О реорганизации некоторых государственных учреждений
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации некоторых государственных учреждений
- Атауы (қаз.)
- Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 210
- Қабылданған күні
- 13.09.2021
- Көрсетілген редакция
- 13.09.2021 159119_539659.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21T000210A
- ЭКБ идентификаторы
- 159119
- Редакция идентификаторы
- 159119_539659
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:46
0 Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 45, 46-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 130-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) оған «Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Мекеме туралы ереже бекітілсін.
3 3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес өткізу актісі бекітілсін.
4
4. Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының «Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) болып өзгертілсін және әділет органдарында қайта тіркеуден өткізілсін.
5 5. «Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен Орталықтың жарғысын бекітуге және өзгерістер мен толықтырулар енгізуге өкілеттік берілсін.
6 6. Мекеменің келесі құрылымы бекітілсін:
1 1) басшы;
2 2) басшының орынбасары;
3 3) Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі;
4 4) қаржы және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі;
5 5) ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдары мониторингі бөлімі;
6 6) қоғамдық-саяси жұмыс бөлімі;
7 7) талдау және мониторинг бөлімі;
8 8) этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлім;
9 9) ақпараттық-талдамалық жұмыс бөлімі;
10 10) жастар және әлеуметтік бастамаларды қолдау бөлімі.
7 7. Осы қаулының 3-косымшасына сәйкес облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.
8 8. «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы» және «Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.
9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.Қ. Хаменоваға жүктелсін.
10 10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
21 «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Атырау облысы әкімдігінің
2021 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 210 қаулысына 1-қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2021 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 210 қаулысымен бекітілген
«Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1 1. Жалпы ережелер
1 1. «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2 2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4 4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5 5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6 6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7 7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8 8. Басқарманың орналасқан жері: 060010, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй.
9 9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
10 10. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
11 11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді Басқарманың орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
12 12. Мақсаттары:
1 1) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру;
2 2) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
3 3) Қазақстан халқының бірлігін нығайту;
4 4) Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
5 5) Қазақстан халқының дәстүрлерін, тілдері мен мәдениетін сақтау және дамыту;
6 6) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
13 13. Өкілеттіктері:
1 1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде орындалуға міндетті құқықтық актілер қабылдауға;
тиісті ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан және басқалардан ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы;
қолданыстағы заңнамалық актілерде және осы Ереженің функцияларында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2 2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтау;
Басқармаға жүктелген функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
Басқармаға келіп түскен шағымдар мен өтініштерді қарау;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
14 14. Функциялары:
1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды;
2
2) өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесі негізінде өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлейді;
3 3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
4 4) уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады;
5 5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын және іске асырылатын тақырыптары мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды облыстық әкімдіктің интернет-ресурстарында орналастырады;
6 6) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді;
7 7) Қазақстан Республикасы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді жинайды, қорытады және уәкілетті органға ұсынады;
8 8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оператор арқылы гранттар береді;
9 9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
10 10) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушыларға бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат береді;
11 11) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңының 14-бабына сәйкес Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ұйымдастырады;
12 12) өзекті проблемаларды анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін мониторинг жүргізуді және жастардың қажеттіліктерін бағалауды қамтамасыз етеді;
13 13) жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді, еңбек нарығының және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастырады;
14 14) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдеседі;
15 15) жастар ресурстық орталықтарының қызметін қамтамасыз етеді және үйлестіреді;
16 16) өңірлік жастар форумын өткізуді қамтамасыз етеді;
17 17) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылықты нығайту жөнінде шаралар қолданады;
18 18) Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады;
19 19) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін, жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3 3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
15 15. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
16 16. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
17 17. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
18 18. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
1 1) Басқарманың жұмысына басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
2 2) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
3 3) өзінің орынбасарлары мен Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
4 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5 5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6 6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;
7 7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;
8 8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
9 9) Заңнамаға сәйкес Басқарма мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
19 19. Басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4 4. Басқарманың мүлкі
20 20. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
21 21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22 22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5 5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23 23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
1 1. «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2 2. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3 3. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Атырау қаласының Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
1 1. «Атырау - Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2 2. «Атырау - Жас отау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
91 Табыстау актісі
Атырау облысы әкімдігінің
2021 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 210 қаулысына 2-қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2021 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 210 қаулысымен бекітілген
Табыстау актісі
1
1. Осы актімен Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 46, 47-баптарына сәйкес «Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқықтық мирасқорлық бойынша барлық құқықтары мен міндеттемелерінің «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне берілуін растаймыз.
2 2. Қосу жолымен қайта ұйымдастырылған «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша активтер мен пассивтер беріледі:
Активтер
Сомасы (мың.теңге)
І.Қысқа мерзімді активтер
Ақшалай қаражаттар
010
126 382,0
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар
011
Қысқа мерзімді
012
Қорлар
013
Ағымдағы салық активтері
014
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер
015
Басқа да қысқа мерзімді активтер
016
Қысқа мерзімді активтер жиынтығы
100
126 382,0
ІІ.Ұзақ мерзімді активтер
Ұзақ мерзімді қаржы инвестициялар
020
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
021
Үлестік қатысу тәсілімен ескерілетін инвестициялар
022
Инвестициялық жылжымайтын мүлік
023
Негізгі құралдар
024
21 103,6
Биологиялық активтер
025
Барлау және бағалау активтері
026
Материалдық емес активтер
027
1 441,0
Кейінге қалдырылған салық активтері
028
Басқа да ұзақ мерзімді активтер
029
Ұзақ мерзімді активтер жиынтығы
200
22 544,6
Теңгерім (стр.100+стр.200)
148 926,6
ІІІ.Қысқа мерзімді міндеттемелер
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер
030
Салықтар бойынша міндеттемелер
031
Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер
032
Қысқа мерзімді кредиторлық берешектер
033
Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері
034
Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер
035
Қысқа мерзімді міндеттемелер жиынтығы
300
ІV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
040
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектер
041
Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері
042
Кейінге қалдырылған салықтық активтері
043
Басқа да ұзақ мерзімді міндеттемелер
044
Ұзақ мерзімді міндеттемелер жиынтығы
400
V.Капитал
Жарғылық капитал
050
Төленбеген капитал
051
Сатып алынған меншікті үлестік құралдар
052
Эмиссиялық табыс
053
Резервтер
054
Бөлінбеген пайда (өтелмеген шығын)
055
Пайда жиынтығы (залал жиынтығы)
056
Жинақталған қаржылық нәтиже
412
Таза активтер/капитал жиыны
500
Теңгерім (стр.100+ стр.200)
148 926,6
«Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Активтер
Ғимараттар (Қызметтік пәтер, Атырау қ. Нұрсая ықшам ауданы 61 үй, 5 пәтер)
1
Машиналар мен жабдықтар
24
Аспаптар, өндірістік және шаруашылық мүкәммалы
70
Көлік құралдары
1
Өзге негізгі құралдар
1
Материалдық емес активтер
4
Барлық активтер
101
Материалдар мен өнімдер (теңге)
-
Шаруашылық тауарлары
-
Отын, жанар-жағармай (ЖЖМ)
-
Басқа да материалдар
-
Барлық материалдар мен өнімдер
-
Тапсырды:
«Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Басқарма басшысының у.м.а.: __________________ А. Ахметов
Бас маман-есепшінің м.а.: ________________ Д. Нығымет
Қабылдады:
«Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Басқарма басшысы: __________________ Қ. Әзмұханов
Бас маман: ________________ А. Алибаева
94 Атырау облысы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі
Атырау облысы әкімдігінің
2021 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 210 қаулысына 3-қосымша
Атырау облысы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі