Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Актюбинской, Мангистауской областей и города Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местными исполнительными органами Актюбинской, Мангистауской областей и города Алматы
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе, Маңғыстау облыстары және Алматы қаласы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 866
- Қабылданған күні
- 26.08.2021
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2021 158228_538810.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100024163
- ЭКБ идентификаторы
- 158228
- Редакция идентификаторы
- 158228_538810
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:01
0 Ақтөбе, Маңғыстау облыстары және Алматы қаласы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 212-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысымен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару қағидаларының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Ақтөбе, Маңғыстау облыстары және Алматы қаласы жергілікті атқарушы органдарының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
1 1) шарттар:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2021 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары бағалы қағаздардың ішкі нарығында айналысқа шығару үшін шығаратын, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жекелеген іс-шараларды белгіленген тәртіппен қаржыландыру үшін шығарылатын мемлекеттік бағалы қағаздар;
2 2) көлемдері:
Ақтөбе облысы – 2 381 415 000 (екі миллиард үш жүз сексен бір миллион төрт жүз он бес мың) теңгеден артық емес;
Маңғыстау облысы – 1 765 769 000 (бір миллиард жеті жүз алпыс бес миллион жеті жүз алпыс тоғыз мың) теңгеден артық емес;
Алматы қаласы – 5 508 790 000 (бес миллиард бес жүз сегіз миллион жеті жүз тоқсан мың) теңгеден артық емес;
3 3) нысаналы мақсаты – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жекелеген іс-шараларды белгіленген тәртіппен қаржыландыру.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.