О признании утратившими силу некоторых приказов Министра образования и науки Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых приказов Министра образования и науки Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 464
- Қабылданған күні
- 10.09.2021
- Көрсетілген редакция
- 10.09.2021 158543_537593.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100024340
- ЭКБ идентификаторы
- 158543
- Редакция идентификаторы
- 158543_537593
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:47
0 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3
3) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аяқталғанда күшіне енеді.
1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 464
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
1
1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 718 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12775 болып тіркелген).
2
2. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 720 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12974 болып тіркелген).
3
3. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 718 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2017 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15146 болып тіркелген).
4
4. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 720 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрініңт 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 190 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15154 болып тіркелген).
5
5. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 718 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 30 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18241 болып тіркелген).