Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах проведения дактилоскопической регистрации в Республике Казахстан

Қаулы · № 702 · қабылданған 04.10.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-159194/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О некоторых вопросах проведения дактилоскопической регистрации в Республике Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 702 ·04.10.2021
04.10.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах проведения дактилоскопической регистрации в Республике Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 702 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах проведения дактилоскопической регистрации в Республике Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық тіркеу жүргізудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
702
Қабылданған күні
04.10.2021
Көрсетілген редакция
04.10.2021 159194_540311.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000702
ЭКБ идентификаторы
159194
Редакция идентификаторы
159194_540311
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:29

0 Қазақстан Республикасында дактилоскопиялық тіркеу жүргізудің

кейбір мәселелері туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 183 қаулысымен бекітілген Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату ережесінің 3-тармағы 1-бөлігінің қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«3. Босқын мәртебесін беру туралы шешімді уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссияның ұсынуы бойынша босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат тіркелген күннен бастап үш ай ішінде қабылдайды.».

2

2. «Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, босқын куәлігінің үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысының мынадай ережелерінің қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматы паспортының үлгісінде:
«2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын қорғауға қойылатын талаптар» деген бөлімде:
1-тармақтың екінші бөлігі, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада қорғалған түрде Қазақстан Республикасының азаматы паспортының иесі туралы графикалық және мәтіндік ақпарат сақталады.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің үлгісінде:
«2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін қорғауға қойылатын талаптар» деген бөлімде:
1-тармақтың екінші бөлігі, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада қорғалған түрде Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің иесі туралы графикалық және мәтіндік, оның ішінде оның заңды мекенжайы туралы ақпарат, оның фотобейнесі және қолы сақталады.»;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың үлгісінде:
«2. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты қорғауға қойылатын талаптар» деген бөлімде:
1-тармақтың екінші бөлігі, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада қорғалған түрде шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың иесі туралы графикалық және мәтіндік, оның ішінде оның заңды мекенжайы туралы ақпарат, оның фотобейнесі және қолы сақталады.»;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің үлгісінде:
«2. Азаматтығы жоқ адамның куәлігін қорғауға қойылатын талаптар» деген бөлімде:
1-тармақтың екінші бөлігі, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада қорғалған түрде азаматтығы жоқ адамның куәлігінің иесі туралы графикалық және мәтіндік ақпарат сақталады.»;
5) көрсетілген қаулымен бекітілген босқын куәлігінің үлгісінде:
8-тармақ, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«8. Босқын куәлігінің 9-11-беттері ерекше белгілерді енгізуге арналған. Беттердің жоғары жағында қазақ және орыс тілдерінде (№ 21 сурет):
«Ерекше белгілер
Особые отметки»
деген жазу орналасқан.».

3

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларының 3-тармағы 11) тармақшасының және 5-тармағы бесінші бөлігінің қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

4 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысымен бекітілген Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларының дактилоскопиялық тіркеуді жүргізу бөлігінде 2 және 4-тарауларының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.

5 5. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы