Об оказании единовременной материальной помощи остронуждающимся гражданам города Алматы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании единовременной материальной помощи остронуждающимся гражданам города Алматы
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласының аса мұқтажды азаматтарына бiр жолдық материалдық көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1/257
- Қабылданған күні
- 22.04.2003
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2013 15854_214645.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V03R000529_
- ЭКБ идентификаторы
- 15854
- Редакция идентификаторы
- 15854_214645
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:16
0 Алматы қаласының аса мұқтажды азаматтарына бiр жолдық материалдық көмек көрсету туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 27.12.2013 N 4/1119 қаулысымен.
Аса мұқтажды азаматтарға бiр жолдық материалдық көмек көрсету жөнiндегi жұмыстарды жетiлдiру және бюджеттiк қаражатты үнемдi пайдалану мақсатында, сонымен қатар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жергiлiктi басқару туралы" Заңының 37-шi бабына сәйкес, Алматы қаласының Әкiмшiлiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. "Алматы қаласында тұратын аса мұқтажды азаматтарға бір жолдық материалдық көмек көрсету тәртібі туралы" Қағида бекітілсін.
📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қалалық Әкімшілігінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 3/470 қаулысымен.
2 2. Қалалық қаржы басқармасы (Қ.Қ.Тәжiбаев) бұл мақсаттарға Алматы қаласының бюджетiнде қарастырылған қаражат шегiнде бiр жолдық материалдық көмек көрсетуге жұмсалатын шығындардың қаржылауын уақытында жүргiзсiн.
3 3. Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау Департаментi (А.Ж.Нұрланов):
1 1) осы қаулының Алматы қалалық Әдiлет Басқармасында заңмен белгiленген тәртiпте тiркеуге алынуын қамтамасыз етсiн;
2 2) Қағидамен бекiтiлген Алматы қаласының аса мұқтажды азаматтарына бiр жолдық материалдық көмектiң көрсетiлуiн қамтамасыз етсiн;
3 3) бiр жолдық материалдық көмек көрсетуге бөлiнген бюджеттiк қаражаттың жұмсалуына бақылау жасасын.
📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қалалық Әкімшілігінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 3/470 қаулысымен.
4
4. Алматы қаласы әкiмiнiң 2000 жылы 24 наурыздағы N 301 (Алматы қалалық Әдiлет басқармасында 21.04.2000 жылы N 114 тiркелген, 2000 жылы сәуiр айында "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерiнде жарыққа шыққан) "Алматы қаласының аса мұқтажды азаматтарына бiр жолдық материалдық көмек көрсету туралы" шешiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары А.Қ.Бижановқа жүктелсiн.
9 ЕРЕЖЕСІ
Алматы қаласы Әкімшілігінің
2003 жылы 23 сәуірдегі N 1/257
қаулысымен бекітілген
Алматы қаласында тұратын аса мұқтажды
азаматтарға бір жолдық материалдық
көмек көрсету тәртібі туралы
ЕРЕЖЕСІ
📌 Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Алматы қалалық Әкімшілігінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 3/470 қаулысымен.
1 1. Жалпы ереже
1
1. Бір жолдық материалдық көмек тұрмыстың ауыртпашылығын шеккен (өрт, су тасқыны, табиғат апаты, ауырудың аса ауыр түрлері, тұрмыс деңгейінің төмендігі және тағы басқалары) Алматы қаласында тұратын аса мұқтажды тұрмыс жағдайы төмен Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетіледі.
2 2. Бір жолдық материалдық көмек әрбір адамға жылына бір-ақ рет көрсетіледі.
2 2. Қаржылау көзі
3 3. Бір жолдық материалдық көмек көрсету қаражаты Алматы Қаласының бюджетінде қарастырылады.
3 3. Бір жолдық материалдық көмек көрсету тәртібі
4
4. Бір жолдық материалдық көмек көрсету азаматтың белгіленген үлгіде (қосымша N 1) берілген жазбаша өтінішінің негізінде жүргізіледі. Кейбір жағдайларда өтінішке дәрігерлік мекемеден емделудің қажеттігі туралы анықтама (стационарға жолдама), өрт, апат, қайғылы оқиға туралы актілері және басқа да құжаттар қосымша берілуі тиіс.
5 5. Өтініш беруші, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес, өтініште көрсетілген мәліметтердің толық және рас болуына жауапты болып табылады.
6
6. Материалдық көмек көрсету жөніндегі өтініш қажетті құжаттарымен қоса тұрғылықты жердегі аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталығына беріледі. Ұсынылған құжаттардың негізінде тұрғылықты жеріне барып өтініш берушінің материалды-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі құрастырылады (қосымша N 2). Аталған акт Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаментіне (әрі қарай - Департамент) бір жолдық материалдық көмек көрсету туралы мәселесін шешуге ұсынылады. Кейбір жағдайларда аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталығы (зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі аумақтық орталық) ұсынылған құжаттарға тексеру жүргізуі мүмкін.
