Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил учета принятого финансового обеспечения

Бұйрық · № 352 · қабылданған 02.09.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-158340/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил учета принятого финансового обеспечения Қолданыста Бұйрық ·№ 352 ·02.09.2021
02.09.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил учета принятого финансового обеспечения

Қолданыста Бұйрық ·№ 352 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил учета принятого финансового обеспечения
Атауы (қаз.)
Қабылданған қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
352
Қабылданған күні
02.09.2021
Көрсетілген редакция
02.09.2021 158340_536517.kaz
Соңғы өзгеріс
02.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100024234
ЭКБ идентификаторы
158340
Редакция идентификаторы
158340_536517
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:56

0 Қабылданған қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу қағидаларын

бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 147-бабының 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қабылданған қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия
және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

0 Қабылданған қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу қағидалары

Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2021 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 352 Бұйрықпен бекітілді
Қабылданған қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу қағидалары

9 1–тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қабылданған қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 147-бабының 15-тармағына сәйкес әзірленді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) қабылдаған I санаттағы объектілерді пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес қабылданған қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету тізілімін жүргізу арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – тізілім).

12 2– тарау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қабылдаған I санаттағы объектілерді пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді есепке алу тәртібі

3 3. Тізілім электрондық нысанда және (немесе) қағаз жеткізгіште жүргізілуі мүмкін.

4 4. I санаттағы әрбір объектіге тізілімде жеке бөлім ашылады.

Тізілім қағаз жеткізгіште жүргізілген жағдайда әрбір жолдың соңында уәкілетті органның жауапты адамы өз қолын қояды.

5 5. Бастапқы жазбаны І санаттағы тиісті объект бойынша уәкілетті орган қаржылық қамтамасыз етуді қабылдаған кезде қаржылық қамтамасыз ету қабылданған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей тізілімге енгізеді.

6 6. Бұрын қабылданған қаржылық қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын жүргізілген өзгерістер туралы жазбалар, өзгертілген қаржылық қамтамасыз ету қабылданған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірілмей тізілімнің тиісті бағандарына енгізіледі.

7 7. Жаңа қаржылық қамтамасыз ету туралы жазба тізілімнің тиісті бағандарына жаңа қаржылық қамтамасыз ету қабылданған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізіледі (алдыңғысының орнына).

8 8. I санаттағы объектінің операторы оны пайдалану салдарын жою жөніндегі барлық жұмыстар мен іс-шараларды аяқтаған кезде бұрын қабылданған қаржылық қамтамасыз ету осындай операторға қайтарылуға жатады және тізілімге тиісті жазба енгізіледі.

9 9. Уәкілетті орган қаржылық қамтамасыз етуге өндіріп алуды қолданған жағдайда, өндіріп алудың күні мен сомасын көрсете отырып, тізілімге өндіріп алуды қолдану туралы жазба енгізіледі.

10 10. Қабылданған қаржылық қамтамасыз етудің көшірмелерін уәкілетті орган I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттеме тоқтатылған күннен бастап үш жыл бойы сақтайды.

11 11. Уәкілетті орган І санаттағы объектілерді пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттеме толық тоқтатылғанға дейін қабылданған қаржылық қамтамасыз ету түпнұсқаларының тұрақты сақталуын қамтамасыз етеді.

I санаттағы объект операторының (I санаттағы объектіні пайдалануды аяқтаған және I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемені тиісінше орындаған адамның) және (немесе) қаржылық қамтамасыз етуді берген ұйымның жазбаша сұрау салуы бойынша уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде I санаттағы объектіні пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемені тоқтату туралы мәліметтерді қамтамасыз ету тізіліміндегі жазба туралы жазбаша растауды ұсынады.

12 12. Тізілім уәкілетті органның интернет-ресурсында міндетті түрде жариялануға жатады. Тізілімді жаңарту тоқсан сайын жүзеге асырылады.

1 Қабылданған қаржылық қамтамасыз

етуді есепке алу қағидаларына
қосымша
№ р/с
Есеп­тік нө­мі­рі
Жа­з­ба­ны ен­гі­зу кү­ні
I са­нат­та­ғы объ­ек­ті­нің опе­ра­то­ры – заң­ды тұл­ға­ның те­гі, аты және әке­сі­нің аты (бар бол­са) не ата­уы
Пай­да­ла­ну сал­да­рын жо­ю­ды қар­жы­лық қам­та­ма­сыз ету ұсы­ны­ла­тын
I са­нат­та­ғы объ­ек­ті­нің ата­уы
I са­нат­та­ғы объ­ек­ті­ні пай­да­ла­ну­ға бе­ру кү­ні
I са­нат­та­ғы объ­ек­ті­ні пай­да­ла­ну­ды аяқ­та­удың бо­лжам­ды мер­зі­мі (жы­лы)
Қар­жы­лық қам­та­ма­сыз ету тү­рі (түр­ле­рі)
Қар­жы­лық қам­та­ма­сыз ету­ді бер­ген ұй­ым­ның ата­уы-ке­пі­л­гер, банк, сақ­тан­ды­ру­шы, ке­піл бе­ру­ші
Қар­жы­лық қам­та­ма­сыз ету нө­мі­рі және кү­ні
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
кестенің жалғасы
Қар­жы­лық қам­та­ма­сыз ету­дің қол­да­ны­лу мер­зі­мі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Эко­ло­гия ко­дек­сі­нің 147-ба­бы­ның 9-тар­ма­ғы­на сәй­кес I са­нат­та­ғы объ­ек­ті­ні пай­да­ла­ну сал­да­рын жою жө­нін­де­гі мін­дет­те­ме­лер­дің орын­да­луын қар­жы­лық қам­та­ма­сыз ету мөл­ше­рін ай­қын­дау әді­сте­ме­сіне сәй­кес есеп­тел­ген қар­жы­лық қам­та­ма­сыз ету­дің жал­пы мөл­ше­рі
Қар­жы­лық қам­та­ма­сыз ету­мен өте­ле­тін со­ма
Қам­та­ма­сыз ету со­ма­сын өн­ді­ріп алу ту­ра­лы бел­гі
Қам­та­ма­сыз ету со­ма­сын өн­ді­ріп алу кү­ні
Банк­тік са­лым тү­рін­де­гі қар­жы­лық қам­та­ма­сыз ету үле­сі, %
I са­нат­та­ғы объ­ек­ті­ні пай­да­ла­ну сал­да­рын жою жө­нін­де­гі мін­дет­те­ме­ні тоқ­та­ту ту­ра­лы бел­гі
I са­нат­та­ғы объ­ек­ті­ні пай­да­ла­ну сал­да­рын жою бой­ын­ша мін­дет­те­ме­нің тоқ­та­ты­л­ған кү­ні
Жа­у­ап­ты адам­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
11
12
13
14
15
16
17
18
19

Қолданыстағы