Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей для участия в сходе местного сообщества села Сатай Узункольского района Костанайской области

Ереже · № 63 · қабылданған 24.09.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-159167/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей для участия в сходе местного сообщества села Сатай Узункольского района Костанайской области Күшін жойған Ереже ·№ 63 ·24.09.2021
24.12.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей для участия в сходе местного сообщества села Сатай Узункольского района Костанайской области

Күшін жойған Ереже ·№ 63 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей для участия в сходе местного сообщества села Сатай Узункольского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
63
Қабылданған күні
24.09.2021
Көрсетілген редакция
24.12.2021 159167_553847.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21NS00063M
ЭКБ идентификаторы
159167
Редакция идентификаторы
159167_553847
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:37

0 Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Сатай ауылының әкімі
___________ Ю. Новотеева
2021 жылғы «24» қыркүйек

4 Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Мәслихаттың
2021 жылғы «24» қыркүйектегі
№ 63 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылының тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылының тұрғындары үшін
41

5 Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

Мәслихаттың
2021 жылғы «24» қыркүйектегі
№ 63 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Сатай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Сатай ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Сатай ауылының аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды Сатай ауылының әкімі шақырады.

Ұзынкөл ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

Бөлек жиындарды шақыру туралы хабарлау міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырылады, бұқаралық ақпарат құралдарына қосымша байланыстың өзге де тәсілдері қолданылуы мүмкін.

5 5. Сатай ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді ауыл әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Сатай ауылының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарына тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Сатай ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Ұзынкөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Сатай ауылының тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Сатай ауылының әкімінің аппаратына береді.

Қолданыстағы