Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 446
- Қабылданған күні
- 25.08.2021
- Көрсетілген редакция
- 25.08.2021 158341_536520.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21LG00446A
- ЭКБ идентификаторы
- 158341
- Редакция идентификаторы
- 158341_536520
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:04
0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексінің 17 , 69 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және «Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылдың 17 тамыздағы №01-1/187-вн қатынас хаты негізінде Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес жоғары қысымды газ құбырларының желілік бөлігін орналастыру және пайдалану мақсатында жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, Жаңақорған ауданының аумағында орналасқан жалпы көлемі 42,3625 гектар жер учаскесіне 2026 жылдың 25 тамызына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2
2. «Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Төменарық ауылына жүргізілетін газ құбырларының құрылысы үшін және газ тарату пунктіне (ГРП) таратылатын жоғары кернеулі желі (ВЛ) 10 кВ үшін жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын және операция аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіруді жүргізсін.
3 3. «Жаңақорған ауданының жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің тиісті сала орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2021 жылғы ______________
№___ қаулысына қосымша
№
Жер пайдаланушылар атауы
Кадастрлік нөмірі
1
«Нұрболат» Шаруа қожалығы
10-149-040-1715
2
«Ғани» Шаруа қожалығы
10-149-040-2688
3
«Бағлан-би» Шаруа қожалығы
10-149-040-921
4
«Жан-Арай» Шаруа қожалығы
10-149-040-2845
5
«Жидебай» Шаруа қожалығы
10-149-040-532
6
«Жаңақорған сушаруашылығы шаруашылық жүргізу құғығындағы еншілес коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны»
10-149-043-007
7
«Жаңақорған сушаруашылығы шаруашылық жүргізу құғығындағы еншілес коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны»
10-149-043-070