға арналған велосипед
31
Таскөмір
32
Киви
33
Түсті қырыққабат