Об объявлении чрезвычайной ситуации Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төтенше жағдайды жариялау туралы Облыстың орман және далалық алқаптарында қиын өрт жағдайы қалыптасып отыр. Биылғы жылы 80-нен астам табиғи өрттер тіркелді, оны сөндiру үшін қосымша күш пен материалдық-техникалық ресурстарды тартуға тура келді. Сонымен бірге өрт сөндіруге арналған күш және құралдардың техникалық жағынан жеткіліксіз жабдықталуы, сондай-ақ жану-жағар май материалдары қорының болмауы өрт ошақтарын анықтап, оны дер кезiнде жоюға мүмкiндiк бермеуде. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы", "Өрт қауіпсіздігі туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Облыс аумағында табиғи өрттен қалыптасқан жағдай төтенше деп жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия (Качало) тұрғындар мен аумақтарды қорғауға, төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға ұйымдардан қажетті материалдық-техникалық ресурстарды тартсын, құтқару жұмыстарын жүргізсін, қажет болған жағдайда табиғи өрт аймағынан тұрғындарды уақытша көшірсін.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) жергiлiктi атқарушы органдар резервінен 19 млн. теңге бөлсін, оның:
Тармақша 1
1) 14 млн. теңгесі облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға, соның ішінде мұның: 5 млн. теңгесі өрт шекараларын анықтау, iс-қимылдарды үйлестiру, адамдар мен материалдық құндылықтарды көшiру мақсатындағы барлаулық ұшуға әуе техникаларын пайдалануға; 4 млн. теңгесі табиғи өрт аймақтарына күш пен құралдарды жеткiзуге, жану-жағар май материалдарын сатып алуға және басқа болжанбаған жағдайларға; 5 млн. теңгесі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Космостық зерттеу институтымен бірлесіп, облыс аумағындағы табиғи өрттерге космостық мониторинг ұйымдастыруға бағытталсын;
Тармақша 2
2) 5 млн. теңгесін ірі көлемдегі өрттерді жою үшін бөлiмшелердi құрал-жабдықпен және техникамен қосымша жабдықтау үшін облыстық мемлекеттік өртке қарсы қызметке бөлсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.П. Качалоға жүктелсiн.