Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об общественном совете содействия региональному фонду по поддержке малообеспеченных граждан

Өзге акт · № 168 · қабылданған 27.05.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1586/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об общественном совете содействия региональному фонду по поддержке малообеспеченных граждан Күшін жойған 27.05.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об общественном совете содействия региональному фонду по поддержке малообеспеченных граждан

Күшін жойған Өзге акт № 168 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об общественном совете содействия региональному фонду по поддержке малообеспеченных граждан
Атауы (қаз.)
Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорға көмектесетін қоғамдық кеңес туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
168
Қабылданған күні
27.05.1998
Көрсетілген редакция
27.05.1998 1586_253759.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98P000040_
ЭКБ идентификаторы
1586
Редакция идентификаторы
1586_253759
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:42
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорға көмектесетін қоғамдық кеңес туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Әділет департаментінің 2004 жылғы 20 қыркүйектегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативті құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы қорытындысымен.
Облыстың мемлекеттік, коммерциялық және қоғамдық құрылымдары басшыларының аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қолдаудағы іс-қимылдарын біріктіру және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы желтоқсанның 10-дағы «Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі жалпы ұдттық қор туралы» № 3791 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында:

1. Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорға көмектесетін қоғамдық кеңес құрылсын.

2. Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі аумақтық қорға көмектесетін қоғамдық кеңесінің құрамы мен ол туралы Ереже бекітілсін (1, 2-қосымшалар).

3 Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорға көмектесетін қоғамдық кеңестің ҚҰРАМЫ

Облыс әкімінің 1998 жылғы
«28» мамырдағы № 168 шешіміне
1-қосымша
Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорға көмектесетін қоғамдық кеңестің ҚҰРАМЫ
Жақиянов Ғ.Б. – облыс әкімі, төраға
Түменова Б.Н. – облыс әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, төрағаның орынбасары
Кеңес мүшелері:
Бұтабаева Р.Б. – облыстық Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамының төрағасы
Даржуман Қ.Б. – Қазақстан халықтары кіші Асамблеясы төрағасының орынбасары
Ким В.П. – облыстық сауықтыру орталығының меңғерушісі
Мамедов Г.А. – «Вторчермет» АҚ-ның бас директоры
Панов Ю.В. – соғыс және еңбек ардагерлері облыстық кеңесінің төрағасы
Шершнева В.В. – облыс әкімі аппараты бөлімінің консультанты, облыстық әйелдер кеңесінің төрағасы

4 Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорға көмектесетін қоғамдық кеңес туралы

Облыс әкімінің 1998 жылғы
«28» мамырдағы № 168 шешіміне
2-қосымша
Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорға көмектесетін қоғамдық кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау жөніндегі аймақтық қорға көмектесетін қоғамдық кеңес (әрі қарай - Кеңес) облыс әкімі жанындағы аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау саласындағы аймақтық саясат принциптерін белгілейтін кеңес беру-кеңесу органы болып табылады.
Кеңестің негізгі міндеттері мен қызметінің бағыттары:
еңбек ұжымдарының қызметін үйлестіреді және өз ерікімен берілген садақалар мен қайырымдылық көмек ретіндегі қаржының қорға түсуіне бақылау жасайды;
әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға қамқорлық көрсетеді;
азаматтардың материалдық көмек көрсету жөніндегі өтініштерін қарайды;
облыстық қоғамдық қордың облыстың аз қамтамасыз етілген азаматтарымен жүргізетін жұмысына талдау жасайды;
Қазақстан Республикасының заң қағидаттарына қайшы келмейтін басқа да мәселелерді шешеді;
Кеңесті облыс әкімі басқарады. Кеңестің құрамына мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өкілдері кіреді.
Кеңестің жеке құрамы мен осы Ереже облыс әкімінің шешімімен бекітіледі.
Кеңес мәжілістері қажетіне қарай өткізіледі.
Осы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар Кеңестің ұсынуы бойынша облыс әкімінің шешімімен енгізіледі.