Об установлении льготного проезда на регулярном городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям граждан города Актобе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении льготного проезда на регулярном городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям граждан города Актобе
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына тұрақты қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4595
- Қабылданған күні
- 01.09.2021
- Көрсетілген редакция
- 03.04.2024 158724_694484.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21CA024355
- ЭКБ идентификаторы
- 158724
- Редакция идентификаторы
- 158724_694484
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:58
0 Ақтөбе қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына тұрақты қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 31 баптарына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Ақтөбе қаласы азаматтарының келесідей жекелеген санаттарына меншіктің барлық түріндегі тұрақты қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тегін жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:
1 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
2 2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
3 3) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
4 4) «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға;
5 5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;
6 6) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;
7 7) мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға:
бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
мүгедектігі бар балалар.
2 2. Ақтөбе қаласы азаматтарының келесідей жекелеген санаттарына меншіктің барлық түріндегі тұрақты қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүру ақысының 50% мөлшерінде жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:
1 1) жасына байланысты зейнеткерлерге;
2 2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға.
3 3. Қалалық бюджет қаржыландыру көзі болып айқындалсын.
4 4. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.Уристемова) қалалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5 5. «Ақтөбе қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ж.Кусмухамбетов) жеңілдікпен жол жүру карталарын дайындауды қамтамасыз етсін.
6
6. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М.Тұрмағамбетова) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалынан жоғарыда көрсетілген азаматтардың тізімдерін алуды қамтамасыз етсін.