Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах вывоза сельскохозяйственных животных

Бұйрық · № 285 · қабылданған 01.10.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-159126/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О некоторых вопросах вывоза сельскохозяйственных животных Күшін жойған Бұйрық ·№ 285 ·01.10.2021
10.01.2022 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.01.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах вывоза сельскохозяйственных животных

Күшін жойған Бұйрық ·№ 285 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах вывоза сельскохозяйственных животных
Атауы (қаз.)
Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
285
Қабылданған күні
01.10.2021
Көрсетілген редакция
10.01.2022 159126_555631.kaz
Соңғы өзгеріс
10.01.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100024593
ЭКБ идентификаторы
159126
Редакция идентификаторы
159126_555631
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:30

0 Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабының 2-тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ көрсетілген Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1 1. Қазақстан Республикасының аумағынан алты ай мерзімге әкетуге тыйым салынған тауарлардың тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) заңнамада белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссияны осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша шаралар қабылдау туралы хабардар етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – МКК) ветеринариялық сертификаттары болған жағдайда тауарларды кедендік рәсімдеуді жүзеге асырсын.

4 4. Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті МКК-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

5 5. Министрліктің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бірлескен бұйрықтың Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

6 6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және қаржы вице-министрлеріне жүктелсін.

7 7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі

10 Қазақстан Республикасының аумағынан алты ай мерзімге әкетуге тыйым салынған тауарлардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 1 қазандағы № 1006 мен
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2021 жылғы 1 қазандағы № 285
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағынан алты ай мерзімге әкетуге тыйым салынған тауарлардың тізбесі
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауарлық номенклатурасының коды
Тауардың атауы*
0102 21 100 0
0102 21 300 0
0102 21 900 0 - ден**
0102 29 210 0 - ден**
0102 29 290 0
0102 29 410 0 - ден**
0102 29 490 0
0102 29 510 0
0102 29 610 0
0102 29 690 0
0102 29 910 0 - ден**
0102 29 990 0 - ден**
Ірі қара малдың аналық басы
0104 10 100 0
0104 10 300 0
0104 10 800 0
0104 20 100 0
0104 20 900 0
Ұсақ малдың аналық басы
Ескертпе:
* Тыйым салуды қолдану мақсаттары үшін тауарлар тек қана Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) кодтарымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы етіп келтірілген.
** Тыйым салуды қолдану мақсаттары үшін тауарлар ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарымен де, тауарлардың атауларымен де айқындалады.

Қолданыстағы