Құжат мәтініне өту

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Балхаш

Өзге акт · № 6/46 · қабылданған 19.07.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-158909/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Балхаш Қолданыста Өзге акт ·№ 6/46 ·19.07.2021
26.04.2023 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Балхаш

Қолданыста Өзге акт ·№ 6/46 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Балхаш
Атауы (қаз.)
Балқаш қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6/46
Қабылданған күні
19.07.2021
Көрсетілген редакция
26.04.2023 158909_627606.kaz
Соңғы өзгеріс
26.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21KD023713
ЭКБ идентификаторы
158909
Редакция идентификаторы
158909_627606
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:32

0 Балқаш қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының

мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1 бабының 2 тармағына сәйкес, Балқаш қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесі 1, 2 қосымшаларға сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Тұрғын үй сертификатының мөлшері

Балқаш қалалық
мәслихатының
2021 жылғы 19 шілдедегі
№6/46
шешіміне 1 қосымша
Тұрғын үй сертификатының мөлшері

1 1. Әрбір алушы үшін қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1,5 (бір миллион бес жүз мың) миллион теңгеден артық емес.

2 2. Әрбір алушы үшін қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1,5 (бір миллион бес жүз мың) миллион теңгеден артық емес.

1 Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

Балқаш қалалық
мәслихатының
2021 жылғы 19 шілдедегі
№6/46
шешіміне 2 қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

Атауы
1.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
1-1.
Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
1-2.
Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
2.
Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
3.
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
4.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы №ҚР ДСМ-14 бұйрығымен бекiтілген аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
5.
Жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
6.
Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
7.
Қандастар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
8.
Экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
9.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
10.
Мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
11.
Толық емес отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

Қолданыстағы