Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары

Қаулы · № 428 · қабылданған 09.09.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 11.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-158442/on/2026-09-11/
Басып шығарылды 2026-09-11 · adilet.kz
Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары Қолданыста Қаулы ·№ 428 ·09.09.2021
09.09.2021 редакциясы
11.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары

Қолданыста Қаулы ·№ 428 · 11.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары
Атауы (қаз.)
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
428
Қабылданған күні
09.09.2021
Көрсетілген редакция
09.09.2021 158442_537760.kaz
Соңғы өзгеріс
09.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21N0024288
ЭКБ идентификаторы
158442
Редакция идентификаторы
158442_537760
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:49

0 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге, оны кем дегенде күнтізбелік 15 күннен кейін қайта қарау мүмкіндігімен:

1) ақ қант - құмшекер – 285 теңге;

2) күнбағыс майы – 725 теңге болып бекітілсін.

2. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы