Об утверждении Правил содержания кошек и собак в Аккольском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил содержания кошек и собак в Аккольском районе
- Атауы (қаз.)
- Ақкөл ауданы бойынша мысық пен иттерді ұстау Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- C-36-4
- Қабылданған күні
- 04.05.2003
- Көрсетілген редакция
- 23.05.2011 15833_208870.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.05.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V03BC001764
- ЭКБ идентификаторы
- 15833
- Редакция идентификаторы
- 15833_208870
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 21:24
0 Ақкөл ауданы бойынша мысық пен иттерді ұстау Ережесін бекіту туралы
Ақкөл ауданы өкімдігінің ұсынысын қарастырып және Қазақстан Республикасының 2001 ж. 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару" Заңының 6-бабына, 2002 ж. 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 ж. 30 қаңтардағы № 155-II "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 311-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Ақкөл ауданында мысықтар мен иттерді ұстау Ережесі бекітілсін (қосымша берілген).
2 2. Осы шешім Ақмола облыстық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Ескертусіз келісілді
Аудан әкімі
Ақкөл ауданының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері
Қала әкімі
Аудан ішкі істер бөлімінің бастығы
3 Ақкөл Аудандық мәслихаттың
2003 жылғы 5 мамырдағы
С-36-4 шешімімен
Бекітілген
Ақкөл ауданында мысық пен иттерді
ұстау (әрі қарай Ереже) Ережесі
1 1. Иттер мен мысықтарды ұстаудың міндетті шарттары болып:
1 1) Тұрғылықты мекен бойынша, мал дәрігерлік емдеу орнында 2,5-3 айлығында диагностикалық тексеруден, қажетті барлық алдын-алу шараларынан өткізу, жыл сайын қайта тіркеп отыру. Иелікке алған үй хайуандарын 2 апталық мерзімде тіркеу қажет.
2 2) Иттер мен мысықтарды тиісті мал дәрігерлік-санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес жағдайда ұстау. Үй хайуандары ұсталатын үй-жайларға жүйелі дезинфекция жүргізіліп және басқа да ветеринарлық-санитарлық шаралар орындалып отырылуы қажет.
3 3) Жұқпалы ауру туралы күдік туса немесе өлсе мал дәрігері қызметіне дереу хабарлап, ол келгенге дейін мысықты не болмаса итті оңаша ұстау қажет.
2 2. Мысық пен иттерді Ақкөл қаласынан, ауданнан тыс алып кету, әкелуге белгіленген үлгідегі тұрғылықты мекен бойынша аудандық мал дәрігерлік қадағалаудағы лицензия беруші дәрігердің ресімделген ілеспе құжаты берілген болса ғана рұқсат етіледі.
3 3. Иттер мен мысық ұстайтын ұйымдардың, мекемелердің, әуесқой қоғамдар мен клубтардың және жеке азаматтардың міндеттері:
1
1) Иттер мен мысықтарды иелікке алған сәттен бастап 5 күн ішінде тұрғылықты мекен бойынша мал дәрігерлік емдеу орнында тіркеу қажет. Алдын-алу шараларының жоспарына сай, жыл сайын егу, диагностикалық тексеруден өткізуді қамтамасыз ету керек. Иттерді ұстауда айналадағы азаматтар қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек. Иттер оңаша аумақтарда ұсталынуы тиіс (жақсы қоршалған аулалар мен учаскелерде, вольерлерде немесе байланған болуы керек). Иттің бар екендігі туралы аулаға немесе учаскеге кіре берісте ескертілген жазу ілінуі қажет.