Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О создании областных служб гражданской обороны и чрезвычайных ситуаций

Өзге акт · № 180 · қабылданған 01.06.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1587/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О создании областных служб гражданской обороны и чрезвычайных ситуаций Күшін жойған 01.06.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О создании областных служб гражданской обороны и чрезвычайных ситуаций

Күшін жойған Өзге акт № 180 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании областных служб гражданской обороны и чрезвычайных ситуаций
Атауы (қаз.)
Облыстық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтерді құру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
180
Қабылданған күні
01.06.1998
Көрсетілген редакция
01.06.1998 1587_253716.kaz
Соңғы өзгеріс
01.06.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98P000041_
ЭКБ идентификаторы
1587
Редакция идентификаторы
1587_253716
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:41
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыстық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтерді құру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Әділет департаментінің 2004 жылғы 20 қыркүйектегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативті құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы қорытындысымен.
Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың қалдықтарын жою жөніндегі шаралардың облыс аумағында орындалуын қамтамасыз ету мақсатында:

1. Облыстық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі мынадай қызметтер құрылсын:

хабарландыру және байланыс қызметі – құрамына «Почта байланыстары» облыстық мемлекеттік кәсіпорнын, «Арна» облыстық телерадиокампаниясын, облыстық теледидар хабарларын тарату орталығын, «Ирбис», «КТК-7» телерадиокомпанияларын кіргізіп, облыстық телекоммуникациялар дирекциясының негізінде;
қоғамдық тәртіпті қорғау қызметі – облыс ішкі істер басқармасының негізінде;
өрт қауіпсіздігі қызметі – облыс мемлекеттік өрт қауіпсіздігі қызметінің негізінде;
медициналық қызмет – құрамына ведомстволық қарамақтары мен меншік нысандарына қарамастан облыстың барлық медициналық мекемелері кіргізіліп, денсаулық сақтау департаменті негізінде;
инженерлік қызмет - құрамына ведомстволық қарамақтары мен меншік нысандарына қарамастан барлық құрылыс және жобалау ұйымдары кіргізіліп, «Трансстрой» акционерлік қоғамының негізінде;
сауда және тамақтандыру қызметі – құрамына меншік нысандарына қарамастан облыстың барлық сауда кәсіпорындарының кіргізіп, индустрия, көлік және коммуникациялар департаменті негізінде;
жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі – ауыл шаруашылығы департаменті негізінде;
жанар-жағар май қызметі – құрамына меншік нысанына қарамастан «Ақсумұнайөнімдері», «Уәлихановмұнайөнімдері», «Қалқаманмұнайөнімдері», «Тобылжанмұнайөнімдері», «Екібастұзмұнайөнімдері», «Шарбақтымұнайөнімдері» акционерлік қоғамдарын, жанар-жағар май сақтайтын және оны өткізумен айналысатын кәсіпорындарды кіргізіп, «Павлодармұнайөнімдері» акционерлік қоғамының негізінде;
энергетика қызметі – құрамына меншік нысанына қарамастан барлық энергетика объектілерінің кіргізіп, индустрия, көлік және коммуниакациялар департаменті негізінде;
техникалық қызмет – ведомстволық қарамақтарына және меншік нысанына қарамастан жөндеу кәсіпорындарын қатыстырып, «Агротехника» акционерлік қоғамының негізінде;
жолдар мен көпірлер қызметі – құрамына меншік нысанына қарамастан барлық жол-көпір кәсіпорындары мен ұйымдарын кіргізіп, «Павлодаравтожол» қазналық кәсіпорны негізінде.

2. Облыстық қызметтердің басшылары мен олардың орынбасарлары қосымшаға сәйкес бекітілсін және оларға қызметтерді ұйымдастыру мен олардың дайындығы, жеке құраммен қамтамасыз етілуіне, техникамен және мүлікпен жабдықьһталуы үшін жеке жауапкершілік жүктелсін.

Қызметтердің міндеттері, ұйымдастырылуы мен іс-кимылдары туралы Ережеді анықталсын.

3. Қызметтердің бастықтары 1998 жылғы маусымның 25-не дейін «Қызметтер туралы Ережелерге» түзетулер енгізетін болсын.

4. Қалалар мен аудандардың әкімдері 1998 жылғы маусымның 25-не дейін қалалық (аудандық) азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтерді анықтап, тиісті шешімдер қабылдасын.

5 Облыстық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің бастықтары мен олардың орынбасарларының

Облыс әкімінің 1998 жылғы
«2» маусымындағы № 180
шешіміне қосымша
Облыстық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің бастықтары мен олардың орынбасарларының
ТІЗІМІ
№ № р/р
Қызметтің аталуы
Қызметтің бастығы
Қызмет бастығының орынбасары
1
2
3
4
1.
Хабарландыру және байланыс
Облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры
«Почта байланысты» облыстық мемлекеттік кәсіпорнының бастығы
2.
Қоғамдық тәртіпті сақтау
Облыс ішкі істер басқармасының бастығы
Облыс ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары
3.
Өрт сөндіру
Облыс мемлекеттік өрт сөндіру басқармасының бастығы
Облыс мемлекеттік өрт сөндіру басқармасы бастығының орынбасары
4.
Дәрігерлік
Облыс денсаулық сақтау департаментінің бастығы
Облыс денсаулық сақтау департаменті бастығының
5.
Инженерлік
«Трансстрой» акционерлік қоғамының бас директоры
«Трансстрой» акционерлік қоғамы директорының орынбасары
6.
Сауда және тамақтандыру
Облыс индустрия, көлік және коммуникациялар департаменті рынок мониторингі бөлімінің бастығы
«Павлодарбакалея» акционерлік қоғамының президенті
7.
Жануарлар мен өсімдіктері
Облыс ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы
Облыс ауыл шарушылығы департаменті бастығының орынбасары
8.
Жанар-жағар май
«Павлодар мұнай өнімдері» акционерлік қоғамының президенті
«Павлодар мұнай өнімдері» акционерлік қоғамының вице-президенті
9.
Энергетики
Облыс индустрии, көлік және коммуникациялар департаменті отын-энегетикалық кешені бөлімінің бастығы
Облыс индустрия, көлік және коммуникациялар департаменті бөлімі бастығының орынбасары
10.
Техникалық
«Агротехника» акционерлік қоғамының президенті
«Агротехника» акционерлік қоғамының вице-президенті
11.
Жол және көпірлер
«Павлодаравтожол» ҚК-ның директоры
«Павлодаравтожол» ҚК-ы директорының орынбасары