7 7. Департаментпен бір жолдық материалдық көмек көрсету, Алматы қаласының бюджетінде бұл көмектің түріне қарастырылған қаражат шегінде жүргізіледі.
8 8. Өтінішті қарау нәтижесі түскен күнінен бір айлық мерзімінен кешіктірмей өтініш иесіне хабарланады.
4 4. Бір жолдық материалдық көмектің мөлшері
9 9. Бір жолдық материалдық көмек Департамент бастығының бұйрығымен материалды-тұрмыстық жағдайын тексеру актісіне сүйене отырып айлық бес есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
5 5. Бір жолдық материалдық көмек төлемі
10 10. Материалдық көмек төлемі "Қазақстан Халық жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамы арқылы өтініш берушілердің дербес шоттарына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргізіледі.
6 6. Қаржылау тәртібі
11 11. Департамент Қалалық қаржы басқармасына, бекітілген кестеге сәйкес, қаржылауға тапсырысты және материалдық көмекті алушылардың тізімін ұсынады.
12 12. Қалалық қаржы басқармасымен несиелеуді ашу ұсынылған мәліметтерді тексергеннен кейін кесте бойынша жүргізіледі.
28 "Алматы қаласында тұратын
аса мұқтажды азаматтарға
бір жолдық материалдық көмек
көрсету туралы" Қағидасына
N 1 қосымша
📌 Ескерту. 1 қосымша өзгерді - Алматы қалалық Әкімшілігінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 3/470 қаулысымен.
_____________ аудандық еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
орталығының бастығы
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
өтініш берушінің аты-жөні
Мекен-жайы ___________________
________________________ауданы
тел___________ СТН____________
Жеке басы куәлігінің N________
зейнетақылық куәлік___________
Халық Банкінің филиалы________
дербес шотының N _____________
ӨТІНІШ
Сіздің маған (менің отбасыма)________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
байланысты бір жолдық материалдық көмек көрсетуіңізді сұраймын.
Отбасым ________ адамнан тұрады.
Мынадай табысым бар:
1. зейнетақы (жәрдемақы) _______ теңге
2. арнайы мемлекеттік жәрдемақы ______ теңге
3. арнайы қалалық жәрдемақы ________ теңге
4. жалақы _______ теңге
5. басқа табыс ________ теңге
Өтінішке қосымша: __________________________________________
_________________________________________________ тапсырамын.
Жалған ақпарат пен күмәнді (жасанды) құжаттарды ұсынғаным үшін
жауапқа тартылатыным туралы ескерту жасалды.
"___" ___________ ____ жылы _____________________
дата өтініш берушінің қолы
29 "Алматы қаласында тұратын
аса мұқтажды азаматтарға
бір жолдық материалдық көмек
көрсету туралы" Қағидасына
N 2 қосымша
📌 Ескерту. 2 қосымша өзгерді - Алматы қалалық Әкімшілігінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 3/470 қаулысымен.
Азаматтың материалды-тұрмыстық жағдайын тексеру
АКТІСІ
"___"___________ _____ жылы
Аты-жөні_________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(мекен жайы, телефон, аудан)
_________________________________________________________________
туған жылы, жеке бас куәлігінің (ораламандарға - мәртебесін
растайтын құжат)
______________________________
зейнетақы кітапшасының N
_________________________________________________________________
мүгедектік тобы; санаты: жеткен жасы бойынша, мүгедектігі бойынша,
асыраушысынан айырылған жағдайы бойынша зейнетақы жәрдемақы алушы,
Ұлы Отан соғысының мүгедегі, көп балалы ана және т.б.
_________________________________________________________________
банк филиалы дербес шоты СНТ
Арыз берушінің өтініші __________________________________________
_________________________________________________________________
(мұқтаждығы)
Зейнетақы жәрдемақы мөлшері ___________ теңге
Арнайы мемлекеттік қалалық жәрдемақы мөлшері _________ теңге
Барлығы ____________ теңге
Отбасының құрамы ________ адам
Бірге тұратындар ________________________________________________
(туыстық қатысы, аты-жөні, туған жылы,табысы)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері ___________ теңге
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек мөлшері ______ теңге
Отбасының жиынтық табысы _________ теңге
Жан басына шаққандағы орташа ___________ теңге
Азаматтың тұрмыс жағдайы ________________________________________
Бөлме саны, жалпы тұрғын көлемі
Суды есептеуіш құралдары ________________________________________
Отын түрі _______________________________________________________
Коммуналдық қызмет төлемдерінің сомасы __________________________
Коммуналдық қызмет қарыздарының бар-жоқтығы _____________________
Жұмыспен қамту орталығының мәліметтері __________________________
_________________________________________________________________
Материалдық көмек алуға _________________________________________
_________________________________________________________________
(мұқтаждығы немесе мұқтаж еместігі)
Аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталығының бастығы
_________________________________________________________________
қолы Аты-жөні
Зейнеткерлерге қызмет көрсету жөніндегі аумақтық Орталығының
директоры _______________________________________________________
қолы Аты-жөні
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі жұмыскер _____________________________
қолы Аты-жөні
М.О.