Об утверждении наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования районного значения Майского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении наименований и индексов автомобильных дорог общего пользования районного значения Майского района
- Атауы (қаз.)
- Май ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 221/9
- Қабылданған күні
- 10.09.2021
- Көрсетілген редакция
- 10.09.2021 158527_537354.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21PJ024343
- ЭКБ идентификаторы
- 158527
- Редакция идентификаторы
- 158527_537354
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:47
0 Май ауданының аудандық маңызы бар
жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының атаулары мен
индекстерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 6 - бабының 2 - тармағына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Май ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы Май ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Павлодар облысының
жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары
басқармасы» мемлекеттік
мекемесі
4 Май ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері
Май ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 221/9 қаулысына
қосымша
Май ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері
№
Автомобиль жолының индексі
Автомобиль жолының атауы
Жалпы ұзындығы, километр
1
KS-MS-1
Қызыл Октябрь - Жаңа Ақшиман аудандық маңызы бар автомобиль жолы
95
2
KS-MS-2
Көктөбе-Кеңтүбек аудандық маңызы бар автомобиль жолы
2
3
KS-MS-3
Май ауылының теміржол разъездіне кірме жол
2,5
4
KS-MS-4
Жұмыскер ауылының теміржол разъездіне кірме жол
1
5
KS-MS-5
Көктөбе ауылының теміржол станциясына кірме жол
1,3
6
KS-MS-6
Қаратерек-Қылыш аудандық маңызы бар автомобиль жолы
102
7
KS-MS-7
Ақшиман-Лекер аудандық маңызы бар автомобиль жолы
37
Барлығы:
240,8